- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему 'Ойыншықтар'
Открытый урок по казахскому языку на тему 'Ойыншықтар'
Күні:
Тақырыбы: Ойыншықтар
Тақырыптың мақсаты:
Білімділігі :Ойыншықтардың аттарын меңгерту ,сенде ,менде сөздерінің қолданысын үйрету, көптік жалғауын қайталау. Һ дыбысы мен әрпін меңгерту.
Дамытушылық : Сөздік қорын байыту, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік : Ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, қималар
Сабақтың түрі: Саяхат
Сабақтың әдісі: сөйлеу, сұрақ-жауап,топпен жұмыс,жекеше
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сабаққа дайындығын тексеру
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Оқушыға лайық
Түп түзу тұрайық
Сабақта белсенді
Тырысып бағайық,
Бар ынта жігерді
Аянып қалмайық.
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, өйткені бізге қонақтар келді. Олармен амандасайық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз. (отырады)
Мұғалім: Кіріспе .
Білімнен бақыт табамыз
Өнер - білім көп оқып
Өсе берсің санамыз.
-
Фонетикалық жұмыс
Қа-қа-қара
Ға-ға- ғалым
ә-ә-ә-әз
тұ-тұ-тұр
ті-ті-ті-тіл
кү-кү-күн
құ-құ-құн
2. Санамақты еске түсірейік.
Санамақ
Бақшаға жақсы аға
Көп-көп ойыншық келді алып
Бір балық
Екі шелек
Үш үйрек
Төрт түлкі
Бес бүркіт
Алты арғымақ
Жеті жарғанат
Сегіз саулық
Тоғыз тауық
Он торпақ
Болма есепке шорқақ!
Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы саяхат болғандықтан біз «Ойыншықтар» дүкеніне барамыз.
Ойыншық атауларын білесіңдер ме?
-
«Ой шақыру»
Сенде қандай ойыншық бар?
Енді тақтаға назар аударыңдар
а) Жаңа сөздерді меңгеру:
Қуыршақ, доп, машина, робот, секіртпе, қоян, қонжық, сенде,менде,маған, саған.
Қуыршақ- қуыршақтар
Доп- доптар
Секіртпе - секіртпелер
Машина - машиналар
Робот - роботтар
Қоян - қояндар
Қонжық - қонжықтар
Балалар, біз қазір ойыншық дүкеніне барып өзіне ұнайтын ойыншықтарын сатып аламыз.
Міне дүкен. (көрсету)
Ой, есіктің алдында айдаһар отыр, Бізге не жазған екен?
«Дүкенге кіру үшін менің тапсырмаларымды орындаңдар»
Тапсырмаларды орындаймыз ба?
-
тапсырма :
а) жұмбақ
«Екі жеңдей құлағы
Елең етіп тұрады»
Бұл не? (қоян)
Қандай өлең білесіңдер?
1. Өлең айтады (Айдар)
Мен қоянмын,қоянмын
Күндіз ,түні -ояумын
Қаша-қаша қасқырдан
Қулауға да таяумын.
Жұмбақ.
«Алшың -алшың басады
Құйрығында шашағы
Аң біткен одан қашады» слайд
(арыстан)
Бұл не?
Кім шапшаң ? - ойыны
а) Қанша сөз жасырынған?
Қуыршақұлыншақасқыроботауық
ә) Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата
Ә,Ө,Қ,І,Ұ,Ү,Ң,Ғ
б) Сандарды сана, ретімен оқып шық.
Міне , балалар, дүкенің есігінің жанына жеттік.
Қәне, тыңдайық. Не дейді? (шум,ызғар)
Балалар, демалайық,
сергіту сәтін бастайық.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
- А,балалар ! айдаһар туралы жаңылтпашты айтайық!
-Қарарлы айдаһар
Дүкенге келіп
Қаһарланар
Есік ашылды Ойыншықтар слайд.
Балалар өлеңдерін айтады.
Жамиля Ойыншықтар қандай,қандай
Қызыл, жасыл, сары, қоңыр
Түрлі түсті түстері
Көз тартады өздері.
Алена . Мысық «Мен ойыншық , мысықпын,
Мейірімін , пысықпын»
Самал Сағат сегізде таянды
Тарғыл мысық оянды
Дағдысы оның солайды
Елден ерте тұрады
Беті - қолын жуады.
Адиль «доп»
Доп-доңгелек ала-доп,
Қызыл және көк
Ала шықтым аулаға
Ойнайтуғын бала көп.
Піл Пілдің басы жалпақ,
Құлағы дәу қалпақ,
Дәу болғанмен өзі,
Кіп-кішкентай көзі,
Тұмсығы оның ирек -
Жүреді ылғи билеп.
Балалар, тақтаға назар аударыңдар
Қазақ тіліне тән 9 дыбыс бар.Біз сендермен нешеуін білеміз?
Кәне санайық... Енді атайық , және осы берілген әріптермен сөздерді оқиық.
Ә - ...же , ... теш
Ө - к ...л , ... зен
Ү - ...ш, г ...л
І - б....р , әр...п
Ұ - қ ...с , ... я
Ғ - са... ат , а ...аш.
Ң - а... , ша...ғы.
Қ - қ ...р , ... ыз.
Сендерге жұмбақ жасырайын шешімін табыңдар.
Гауһар да бар,
Менде жоқ
Айдаһарда бар,
Сенде жоқ.
Бүгін біз сабақта айдаһар деген сөзбен таныстық.
Қандай жаңа дыбыс естіп тұрсыңдар?
Һ - дыбысы
Һ - дыбысын көрсету
Сөздікпен жұмыс
Гауһар, айдаһар, жиһаз.
Дәптермен жұмыс
Қорытынды :
Сендер бүгін сабаққа бәріңде белсене қатыстыңдар
Айдаһар жарайсыңдар!
Тақтада Мақал: «Ойна да күл,
Оқы да біл »
\