- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Екпін. Сөз екпіні, ой екпіні. 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Екпін. Сөз екпіні, ой екпіні. 5 сынып
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 14.04.2016 оқу жылы
Сынып: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Екпін. Сөз екпіні, ой екпіні.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың екпін ой екпіні, сөз екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
1.Орфография дегеніміз не? Мысал келтіру.
2.Орфоэпия дегеніміз не? Мысал келтіру?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Екпін. Сөз екпіні, ой екпіні.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
344-жаттығу. Шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен? Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар.
Шеге, кереге, орақ, балға, балта, шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар Айтпа, оқтай,көрейік, баласың,барма,айтшы, сызба,тастай, адамбыз,мұздай, оқушымын, айтпайын.
345-жаттығу. Ой екпінін түсіру мақсатында мына сөйлемдегі сөздердің орнын ауысытырып көріңдер.
-
Мына сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыруға келе ме, жоқ па, байқаңдар. Себебін айтып көріңдер.
Компьютер сабағы ұзақ жүріп жатыр
V. Сабақты қорыту
Сұрақ-жауап:
1.Екпін дегеніміз не? Оның түрлерін ата?
2. Сөз екпіні дегеніміз не? Мысал келтіру
3. Қандай сөздерге екпін түспейді? Мысал келтіріңдер?
4.Ой екпіні дегеніміз не? Мысал келтіріңдер?
Бағалау
VI.Үйге тапсырма:
Екпін. Сөз екпіні. Ой екпіні. (Ережелерді жаттау.)