- Учителю
- Урок по казахскому языку 'Жаңа Жыл' (5 класс)
Урок по казахскому языку 'Жаңа Жыл' (5 класс)
Күні, айы, жылы: 27.12.2014 жыл
Цикл: ІІІ
Мұғалім: Қабышева Мадина Иренғайыпқызы
Сабақтың тақырыбы: Мектептегі Жаңа жыл. Қорытынды.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін саралай отырып, практикалық дағдымен салыстыру.
2.Дамытушылық: : Ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету, сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, әдемділікті түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қимақағаздар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Кезекшінің сөзі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: әңгімелеу, ережені қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Сурет бойынша «Мектептегі Жаңа жыл» диалог құрастыру.
2.Оқушыларға қимақағаздарды таратып, деңгейлік тапсырмаларды жасатқызу
ІІІ-деңгей
1. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз: шырша
2. Берілген сөзді септеңіз: жаңа жыл
ІІ-деңгей
1.Берілген сөздерді үш шаққа қойыңыз: безендіру, орнату, құттықтау
2.Берілген сөздерге көптік жалғауларды жалғаңыз: шырша, ойыншық
І-деңгей
«Мектептегі Жаңа жыл» атты тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру
ІІІ. Сабағын бекіту.
ІV . Үй тапсырмасын беру: диалог құрастыру, қайталау
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІ. Сабақтың аяқталуы:
-
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.