- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему: 'Қазақ - қонақжай халық'
Урок по казахскому языку на тему: 'Қазақ - қонақжай халық'
Сабақ тақырыбы: Қазақ қонақжай халық
Сабақ мақсаты: оқушыларға өз бетінше оқуға, мазмұнын айтуға мүмкіндік беру. «FILA» кестесін толтыру арқылы сұрақтар құруға, жоспар құруға үйрету. Қонақжай болуға шақыру.
Табыс критерийі: өз бетінше мәтінмен жұмыс жасай біледі.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, FILA» кестесін толтыру; рефлексивті экран
Көрнекілігі: топқа бөлу карточкасы, бағалау парағы, А4 форматтағы қағазы;
Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгелдеу,диалог құру.
Үй жұмысын тексеру: 60 бет 4-тапсырма. Сызбадағы сандардың құпиясын танып, адам өміріндегі маңыздылығы туралы диалог құру берілген.
Интернеттен киелі сандар туралы ақпарат тауып келу.
Қызығушылығын ояту. - Ырыс, құт деген не? «Гостеприимный» сөзінің аудармасын айтыңдар. «Қонақжай» сөзінің синонимін табыңдар.
62 бет 3-тапсырма. Қонақ келсе есікке
Жүгіріп шық кешікпе.
Қарсы алмасаң қонақты,
Кесір болар нәсіпке.
Мағынаны тану. Топтық жұмыс. 61 бет 1-тапсырма. (оқушыларды 3 топқа бөлемін, топбасшысы анықталады)
-
Мәтінді түсініп оқыңдар.
-
Шеңбер бойымен мазмұнын айтады.
-
«FILA» кестесін толтыру.
-
Өз жұмысын қорғайды.
63 бет 6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
-
Қонақкәде дәстүрін бұрын естідің бе?
-
Сен қонаққа барғанда, сенен үй иесі қонақкәде сұраса, қандай өнеріңді көрсетесің?
-
Бұл дәстүрдің жастарға қандай әсері бар?
Рефлексия. «Рефлективті экран»
-
Бүгін мен ... ... туралы білдім.
-
.... .... қызық болы.
-
... .... қиын болды.
-
Мен .... .... тапсырмалар орындадым.
-
Мен ... ... ... түсіндім.
-
Мен ... .... сездім.
-
Енді мен ... ... ... орындай аламын.
Бағалау. Топбасшысы бағалайды.
Үй жұмысы: 63 бет 5-тапсырма.