7


  • Учителю
  • Урок казахского языка на тему 'Ә дыбысы' (2 класс)

Урок казахского языка на тему 'Ә дыбысы' (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ә дыбысының айтылу, жазылу ерекшеліктерін қайталау. Қазақ тіліне тән ә дыбысын жете меңгерту.Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.Дамытушылық: Қазақ тіліне ға
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ә дыбысының айтылу, жазылу ерекшеліктерін қайталау. Қазақ тіліне тән ә дыбысын жете меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қазақ тіліне ғана тән ә дыбысының оқылу, айтылу, жазылу заңдылықтарын жете түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ә дыбысы туралы мәлімет беру.

Оқушының ана тілінде ә дыбысы туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сөздікпен жұмыс:

- мұғалім бірнеше рет оқиды, түсіндіреді;

- оқушылар мұғалімнен кейін жаңа сөздерді қайталап айтып отырады;

- жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады;

- сурет бойынша жұмыс;

- оқылым;

- жазылым.

1. Ә дыбысына байланысты қайталау жұмысын жүргізу.

2. Ә дыбысына берілген сөздермен тақта алдында жұмыс жүргізу. Оқушыларды сауатты, көркем жазуға баулу мақсатын көздеп жұмыс жасау.

3. Оқылым. Мәнерлеп оқуға төселдіру.

4. Тапсырма бойынша әр балаға жеке-жеке тапсырма беру. Олардың әрқайсысына жеке-жеке көмек көрсету. Сұрақ -жауап жасату.

5. Жазылым. 5-тапсырма бойынша жеке жұмыс жасату. Тақта алдында жұмыс жасап, тапсырманы тексеру.

6. Сөйлесім әрекетін жандандыру мақсатында сөйлемдерді оқытып, мағынасын түсіндіру.

7. «Есіңде сақта!» атты тапсырмамен практикалық жұмыс жүргізу. Әр оқушыны қимылын жалғастыра сөйлету тілдесім әрекетіне жетелеу.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

а) ә дыбысна мысалдар айтқызу;

ә) ә дыбысына үш сөзден дәптерлеріне жазғызу;

б) 3-4 оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту;

в) сұрақ-жауап жасау.

V. Үйге тапсырма.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал