7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама (5сынып)

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама (5сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқу ісінің меңгерушісі ______________

Күні:

Сыныбы: 5 «а» , «ә»


Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Әкемнің әңгімесі»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Әкемнің әңгімесі

Әкем тоғыз жасымда дүние салды. Осы жасқа жеткенше, тізесіне отырғызып алып, Отырарды жанқиярлықпен қорғаған ер жүрек бабалары жайлы сан мәрте әңгімелегені жадымда нақ бір тасқа басылғандай жазылып қалыпты. Бәлкім, перзентінің қөңіліндегі туған жерге деген олқылықты осымен толтырайын дегені шығар.

Кейде анамның: «Тым жас қой. Түсіне қояр ма екен?» - деген күмәнді қарсылығына:

  • Жоқ, түсінуге тиіс. Түсінбесе өзіне қиын болады. Тамырын тереңге жібере алмаған дорақтың қашан да ғұмыры келте, - дер еді.

Жер қайысқан қолмен әлемді жаулап алуға ұмтылған Шыңғыс ханның әскері Орта Азияның мұнарасы көк тіреген небір әсем шаһарларын бар жоғы бес, он, он бес күннің ішінде бағындырып жатты. Қарсы келгеннің бәрін ат тұяғымен таптаған жойқын күштің қаһарынан қаймыққан кейбір қала әмірлері қақпасын өз қолдарымен ашып берісті. Ал Отырар алты ай бойы жауға алдыртпай, жанқиярлықпен қасқайып қарсы тұрадфы...

Шыңғыс хан «Отырарда еркек кіндік қалмасын» деген бұйрық береді. Қайсар рухты Қайыр хан мен өз туған жеріне табан тірей алмаған, Отырардың қақпасын Шыңғыс хан әскерлеріне ашып берген сатқын жігіттің трагедиясы маған ұстаздық қызмет атқарады. Осы әңгімесі үшін ғана әкем, арқылы Отырар менің мақтанышыма айналды. Кейде көзімді жұмсам болды, тоғыз жасар мені алдына алып, Отырар жанкештілігі туралы әңгіме айтып отырған әкем елестейді. Сезіммен тәрбиелеу - тәрбие атаулының ұлысы.

1992 жылы Отырар топырағында жерлестерімнің сұрауымен шығармашылық кешім өтетін болды. Әкемнің көзін көрген қариялар мен ақ жаулықты кейуаналардың құшағы бірінен соң бірі тартып алып, қапелімде босатар емес. Үш әжей Отырар топырағын алтын жіппен әдіптеген ақ жібек матаға тұмар етіп орап:

-Құлыным, қайда жүрсең де, туған топырағыңның қасиеті желеп-жебеп жүрсін, - деп мойныма тақты.

Осы өмірімде туған халқымның талай сый-сияпатын көріп, өз елімнен тыс жерлердің де кейбір құрметті сыйлықтарын алған екенмін. Бірақ ешқайсысы осы туған жер топырағы түйілген тұмардай тебірендірген емес.

(М. Шаханов «Құз басындағы аңшының зары»)


  1. Мазмұндама бойынша жоспар құру.

1) Бабалар жайлы әңгіме.

2) Туған жер туралы толғау.

3) Отырар оқиғасы.

4) Бір уыс топырақ.


  1. Сөздік жұмысын жүргізу.

Дарақ, кейуана, тұмар.


ІІІ. Сабақтың аяқталуы.










Оқу ісінің меңгерушісі ______________

Күні:

Сыныбы: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама Құс - табиғат перзенті

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылық қабілеттерін бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жазба жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Құс - табиғат перзенті

Көктем күшіне еніп, бүкіл дала құстардың әсем үніне бөленді.

Атамыз қазақ қашан да құс атаулыны ерте заманнан ерекше құрметтеп келген. Қыран бүркіт, алғыр қаршыға, көк дауыл сұңқар, ұшқыр тұйғын баулып, оларды қиянға салып, өнерін құмарта тамашалаған. Құс біткенді жәбірлеуді өздеріне рақымсыздық, қиянат көрген. Бұл жөнінде ел аузында мынадай бір аңыз бар.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде адамдар ел-жұртын тастап, бас сауғалап,

жан-жаққа қашқаны белгілі. Сонда жау келе жатқан жолда атақты Төле би көшпей, жалғыз үй қалып қойыпты. Ентелеп келіп бас қойған жау еш қаперсіз жұртта отырған жалғыз үйді көріп, оның бұл қылығына таң-тамаша қалады. Өктем жау ордаға келіп ойран салмақ болғанда, Төле би шығып:

- Ей, адамзаттың балалары! Биыл көктемде шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Қазір сол ұяда оның қызылшақа балапандары жатыр. Соларды аяп, өзгелерге ұқсап үдере көшпей, шаңырағымды, жолдарыңда қалып қойдым. Ең болмаса, сол балапандарды аяңдар. Өзіме тисеңдер де, шаңырағыма тимеңдер, - деп, өтініш жасаған екен дейді.

Сонда жауыздығымен әлемге аты жайылған жоңғар басқыншыларының өзі Төле бидің асқан адамгершілігіне риза болып, оның шаңырағына тиіспеген көрінеді.

Саятшылық - үлкен өнер, ата салтымыз. Саятшылық құру - аң-құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Ел арасында аңдар мен құстардың қайсысының қай уақытта өсіп-көбейетінін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс-тұрыс, мінез-дағдысын өте жақсы білетін адамдар көп. Олар аң-құстың өсіп-көбейетін кезінде мазасын алмайды, үркітпейді, қайта қамқор болып жүреді. Қазақ салтында жалт еткенді жамбастан, бүлк еткенді бүйректен, сырт еткенді сирақтан тигізетін, құралайды көзге атқан мергендердің өзі аң-құстың бәріне бірдей тие бермейді, қалағанын ғана таңдап ататын болған. Өйткені Табиғат-ана әркімнен өзгеге залалын тигізбей, қажет тап басып тауып алуды, өзін аялауды, шапағатты көзбен қарауды қалайды.


Мазмұндау жоспары:

  1. Аталар құрметі.

  2. Аңыз ізімен.

  3. Саятшылық деген не?

  4. Құс - табиғат.

  5. Ата - баба дәстүрін сақтау.


Сөздік жұмысы:

бас сауғалау, қаперсіз.


ІV. Сабақтың аяқталуы.










Оқу ісінің меңгерушісі ______________

Күні:

Сыныбы: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама Апам

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы.

Сабақтың түрі: шығарма

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жазба жұмысы, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Апам

Апамның мінезі қызық. Әлі күнге шейін айналып-толғанып, өбектеп жүргені. Менің ер жетіп, ересектер қатарына қосылып, ерте тұрып, кеш жатқанымда жұмысы да жоқ. Басым жастыққа тиіп, көзім ұйқыға кетісімен маңдайымнан иіскеп, шашымды сипап, қасымнан шықпайды.

Кейде оянып, көзімді ашпастан ұзақ жататынмын. Ана мейірімінің таусылар, сарқылар шегі болмайтын да шығар. Әр еміренуі сонау кеудемнің түкпірінде ұйып қалған балалық шақтың елжіреуін қайта қоздатып кететін екі-үш ұлдан қалған жалғыз «қоңыр қозысы» болғаныма өзімді кінәлі санаймын ба, жұрт алдында қабақ түйсем, осындай оңаша шақта алақан иісін құшырлана сіміріп, шексіз қуанышқа бөленем. Анаға жетер не бар екен?! Ана мейірімін алмастырар құдірет бар ма екен!

Бүгін де апамның маңдайыма тиген жұп-жұмсақ еріндерінің лебімен күліп ояндым. Әкем жұмысқа кетіп қалыпты. Асығыс атып тұрдым. Апам үстел үстіне тағамдарын жасап жүр. Далаға шықтым. Өткір жарық көзе шағылысып, ті қаратар емес.

