7


  • Учителю
  • Олимпиадные задания по казахскому языку 10класс

Олимпиадные задания по казахскому языку 10класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

10 сынып



Мазмұндама

Түнде

Кешке қарай аспан да ақырын жылжиды, күндіз оқтын-оқтын соғып тұрған жел өз-өзінен жуасып, майда ғана қоңыр самалға айналады. Сөйтеді де бірден тына қалмайды.

Кең даланы қаптай өскен көкпеңбек егін салаларын үрлеп ойнайды, егін жай сабырмен толқып, теңгеледі. Дәл осы кезде ұшы - қиыры жоқ егіс даласы көк теңізге ұқсап, сабырмен шайқалып, тербеліп тұрғандай болады. Жол бойындағы бұталар анда -санда сілкініп, жапырақтары суыл қағып назданады.

Әлсін - әлсін ұшып -қонып шықылық қағатын торғайлар әлдеқалай дамыл тапқандай тына қояды. Көз алдында күн емес, шарға ұқсаған дөңгелек, қып -қызыл от сонау бір көкжиекке кіріп бара жатқандай. Осыдан кейін арқаның сирек кездесетін, әдемі, үнсіз, таза, мөлдір түні басталады. Дәл осы бір шақта сені жер үстіне бітетін барлық орман мен тоғай, мың түрлі шөп пен жемістер, гүлдер мен таулар,өзендер мен бұлақтар,көлдер мен теңіздер қоршап алып, алыстан ақырын ғана хош иісті лебімен желпігендей. Әуе әрі жұмсақ, әрі тәтті, көкірегіңді керіп, ішкі сарайыңды толтыра береді. Сен өмірде болмаған құмарлықпен жұта бересің. Шіркін, Көкшенің тынық түні, сені кім сүймес! (30 ұпай)



Тест сұрақтары

1. Шартты рай етістігін анықтаңыз.

  1. Барсам

  2. Бардым

  3. Бар

  4. Келгісі келді

  5. Келді

2. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті көрсетіңіз.

  1. Екеуіміз күн сайын оның болашақ суретіне сұлу қыз іздейміз.

  2. Бірақ өзінің де жатып- тұрғанын сезген жоқ.

  3. Көп көрген нұсқа, көп істеген ұста.

  4. Түрлі құстар құбылтып ән салып, бақшаны басына көтерді.

  5. Аласа ақшыл қайың, қызыл мойын кездеседі.



3. Мезгіл пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

  1. Далада қар бар.

  2. Олар Абаймен көп ақылдасты.

  3. Бостандық өздігімен келмейді.

  4. Ауыл жастары мұндай затқа қызықпайды.

  5. Бұлар қыста келіп кеткен.

4. Күмәнді ойды білдіретін қыстырма сөзді белгілеңіз.

  1. Меніңше

  2. Әлбетте

  3. Амал қанша

  4. Бәлкім

  5. Ақырында

5. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

  1. Бал

  2. Жан

  3. Алақай

  4. Жоқ

  5. Күз

6. «Қолы ашық» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

  1. Ашық

  2. Анық

  3. Жылдам

  4. Жомарт

  5. Белгілі

7. Айтылуы әр басқа, мағыналары бір сөздер қалай аталады.

  1. Кірме сөз

  2. Синоним

  3. Көп мағыналы сөз

  4. Антоним

  5. Омоним

8. Іс-әрекет, қимылдың жүзеге асуын көрсететін етістіктің түрін табыңыз.

  1. Салт

  2. Тұйық

  3. Сабақты

  4. Болымды

  5. Болымсыз



9. Фрозеологиялық тіркестің синонимін белгілеңіз.

Жүрегінің түгі бар.

  1. Қорқақ, шапшаң

  2. Тез, жылдам

  3. Арзан, қымбат

  4. Көп, мол

  5. Ержүрек, батыр.

10. Антоним болмайтын сөздерді табыңыз.

  1. Жылдам-ақырын

  2. Тез -баяу

  3. Терең -таяз

  4. Мықты- алыс

  5. Ақымақ- ақылды (20 ұпай)























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал