- Учителю
- План-конспект по Английскому языку на тему 'My pets'
План-конспект по Английскому языку на тему 'My pets'
My pets / My pets атты ағылшын тілінен ашық сабақ
Тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: оқушылырды "Animals. My pet" тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен ( a dog, a cat, a parrot ) таныстыру. "I have a cat" құрылымымен таныстыру. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру.
Тұлғалық: Жануарларға сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларға қамқорлық танытуға баулу.
Жүйелік-әрекеттік: сабақтағы диалог арқылы қарым-қатынас бойынша мұғаліммен сыныптастарының сөзін қабылдау және түсіну.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
оқу қызметіне ынталандыруға арналған ит, мысық, тоты құс бейнеленген флеш-карталар.
Пән аралық байланыс: музыка, қоршаған орта (ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен танысу ).
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру сәті
- Good afternoon, children!
- Good afternoon, teacher!
- How are you?
- We are fine.
-Sit down, please.
II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
-Бүгінгі сабақта біз ағылшын тілінде үй жануарлардың атауларын уйренеміз.
III Тірек білімді белсендіру
- Ал, балалар, біз өткен сабақтағы " Vegetables " яғни көкөніс тақырыбы бойынша өткен жаңа сөздерді бір еске түсіріп, қайталап шығайықшы.
IV Жаңа материалмен жұмыс
Мұғалім оқушылар жаңа лексиканы жақсырақ меңгеруі үшін бір сөзді немесе фразаны бірнеше рет қайталай отырып, ағылшын тілінде үй жануарларының атауларымен таныстырады.
Now, all of you please look at these pictures, listen and repeat after me: It's a dog. It's a cat. It's a parrot.
Оқушылардың түсінген, түсінбегенін тексеру үшін мұғалім " Мұқият бол " деген ойын ойнауды ұсынады. Мұғалім суреттегі жануардың атын көрсетіп, оның атын атайды. Егер ол дұрыс атаса, оқушылар келіседі: Yes, it's a dog. Ал егер келіспесе:"No, it's a cat" -дейді.
- Көбіміздің сүйікті үй жануарларымыз бар. Біз оларды қатты жақсы көреміз және менде осындай уй жануары бар деп айтқымыз келсе: I have a cat. I have a dog. I have a parrot. Ал егер менде қара мысық бар деп айтатын болсақ, I have a black cat. Ал егер менде екі мысық бар деп айтар болсақ, I have two (2) cats.
Осылайша балалардың өткен сабақтардағы ағылшын сөздерін колдану аясын кеңейту.
Сергіту сәті
( Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді )
Stand up,
Turn around,
Clap, clap
and sit down.
Stand up,
Turn around,
Clap, clap
and sit down.
V Қорытындылау
- Балалар, бүгінгі сабақта үй жануарларының атауларымен таныстық (балалар сөздерді айтады: a dog, a cat, a parrot ). Үйлеріңізде қандай жануарлар бар екендігі туралы айтып үйрендіңдер (оқушылар мысал келтіреді: I have a cat. I have a dog).
-Well done, good bye, children!
-Good bye, teacher!