7


Эссе Қазіргі заман мұғалімі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









Қазіргі заман мұғалімі

Эссе

Мұғалім,ең алдымен,тәрбиеші - әр баланың нәзік жанына үңіліп, жүрегіне жол тауып, көңілінен шыға білуге асығатын тынымсыз жан десек, Сынып жетекшісі- бала жанының бағбаны. Өзі еккен ағашының жеміс берер сәтін асыға күткен бағбан оны қалай күтіп-баптаса, ұстаз да де шәкіртінің саналы, білімді болып өсуі жолында тер төгетін,кейде еленіп, кейде еленбей қалатын өз еңбегінің бірде тәтті, бірде ащы дәмін татып келе жатқан қарапайы көптің бірі.

Қазақ даласына білімнің нәрлі дәнегін сепкен дала қоңырауы Ыбырай Алтынсариннің мынадай бір даналық сөзі ойға оралады:

«Тек жақсы тәрбиеші ғана жақсы мұғалім бола алады».Яғни, мұғалім қанша білімді, өз пәнінің жетік маманы болса да, ол балаға әуелі тәрбие, содан кейін ғана білім бере алады екен. Жақсы тәрбиеші бола алмасаң, жақсы білім де бере алмайсың.

Тағы да даналардың сөзіне жүгінуге тура келеді:

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген екен әлемдегі «Екінші ұстаз» атанған данышпан Әбу Насыр әл-Фараби. Тәрбиесі жақсыға берілген білім елдің игілігіне жұмсалады, тәрбиесі жаманға берілген білім қиянят пен қылмысқа жұмсалады.

Бала тәрбиесі қашан да ең жауапты іс болып саналып келеді. Жетекші болу дегеніңіз- жас ұрпақтың тағдырын өз қолыңда ұстау деген сөз. Бала тәрбиесінің аса жауапты іс екенін шын жүрегімен сезінетін бір жан болса, ол-сынып жетекшісі дер едім.

Ата-ана өз баласының тәрбиесіне қанша жерден көңіл бөлдім десе де,өз уақытының көбін қызмет, жеке басының тұрмыстық мәселесіне арнайды.

Пән мұғалімі қайтсем шәкірттеріме сапалы білім берем деп тер төгеді.

Ал жетекші ше? Сынып жетекшісі әрі мұғалімнің, әрі екінші ата - ананың, әрі сырлас досының орнында жүреді.Алдында отырған көздері жәудіреген балалардың бәрі бірдей сүйкімді, бәрі бірдей тәртіпті деуге келмес, әрине. Алдында қанша бала болса, сонша түрлі мінез, сонша түрлі болмыс иесі бар.

Жетекші олардың әрқайсысының игі ісіне сүйсінеді, бойларынан жылт еткен жақсылық көрсе, төбесі көкке жеткендей қуанады,қисық ісін, қыңыр қылығын көрсе, еріксіз қынжылады. Қатқылдау сөйлеп, ұрсып та алады. Бірақ бәрібір жек көре алмайды .Өйткені ол - бала. Әлі ақыл тоқтатпаған, оңы мен солын танып үлгермеген періште көңіл, пәк сезімнің иесі.

Әрқайсысы еліміздің болашақ азаматы, бір-бір үйдің шаңырағын тікейтер, ұлтымыздың ұрпағын өрбітер тірегі.

Қолдан келгенше, әрқайсысының тілін табуға тырысады. Ішкі дүниесіне үңілгісі келеді, суыртпақтап сыр тартқысы келеді. Кейде мақтаған болып, маңдайынан сипайды. Ақырындап, абайлап қана ақыл айтқан болады. Қысқасы, бойындағы қуатын,ақылы мен айласын, білімі мен шеберлігін осы жолға аяусыз жұмсаған жан ғана жүрегінің жылуын, сезімінің шуағын төгіп, мейірімі мен махаббатына бөлеп, өлшеусіз тер төккенде ғана « Жетекші» деген атқа сай болады дер едім..

Әр бала-өзінше бір құпия әлем, шешілмеген жұмбақ, айтылмаған сыр, көзі ашылмаған бұлақ. Балалардың сеніміне ие болу-екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт.Ол бақыт құпия әлемнің кілтін таба, сыр сандықты аша білген, бұлақтың көзін арши білген жанның басына ғана қонса керек.

Дана халқымызда:

«Жаста берген тәрбие-жас шыбықты игендей»

деген нақыл сөз бар.Осы бір даналық сөзден дән іздеп, мағынасы терең сөздің мәнін ұққым келеді.

Өзгені тәрбиелеу дегеннің өзі - ең алдымен, өзіңді тәрбиелеу, өз үлгіңді өзгенің бойына сіңіру.Ендеше, тағдыры қолына сеніп тапсырылған балаға тәрбие беру -аса жауапты іс.

«Мұғалім шәкірттерін өмірінің әрбір сәтімен тәрбиелейді»деген екен әйгілі педагог Сухомлинский. Ендеше, баланың алдында әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойла.

Тәрбие-өте күрделі және өте нәзік мәселе, мүлт кеткенді кешірмейді. Әсіресе, бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесі қыл үстінде тұрған қалтылдақ кемедей. Тынымсыз еңбекті, терең білімді талап етеді.

Өзімнің азды-көпті бала тәрбиесімен айналысқан педагогикалық қызметімде көңілге тоқыған ойларымды былайша түйген едім:

Уақытыңды аясаң, уысыңнан шығарып аласың.

Күшіңді жұмсамасаң, кемшілікке жол бересің.

Бауырыңа тартпасаң, өзіңнің бағаңды түсіресің.

Бостау болсаң, бар бергеніңнен айрыласың.

Қаттырақ сөйлесең, қатыгездікке үйретесің.

Мейіріміңе бөлемесең, менмендік меңдейді.

Жүрегіне жол таппасаң,жат бауырлар көбейеді...

Сөзімнің соңын мына бір өлең шумағымен түйіндегенді жөн көрдім:

Бақытын тілеп жүрем бар баланың ,

Соларменен айтылар арман-әнім.

Осынау мәртебелі мамандықтың ,

Иесі болғаныма мақтанамын.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал