7


  • Учителю
  • Презентация по казахскому языку мекен устеуи

Презентация по казахскому языку мекен устеуи

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Мекен үстеуі

Сабақтың мақсаты:

  1. Үстеу туралы алған білімдерін кеңейту, білетін білімдерін жаңа біліммен ұштастыру,мекен үстеуді дұрыс ажырата білуге үйрету.

  2. Жеке тұлғаның ой-санасын,салыстыру ,қиялдау,өзіндік пікір айту қабілетін дамыту,белсенділігін арттыру..

  3. Ұйымшылдыққа,салт-дәстүрді құрметтеуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, СТО

Көрнекілігі : тірек - сызба, слайд, семантикалық кесте.

Сабақтың барысы:

Интербелсенді тақтадан ғаламшарлар суреті көрсетіледі.( слайд 1)

Ұйымдастыру: - Сәлеметсіздер ме? Мен қай ғаламшарға ,қайда түстім? (таң қалу кейпінде) -Мен Сатурн ғаламшарынан қонаққа келдім.

  • Бүгін қазақ ырымы бойынша қандай күн ? -Иә,сәрсенбінің сәтті күні, тамаша күн екен. Ендеше келген қонақтар түстер бойынша бағалауға көмек бересіздер. ( түрлі қарындаштар тарату)

Үй тапсырмасын сұрау

- «Үстеу» ғаламшары жөнінде білгім келеді?

- Мағыналық түрлері сызба түрінде көрсет. (слайд 2)

- Берілген жаттығуды тексеру.

Қорыту: Семантикалық кесте ( слайд 4, 5)

Байланыс: Мезгіл үстеуіне мысал келтір.(слайд 6)

Жаңа сабақ

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Сабағымыз Жаратылыстану пәнімен байланысты өтетіндігін хабарлайды, ескертеді.

Қазақ тілінде - 9 сөз табы: Жаратылыстануда 9 - ғаламшар

Зат есім, Сын есім, Сан есім, Меркурий, Шолпан, Жер

Есімдік, Етістік, Үстеу , Марс, Юпитер, Сатурн,

Еліктеу сөз, Одағай, Уран, Нептун, Плутон

Шылау.( Слайд 7)

Балалар екі топқа бөлінеміз. «Үстеу» және «Сатурн»

Миға шабуыл - «Сұрақ - бізден, жауап- сізден» (Слайд 8)

1.Меркурий тапсырмасы.

1.Жұлдыздар қайда болады? (аспанда)

2.Пілдерді кішкентай кезінде қайдан әкеледі? (Африкадан)

3.Оқушылар қалай қарай бұрылды?

Есте сақта: негізгі, тірек сөздерді теріп жаз.(слайд 9 )

Іс- әрекеттің - қайда?

- қайдан?

- қалай қарай?

Орны Бағыты

Қызығушылықты ояту ( слайд 10)

2.Шолпан ғаламшарының тапсырмасы

1-топ Көру диктанты 2- топ Терме диктанты

Біз жолда ……………………соқтық

……………қар жауды Сіз жоғары шығыңыз.

Ол төменде бізді тосты.

Бүркіт …………….құлдырады.

Мағынаны тану: ( слайд 11)

3 . Жер ғаламшарының тапсырмасы

-Оқулықпен жұмыс: 280- жаттығу

1 -топ дара үстеу 2- топ күрделі үстеу

«Сандар сөйлейді» 3, 4, 7, 9 (қазақ тілінің ережелері бойынша)

Сергіту сәті ( слайд 12): ағылшынша ән, би.

Топтастыру: ( Слайд 13 )

4.Марс ғаламшарының тапсырмасы А-3 қағазына орындату, топ басшылары өз тобының жазғанын қорғайды.

( 1-топ- Жылқы, 2- топ Түлкі)

-дүниетанымдарын тексеру;

- сөздік қорларын байқау;

-белсенділіктерін арттыру;

-мекен үстеуіне сөйлем құрату

Ойлан, тап, түсіндір ( слайд 14)

5.Юпитер ғаламшарының тапсырмасы

Мекен үстеуі кездесетін Тыйым сөздер - 1-топ (слайд 15)

Тұрақты тіркестер-2 -топ ( слайд 16)

«Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ( слайд 17)

6.Сатурн ғаламшарының тапсырмасы

1-топ : КісТітЕ, Екнме

2-топ : УтҮсе , Лзегім

Сабақты бекіту: Венн диаграммасы ( слайд 18)

Үйге тапсырма: 279 -жаттығу. ( слайд 19)

Білімді бағалау (түрлі - түсті карындаштар арқылы қатысқан мұғалімдер бағалайды).







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал