- Учителю
- Ашық сабақ Тақырыбы: 'Ағылшын тілін талап ететін мамандықтар'
Ашық сабақ Тақырыбы: 'Ағылшын тілін талап ететін мамандықтар'
Сыныбы: 9 «Ә»
Күні: 9.12.2015ж
Тақырыбы: Ағылшын тілін талап ететін мамандықтар
Мақсаты: 1. Оқушыларға ағылшын тілінің қазіргі замандағы маңызы, және
қазыргі таңда осы тілді талап ететін мамандықтар туралы түсінік
беру.Өмірдегі қажеттілігін ұғындыру.
2. Сөйлеу тілін,сөздік қорын,есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Мәдени сөйлеуге , жан-жақты білімді болуға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу,жеке, топтық жұмыс, Постер қорғау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,үлестірме қағаз,стикер,постер
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Good morning students! How are you? Today we have some guests they are our teachers. Welcome to our open lesson. I glad to see you.
-
Who is on duty today?
-
What date is it today?
-
Психологиялық сәт
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп ,жақсы тілек айтады.
-
Топқа бөлу
Ең қарапайым кең тараған балалық шақтағы ойын «Сулифа»
Балалар қағаз,қайшы,тас болып үш топқа бөлінеді.
4 . Жаңа сабақ
Мұғалім: «Мамандықтар классификациясы»
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер - психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
• адам - техника,
• адам - адам,
• адам - белгі жүйесі,
• адам - табиғат,
• адам - көркем образ.
Адам - техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам - адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы - басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам - белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам - табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам - көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
5. Слайд «Мамандықтар»
6.Топтық жұмыс «Постер қорғау»
1.Топ Адам-адам.
2.Топ Адам-көркем образ
3.Топ Адам-техника
7. Жеке жұмыс
8. Сөздікпен жұмыс
9. Қорытынды
Fish ball «Мамандық дегеніміз не?»
10. Рефлексия «Бағдаршам» Қызыл түс -Білемін
Сары түс- Білгім келеді
Жасыл түс- Білдім
10. Бағалау. Топбасшылары смайликтермен бағалайды
11. Флешмоб «Достық биі»
Ы.Алтынсарин атындағы № 27 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ағылшын тілін талап ететін мамандықтар»
Мұғалім:А.Т.Бақберген
2015-2016 оқу жылы