7


  • Учителю
  • 'Білімдіге - дүние жарық' қазақ тілінен сайыс

'Білімдіге - дүние жарық' қазақ тілінен сайыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Білімдіге - дүние жарық» сайысы

Құрметті Ұстаздар , оқушылар «Білімдіге - дүние жарық» атты сайысымыздың құрметті қонағы болыңыздар. Бұл сайыс 7-сыныптар арасында өтеді.


Қатысушыларды таныстыру: 7-сынып оқушылары - 3 топ


Топ аты: Жас ұлан

Ұраны: білімді, білгір ұланбыз,

Тәуелсіз елде тұрамыз.

7 «А» сыныбынан

Панарин Андрей

Лантух Ксения

Қозыбаева Алиса

Сакенов Данияр

Фердерер Михаил

7«Б» сыныбынан

Топ аты: Бірлік

Ұраны: Тәуелсіз бейбіт ел!

Мәңгіге жасасын!

Сейтбекова Айгерим

Рахманов Никита

Ахмадеева Ксения

Тюякпаев Тимирлан

Томилин Вадим

7 «В» сыныбынан

Топ аты: «Жұлдыз»

Ұраны: Оқу - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

Худайбергенова Нигина

Шаяхметова Алина

Панов Богдан

Байгазинов Алишер

Эминова Лейла

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру.

Міндеттері:

1. Оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

2. Мемлекеттік тілді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа

баулу.

3. Оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып,

ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Ұйымдастыру формасы: сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер


Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:

таныстыру

Мазмұны:

  1. Бәйге.

  2. Тіл өнері

  3. Жұмбақтар

  4. Тапқырлық

  5. Жорға

Алдымен ойынымызды бастамас бұрын командалар өздерін таныстырады.

Әр топ өздерінің атын айтып, командасын қорғайды - 5 ұпайдан

БІРІНШІ КЕЗЕҢ «БӘЙГЕ»
1. Интерактивті тақтада берілген сұрақтарға қай команда тез және толық жауап береді.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.
Сұрақтар:

1.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

2. 2014 жылы қысқы олимпиада ойындары қайда өтті?

3. Қазақстанның белгілі спортшыларын атаңдар.

4. Жақсылық Үшкемпіров қандай күрестің чемпионы?

5. ""Медеу" мұз айдыны қай қалада орналасқан?

6. Қандай ұлттық ойындарды білесің?

7. " Шахмат" ойынын қай ғасырдан бастап ойнаған ?

8. "Шахмат" ойыны қайда пайда болды?

9.Тейквондоның "штаб пәтері" қай елде орналасқан?

10. Футболдың әр командасында қанша ойыншыдан болады?

11. "Наурыз"қандай мереке?

12.Наурыз мерекесінде дайындалатын басты сусын не?

13. Түйенің сүтінен не жасалады?

14.Табиғат үшін жаңа жыл қашан басталады?


Енді сайысымыздың келесі «ТІЛ ӨНЕРІ» кезеңіне келдік.

Бұл кезеңде оқушыларға мақал- мәтелдер беріледі. Кезеңнің шарты мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.

1. Әр командаға бір-бір мақалдан ұсынылады. Егер мақалдың жалғасын білмесе, екінші командаға жауап беруге мүмкіндік беріледі.

1. «Отансыз - адам, ормансыз ....» (бұлбұл)

2. «Отан отбасынан ....» (басталады)

3. «Емнің алды - (еңбек)

4. «Жарлының байлығы- (денінің саулығы)

5. «Өнер алды - қызыл ...» (тіл)

6. (спорт) - денсаулық кепілі

7. «Шебердің .... алтын» (қолы)

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
«Жұмбақтар»

Бұл кезеңде жұмбақатар берілген. Оқушылар сан берілген ұяшықты таңдап, жауап берсе сол санды ұпайға алады.

  1. Ти десем, тимейді

Тиме десем, тиеді (ерін)

  1. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді,

Ауызы жоқ, ұлиды (боран)

  1. Судан алады,

Суға салса өледі (тұз)

  1. Алыстан қарасам, аппақ,

Татып қарасам тәтті-ақ (қант)

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама (кітап)

  1. Кездеспейді екеуі,

Көк аспанда мекені (ай мен күн)

  1. Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың (тышқан)

  1. Компьютермен енеді

Қағазды басып береді (принтер)

  1. Тетігін бассаң алаңсыз

Жазады қалам қағазсыз (компьютер)

  1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)

ІҮ КЕЗЕҢ

«ТАПҚЫРЛЫҚ»

Бұл кезеңде оқушыларға түрлі тақырыпқа суреттер берілген. Сол суреттерді атап, оқушылар 1-2 сөйлем құрастырып айтады.

Ү КЕЗЕҢ

«ЖОРҒА»

Бұл ойынның соңғы кезеңі. Оқушылар берілген сөйлемдерді толықтырып айтады.

1.Ұлыстың ұлы күні -

2. 9 мамыр -

3.Спорт түрлері-

4. Серік Қонақбаев қайда туды? -

5. Халықаралық әйелдер күні -

6. 1 мамыр -

7. Елбасы күні -

8. Қыстан кейін -

9. Ұлттық тағам -

10. Ұлттық валюта -

11.Мемлекеттік тіл -

12.Қыс жаңбыры -

13. Келе жатқан мереке -

14. Көп ұлтты -


Ойын соңында жеңімпаз топ грамотамен марапатталады, сыйлық беріледі.


Сау болыңыздар!


«Қостанай қаласы әкімдігінің №1 мектеп - лицейі» ММ












«Білімдіге - дүние жарық» сайысы


7-ші сыныптар








Дайындағандар: қазақ тілі мұғалімдері

Кәрібаева Г.Т.

Мұхамедқалиева Б.М.















Қостанай қаласы

2013-2014 о.ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал