- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Тоғыспалы ықпал 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тоғыспалы ықпал 5 сынып
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 07.04.2016 оқу жылы
Сынып: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Тоғыспалы ықпал
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға тоғыспалы ықпал туралы лингвистикалық білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
-
Кейінді ықпал дегеніміз не?
336 - жаттығу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Тоғыспалы ықпал
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Тапсырма .Берілген тоғыспалы ықпалдың айтылуымен жаз.
Мен келдім-мең гелдім, |
|
Жанқара-Жаңғара, |
|
Қазанқап-Қазаңғап |
|
Күн көру-күң гөру |
|
Есенкелді-Есеңгелді |
|
Досжан- Дошшан, |
|
Бесжан-Бешшан, |
|
Тасжүрек - ташшүрек |
|
Қан қызыл-қаңғызыл |
|
Он қой-оң ғой |
|
1.Оқулықпен жұмыс
337-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. (ауызша)
-
Әңгімедегі кейіпкерлер кімдер?
-
«Тілдің қасиетін сөз мағынасынан басқа тағы қандай нәрселер білдіреді?» деген сұраққа жауап беріңдер
338-жаттығу. Мәтінді сөздердің айтылу нормасын сақтап мәнерлеп оқыңдар.
-
Айтылуда кейінді, ілгерінді ықпал құбылысы байқалатын сөздерді көшіріп жазыңдар. Тәкәппар сөзінің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып жазыңдар.
-
Бала бидің даналық сөздерін өз түсініктеріңмен баяндап беріңдер.
Шағында-шақ,
V. Сабақты бекіту:
Сұрақ жауап
-
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
-
Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
-
Ілгерінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.
-
Кейінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.
-
Тоғыспалы ықпал деген не? мысалымен дәлелде
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма беру:
Тоғыспалы ықпал туралы түсінік