- Учителю
- План урока по английскому языку на тему 'Школы в Великобритании' 8 класс
План урока по английскому языку на тему 'Школы в Великобритании' 8 класс
Қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы: Schools in Great Britain Ұлыбритания мектептері
Күні:03.04.2013
Сыныбы: 8
Мақсаты: Ұлыбританияның білім беру жүйесімен таныстыра отырып, оқушыларды диалог құру арқылы сыни тұрғыда ойлауға жетелеу.
Міндеттері: 1.Оқушыларды Ұлыбританиядағы білім беру жүйесімен таныстыру;
2. Мәтінмен жұмыс жасауда сыни ойлауға үйрету;
3. Топтық жұмыс ұйымдастыру және ынтымақтаса оқытуды қалыптастыру.
Ресурстар: 8 сынып оқулығы, плакат, топтарға бөлу фишкалары, таратпа материалдар, рефлексия парақтары, стикерлер, түрлі түсті қарындаштар, куб, қорап.
Күтілетін нәтиже: Ұлыбритания білім беру жүйесі жайлы мәлімет алады, топта жұмыс істеуді үйренеді, рефлексия жазуды үйренеді, сины тұрғыда ойлай алады, диалогтік оқытуды үйренеді.
Модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Стратегиялар: «Ыстық алақан», «Кубизм», «Өкіл», «Диалогтік оқыту», «Ми шайқау», «Бағдаршам», «Сұрағы бар қорап».
Сабақ барысы
Блум
Кіріспе
Оқушылармен сәлемдесу Good morning!
Көңіл-күйлерін сұрау How are you today?
Сынып кезекшісімен диалог. Who is on duty today?
Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру
«Ыстық алақан» тренингін өткізу. Оқушылар алақандарын ұстап тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.
Тұсаукесер
Топтарға бөліну. Фишкалардың көмегімен. 2 топ. Жылан мен Спанж Боб
Топтар атауы мен ұраны. Таныстырылым.
Алдыңғы тақырып бойынша жаңа сөздермен тапсырма. Топтық жұмыс.
Сөздердегі әріптер орыны ауыстырылады. Орындарына қойып сөздерді табу.
Comprehensive - ecvoimspnreeh
Blazer - rbeazl
Uniform - rmiunof
Private - vetarpi
Infant - fntian
Junior - rioujn
Барлық сөздер қандай тақырыпта?
Сонда бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?
Негізігі бөлім
-Today we will speak about schools in GB. Бүгін біз Ұлыбританияның мектептері жайлы жаңа тақырыпта әңгіме қозғаймыз.
Глоссарий: «Диалогтік оқыту»
Таратпа материалдарында таныс емес сөздерді беру.
Жаңа сөздерді топпен оқып шығу. 3 мин.
Жаңа сөздерді оқу, кезекпен кезек. Топтарға тапсырма: 115 бет 1-жаттығу.
Мәтінді аудару топпен.
Мәтін бойынша презентация дайындау. /ментальды карта, плакат/
116-бет 2-жаттығу. Сұрақтарға жауап беру. «Кубизм» әдісі бойынша. Кубтың жан-жағында сұрақтар саны жазылған. 8 cұрақ, кубтың 1 жағына екі түспен жазылған 2 саннан. 1 топ кубты лақтырады да, түсті таңдайды. Сұраққа келесі топ жауап береді. 2 топ бір-бірін 8,9,10 ұпайларымен бағалайды.Топтық бағалау.
Сергіту сәті.
1-ден 10-ға дейінгі сандарды ағылшынша айта отырып мұрындарымен ауада жазу.
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Қорытынды бөлім
116-бет 4-жаттығу Сөйлемдерді дұрыс жаз.
Топ ішінде жұптық жұмыс. Жұппен тапсырманы жазған соң, топпен тексереді. «Өкіл» стратегиясы бойынша әр топ 1 оқушыны келесі топқа жібереді. Сол оқушы өз тобы жазған жауаптарын келесі топпен тексереді, сәйкестендіреді. Солай 2 топ бір-бірінің жауаптарын тексереді.
Жинақтау
Бағалау
Топ ішінде мүшелері бірін-бірі 8,9,10 ұпайларын көтеру арқылы бағалайды. Топішілік бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды.
Бағалау
Рефлексия
«Бағдаршам» әдісі бойынша қызыл - түсінбедім
сары - толық түсінбедім
Жасыл - түсіндім
Сыныптың әр оқушысы рефлексия жазады. Рефлексия жазу
«Сұрақтары бар қорап» әр оқушы сабақ соңында қорапқа сабақта нені өзгертер еді? Мұғалім орнында болса қандай өзгешелік енгізер еді?
Үйге тапсырма 116-бет 5 жаттығу