- Учителю
- Планирование по казахскому языку на тему Қазақстан Республикасының рәміздері(5 класс)
Планирование по казахскому языку на тему Қазақстан Республикасының рәміздері(5 класс)
А С. Пушкин атындағы №20 мектеп - лицейі
Тақырыбы:
Ашық сабақ
Мұғалімі: Нурмуханова С.С.
2016-2017 оқу жылы
Тексерілді:........................... 12.10.2016 жыл
Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: топқа бөлу, сұрақ-жауап , топтастыру, миға шабул, ВЕНН диаграммасы, постер қорғау, рефлекция
Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, Президент портреті, слайдтар және сабаққа қажетті құралдар
Сабақтың жүру барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
оқушылар шеңбер құрып, түрлі-түспен топқа бөлу (жасыл, қызыл, сары)
-
топтарға аттар қою
(І топ «ТУ», ІІ топ «ЕЛТАҢБА», ІІІ топ «ӘНҰРАН»)
-
топ ережелерімен танысу
-
Үй тапсырмасын сұрау
-үй тапсырмасын пысықтау және бекіту
3. Жаңа сабақ
-Балалар, біздер қай елде тұрып жатырмыз ( оқушылар жауабы)
- оқушылардан Қазақстан және рәміздер туралы білетіндерін сұрау, А4 парақшаға Қазақстан рәміздерін топтастырып түсіру - оқушылар әнұран орындайды
Мұғалім сөзі:
Оқушылар олай болса, біз бүгін рәміздермен толық танысамыз, слайд арқылы көрсету. Рәміздердің авторларымен таныстыру
-
Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
-
Дәптермен жұмыс (дәптерлерін ашып, күннің жадысын мен жаңа тақырыпты жазып, сөздікпен жұмысты жаздыру)
-
Сөздікпен жұмыс
Отан - Родина Елтаңба - герб
мемлекет - государство рәміздер - символы
Ту - флаг, знамя
-
Біліп ал, яғни түртіп алу стратегиясы (дәптерге жаздыру)
Қазақстанның рәміздері
ТУ ЕЛТАҢБА ӘНҰРАН
СЛАЙД:
-
«Білімдінің көзі ашық» (оқушылар рәміздердің суреттеріне қарай отырып, сипаттап айтады
І топ: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген? (топтастыр)
ІІ топ: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында нелер бейнеленген? (топтастыр)
ІІІ топ: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің авторларын атаңыз? (топтастыр)
-
Сергіту сәті: (оқушылар Рәміздер өлеңін жатқа хормен айтады)
-
Оқулықпен жұмыс: 3- тапсырма (әр топтан екі оқушыдан шығып, Қазақстан мәтінін оқиды)
І топ: Ту
-
Біздің Отанымыз - Қазақстан.
-
Қазақстанның өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.
ІІ топ: Елтаңба
-
Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Қазақстанның жаңа астанасы - Астана қаласы.
ІІІ топ: Әнұран
-
Астана - жас қала.
-
Қазақстан - үлкен мемлекет.
-
Диалогтік оқу. 4-тапсырма
(әр топтан екі оқушы шығып диалог арқыры сөйлеседі)
-
Сәлем, Миша!
-
Сәлем, Дима!
-
Сен қайда тудың?
-
Мен Қазақстанда тудым.
-
Қазақстан қандай мемлекет?
-
Қазақстан - үлкен мемлекет.
-
Рәміздерін аташы.
-
Ту, Елтаңба, Әнұран.
-
Сен Отаныңды жақсы көресің бе?
-
Иә, мен Отанымды жақсы көремін.
-
Сау бол, Миша!
-
Сау бол, Дима!
-
«Менің Отаным - Қазақстан» постер қоғау:
МЕМЛЕКЕТ ТУ
ЕЛТАҢБА ӘНҰРАН
ПРЕЗИДЕНТ АСТАНА
-
Сабақты қорыту: Сұрақ - жауап әдісі:
-
Қазақстан қандай мемлекет?
-
Қазақстанның Президенті кім?
-
Қазақстанның астанасы қай қала?
-
Рәміздерді білесің бе?
-
Астана қандай қала?
-
Сен Астанада болдың ба?
-
Сабақты бекіту: ВЕНН диаграммасы
-
Үй тапсырмасын беру
-
Ел рәміздерін жатқа білу 2. "Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы" ойтолғау жазу
-
Мадақтау, бағалау