Үйге кіріп, апамның бәйек болғанына қарамастан, түрегеп тұрып суық еттен қарбытып бірер асадым да, ораулы түстік тағамымды қолтығыма қысып, жұмысқа кеттім.

Көз алдымнан апам кетпей келеді... әсіресе, жасы мөлдіреген жанары әлденеге зарыққандай, әлденеге көңілі ынтығып, соған мұңая қалғандай.

Жайдары жаз өтіп барады. Енді бірер айдан кейін мына жасылы азая бастаған далаға күз келіп түседі. Ондайда бұл жердің сұрқы адам көргісіз. Сіркіреп жаңбыр жауады-ай келіп. Жердің миы шығып, аяқ аттасаң ақыретке айналып бітеді.

Аспанға қараймын. Ноқаттай боп бозторғай тұр қос қанатын қайшылап. Алысқа қараймын. Маңай жап-жарық. Күн күйдіріп барады. Айналайын жаз ғой бұл.

Тағы да апамды ойлап келемін. Ұзақ сапар өмірімнің ащы-тұщысын, күйініш-сүйінішін еске алғанда, қысқа ғұмырдың күңгірт күзіне тап болғанын сезетін болар. Тап сол кездерде көз жетпеске кеткен жастықтың жайдары жазын сағынып, іштей елжірейтін шығар. Сол күйіне аңсары ауғанда тірлігінің қайта ашылған гүліндей, қайта көктеген құрағындай мен көрінетін шығармын. Өбектейтіні де сондықтан болар.

(С.Сматаев, 334 сөз.)


Мазмұндама бойынша жоспар құру.

  1. Ана мінезі.

  2. «Ананың көңілі - балада,

Баланың көңілі - далада».

  1. Оятқан ана алақаны.

  2. Ана көңілі.

  3. Жайдары жаздың өтуі.

  4. Күз - көңілсіздік белгісі.

  5. Өмірдің жазы, күзі.


ІV. Сабақтың аяқталуы.










Оқу ісінің меңгерушісі ______________

Күні:

Сыныбы: 5 «а» , «ә»


Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама . Сары шымшық.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Сары шымшық.

Мені күнде таңертең сары шымшықтар оятады. Ойламаған жерден ұшып келіп, қырау басқан терезеден дыбыс шыққанша тұмсығымен тоқылдатады. Олар қыстың аязды күндерінде әбден ашығады. Сол себептен де терезені тақылдатып тамақ сұрайды. Көшеге шықтым. Тамақтанатын тақтайына дән, нанның қалдықтарын, ақтаған тары шаштым. Міне маған өте таяу алаңға құстар ұшып келіп дән шашылған жерге отырды. Бір мезгілде қарасам, олар бірте-бірте көбейіп келеді екен. Олардың бәрі қатты тұмсықтарымен дәннің қауызын ұсатып, шапшаң қимылмен жұмыс істеп жатыр. Қар басқан шиенің бұтағында бас шұлғып отырған құстар маған терезеден жақсы көрінді. Осы жерде менің ертеден білетін қонақтарым да бар, бұлар басқалардан гөрі терезеге жақындау отыр. Олар дәндерді шоқып, қармен араластырып жеп, шиқылдап, рахмет айтқан тәрізді. Менің сүйікті құстарым барып тұрған кербездер,қанаттарын жайып жіберіп, мамықтарын тарады, енді қауырсындарын ыждағаттықпен тазартып жатыр. Біраз уақыттан кейін , менің шымшықтарымның бәрі бірдей бұтақтан түсіп, басқа жерге ұшып кетті. Далаға шығып, олардың артынан қарадым. Көрші бала өзінің бақшасындағы құстарға жем салатын жәшікті жөндеп, оған күніне үш рет мезгілімен жем салып тұрады.. «Ал, енді құстарға боран да, суық та хауіпті емес,- деп ойладым. -Олардың осындай достары , жанашырлары көп болса екен.»










Оқу ісінің меңгерушісі ______________

Күні:

Сыныбы: 5 «а» , «ә»


Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама . Құс- адамның досы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құс -адамның досы.

Көлеңкеде қаннен -қаперсіз ұйықтап жатқан жеті - сегіз жасар балаға қарай айыр тілін сумаңдатып улы жылан жақындап келеді. Күтпеген жерден қайдан шыға келгені белгісіз бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кестей берді. Жылан да атылуға айналғандай, шиыршық атып , айбат шегіп ысқырып жіберді. Құс аяғын санап басып жақындай түсті. Бала жайына қалды. Екі түс тағысының адам үшін шайқасы басталып кетті. Жылан шабуылды үдете түсті. Бірақ құс тез жалтарып, жыланның улы тісін бойына дарытатын емес. Міне, жылан тағы да шап берді. Құс құйрығымен жер тіреп жалтара берді де, жылан басын қайтып тартып аламын дегенше өткір тұмсығымен оны төбесінен шоқып-шоқып алды. Жылан жан сауғалап, жиырыла кейін шегінді. Бірақ ашулы құс шаңқылдап, үсті-үстіне шоқи берді, шоқи берді.

Бала оянып кетті.Ол қимылсыз бауыры жалтыраған улы жыланды, оның жанында ауыр дем алып жатқан құсты көріп, таң қалды. Мұның екеуін бірдей кімнің өлтіріп кеткенін білмей, аңырап жан-жағына қарады. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан мына кішкене құстың өзі үшін мерт болғанын бала түсіне қойды.

Бірақ біз дұрыс түсінуіміз керек.Пайдалы аңдарды мезгіл жоқ, мекен жоқ, орынсыз қыра беруге қатаң тыйымсалу керек. Табиғатты қорғау заңын мүлтіксіз орындау бәрімізге парыз, ал оның бақылаушысы арнаулы кісілермен қатар оқушылар, студенттер, жас экологтар болуы керек. Өйткені адам тағдыры табиғатпен байланысты. Табиғат болмаса, адам да жоқ. Адам табиғатты бағындырады десек те, адам табиғаттың бір мүшесі. Табиғатқа бағынышты екенін естен шығармау керек. Ол үшін табиғатты сүй! Қоршаған ортаның құсын, аңдарын, өзен-көлдерін, ну орманын сақта! Жер -анаңды қадірле! Жер бетіндегі тіршілік иелерінің бәрі де өз туысың екенін ұмытпа!


Мазмұндау жоспары:

  1. Ұйқыдағы бала

  2. Жылан мен құс, олардың шайқасы.

  3. Бала аңырап жан-жағына қарады.

  4. Жас экологтар міндеті

Оқу ісінің меңгерушісі ______________

Күні:

Сыныбы: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама . Сырымның жауабы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сырымның жауабы.

Сырым батыр елден сырғып, біраз уақыт Хиуа хандығында жүреді. Бір той үстінде мақтанған Хиуа ханы Сырымға:

-Қазақта ас-мас, жігіт -мігіт деген жалғама сөздер көп көрінеді, солардың мәнісі неде? - деп сұрайды.

-Сұрауыңызға тойдан кейін жауап берейін,- дейді Сырым батыр.

Тойда Сырымның аты бәйгеден бірінші келеді. Жолдасы балуан күресінен жығып, бәйге алады. Тойдың ойын-қызығы бітіп, жұрт тарқар алдында Сырым ханның сұрауына былай деп жауап береді:

-Бізде той жасағанда жұртқа қой сойып-құйрық, жылқы сойып-қазы тартады. Сусынға қымыз береді.Соны «ас» дейді. Ал мынадай тастабаққа салып тартан шөп-шалам мен сусынға берген шайды «мас» дейді. Сәйгүлүкті сынайтын жарыста озып келген жүйрікті «ат» дейді, артында қалған тұғырды «мат» дейді. Алқа топтың алдында палуанға түсіп, алып ұрған ерді «жігіт» дейді. Жер қауып жығылған еркекті «мігіт» дейді. Қазақтың «ас-мас», «ат-мат», «жігіт-мігіт» дейтін жалғас сөздерінің мағынасы осы хан деген екен.

(133 сөз) Журналдан




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал