7


  • Учителю
  • Разработка урока казахского языка в 6 классе на тему: ' Қазақтың ұлттық ойыны 'Ханталапай'

Разработка урока казахского языка в 6 классе на тему: ' Қазақтың ұлттық ойыны 'Ханталапай'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты:1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру. 2. Дамытуш
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтей білуге, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық ойындар,бейне- фильм

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сабақтың мақсатын хабарлау
2. «Ой-қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» бейне-фильмі көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.Қысқаша әңгімелейді:

- Алтыбақан қандай ойын,пайдасы не?

- Көкпар ойыны неге қалыптастырады?

- Тоғызқұмалақ ойыны нені қажет етеді?

- Қыз қуу ойыны неге үйретеді?
- Аударыспақ ойынына кімдер қатысады?
- Бәйге ойыны неге үйретеді?

- Күміс алу ойыны неге үйретеді?

- Күрес ойынында адамның несі сынға салынады?

- Интерактивті тақтадан «Ханталапай» ойынының суреті ашылады.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

  1. Сөздікпен жұмыс:
    боялуы керек - нужно покрасить
    қос уыс - пригоршня
    үйіру- кружить, сбрасывать
    ұпай - очко
    шашылған - разбросанные
    кезек- очередь
    алшы түскенде- в положении «алшы»

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.

2. Мәтінмен жұмыс:

  • Мәтінді мұғалім оқиды.

  • Мәтінді тізбекпен оқушылар оқиды.

  • Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

«Ханталапай» ойыны.

Бұл ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. Он бірінші асық «хан» болады. Ол боялуы керек. Ойыншылар кезектерін біледі. Бірінші ойыншы қос уыстай ұстаған барлық асықты ортаға үйіруі керек. Басқа ойыншылар «ханға» қарап тұрады.
«Хан» алшы түскенде , балалар ортадағы асықтарға ханталапай жасайды. «Хан» кімнің қолында кетсе, асықтарды сол үйіреді. «Хан» алшы түспесе, үйірген ойыншы шашылған ұқсас асықтарды бір- біріне шиіріп соғып, ұпай жинайды.

«Ханталапай» ойынын ойнатып көрсету.

IV. Жаттығу жұмыстары:

1.Деңгейлік тапсырмалар.

III -деңгей: Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, оқыңдар.
II - деңгей: Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар.
I - деңгей : Мына сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар:
Қазақтың ұлттық ойындары адамды ептілікке, төзімділікке үйретеді.
Абай ханталапай ойынын жақсы ойнаған.

2.Жеке оқушылармен семантикалық карта толтыру.

Сөз

Дауысты

жуан

Жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

дауыссыз

Қатаң

ұяң

үнді



V. Сергіту сәті.
«Сақина тастау» ойыны.

VI. Бекіту:
I - топ
INSERT стратегиясы

II -топ
Кластер

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма
1. «Ханталапай» мәтінін мазмұндау.
2. Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей . Асық- тәуелдеу.
2 -деңгей. Ұпай -септеу.
3 деңгей. Ханталапай- дыбыстық талдау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал