7


  • Учителю
  • Қазақ халқының салт –дәстүрлері. Шілдехана

Қазақ халқының салт –дәстүрлері. Шілдехана

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт -дәстүрлері. Шілдехана

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіру. Қазақ халқының салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі, өнеге алу. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қайталап, іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

2. Жоба жасау жұмысы арқылы шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, тілдік қорын молайту, алған білімін жаңа жағдайда пайдалана білуге баулу.

3. Қазақ халқының салт - дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. Еліміздің озық ойлы, кең өрісті азаматын тәрбиелеп, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ықпал ету.

Көрнекілік: - кесте «Қазақ халқының салт - дәстүрлері»

- кесте «Салалас құрмалас сөйлем»

- тест тапсырмалары

- слайдтар

- нақыл сөздер

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті оқушылар, әрбір халықтың өзіне тән ұлттық дәстүрі болған. Қазақ халқының да өзіне лайық қадір - қасиеті бар. Нақыл сөздерге көңіл бөлейік «Қазақтар - әдет - ғұрып, салт - сана, тіл жағынан біртұтас». (В.В. Радлов)

«Ата салты - асыл қазына». (Мақал)

II Жобаларын қорғау жұмысы

1) Сөздік жұмысы 63-ші бет

2) 1 слайд. «Шілдехана»

2 слайд. «Бесікке салу»

3 слайд. «Қырқынан шығару»

4 слайд. « Тұсау кесу»

5 слайд. «Тілашар»

3) Оқушылар инсерт кестесін толтырады.

4) Оқушылар жазғандарын оқып береді. (2-3)

5) «Бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер» деген тақырыпқа кесте құрастырады.

III Жаттығулар

1. «Құрмалас сөйлем» тақырыбын қайталау.

- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

- Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

- Салалас құрмалас сөйлем түрлерін айтып беріңдер.

- Ыңғайлас (қарсылықты) салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары қандай?

- Себеп - салдар - сондықтан, себебі, өйткені, неге десең

- Талғаулы - не, немесе, я, яғни, әлде, бірде

- Кезектес - біресе, кейде, бірде

2. «Шілдехана» мәтінінен құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

3. Екі себеп - салдар құрмалас сөйлем құрастырып, тұрлаулы мүшелерінің астын сызады.

Халқымызда бесік - қасиетті, құтты мүлік, сондықтан ол сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді, өйткені бұл - халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі.

IV Сахналық көрініс

«Бесікке салу» дәстүрі бойынша сахналық көріністің сценарийін жазу. Бесікке салу

Автор сөзі: Жаңа туған баланы бесікке салу ізгі дәстүр. Қазақ оны тойға ұластырады. Жас сәбидің ұйқысы тыныш болуы үшін бесікті аластайды.

Әже: Алас, алас, баладан алас

Алас, алас, пәледен қалас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас!

Автор сөзі: Анасы баланы бесікке салады. Содан соң «Бесік жырын» айтады да баланы тербетеді.

Ана: Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін...

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп

Батыр болар ма екенсің?

Домбыра алып қолыңа,

Өлең торлап ойыңа

Ақын болар ма екенсің?

Жылама, бала, жылама.

III Практикалық жаттығулар

3. Графикалық диктант

Мама

Младенец

Рубашка

Традиция

Праздник букваря

Праздник укладывания в колыбель

Праздник новорожденного

4. Тест тапсырмалары. I нұсқа

1. Салт - дәстүр деген сөзінің аудармасы

а) разрезание пут

ә) традиции- обычаи

б) праздник букваря

2. Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін... деген әнді қашан айтады?

а) шілдеханада

ә) сәбидің тұсауын кескенде

б) сәбиді бесікке салғанда

3. «Шілдехана» деген не?

а) ұлттық ойын

ә) салт - дәстүр

б) тұрақты тіркес

4. Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңдар.

а) біресе, кейде, бірде

ә) не, немесе, я, әлде, бірде

б) бірақ, алайда, дегенмен

в) сондықтан, себебі, өйткені, неге десең

5. Сөйлемнің түрін анықта. Қазақ отбасында қыздың орны үлкен, өйткені қызды ерекше құрметтейді.

а) кезектес салалас құрмалас

ә) ыңғайлас салалас құрмалас

б) себеп - салдар салалас құрмалас

6. Мақалды жалғастыр. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап ... .

а) қыз өсер

ә) бала өсер

б) немеренің баласы

7. Ата - ...

а) әкенің әкесі

ә) ұлдың баласы

б) ұлдың әкесі

4. Тест тапсырмалары. II нұсқа

1. «Бесікке салу» деген не?

а) ұлттық ойын

ә) салт - дәстүр

б) тұрақты тіркес

2. Шашу сөзінің аудармасы.

а) подарок, приносимый на торжества

ә) предания

б) традиция

3. Қаз, қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам... деген әнді қай тойда айтады?

а) шілдеханада

ә) сәбидің тұсауын кескенде

б) сәбиді бесікке салғанда

4. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары.

а) біресе, кейде, бірде

ә) не, немесе, я, әлде, бірде

б) бірақ, алайда, дегенмен

в) сондықтан, себебі, өйткені, неге десең

5. Сөйлемнің түрін анықта.

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше, себебі әке - отбасының тірегі.

а) кезектес салалас құрмалас

ә) ыңғайлас салалас құрмалас

б) қарсылықты салалас құрмалас

в) себеп - салдар салалас құрмалас

6. Мақалды жалғастыр. Он үште ... .

а) отау иесі

ә) сыншы

б) патша жасы

7. Әже - ...

а) әкенің әкесі

ә) ұлдың баласы

б) әкенің шешесі

5. Сөзжұмбақты шешу.

1. Туған нәрестенің құрметіне жасалатын той

2. «Нәресте» сөзінің синонимі.

3. Ел іші - алтын ... .

4. Қаз - қаз, балам, қаз балам,

қадам бассаң мәз болам.

Тағы, тағы баса ғой ,

Тақымыңды жаза ғой! - деген әнді қай тойда айтады?

5. «Добрая весть» сөзінің аудармасы.

6. Неше күн өткенде сәбидің қарын шашын, тырнағын алып, суға шомылдырады?

IV Қорытынды бөлім Нақыл сөздерге қайтып келейік.

«Қазақтар - әдет - ғұрып, салт - сана, тіл жағынан біртұтас». (В.В. Радлов)

«Ата салты - асыл қазына». (Мақал)

Адамның жарық дүниеге келгеннен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс - әрекеті, басқалармен қарым - қатынастары салт - дәстүрден өзекті орын алады.

Оқушыларға айтар тілек:

Жақсыларға жақын бол,

Отбасыңмен тату бол.

Ата - анаңның көзі бол,

Сөнбейтұғын нұры бол.

Кім болсаң да әйтеуір,

Бірліктің туын көтерер

Адамзаттың бірі бол,

Туған елдің ұлы, қызы бол!

V Бағалау

VI Үйге тапсырма Отбасы туралы 5-6 мақал - мәтелдер жазып келіңдер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал