7


  • Учителю
  • ҒЫлыми жоба. Ағылшын тілі мәдениетіндегі лакуна сөздерінің ерекшеліктері

ҒЫлыми жоба. Ағылшын тілі мәдениетіндегі лакуна сөздерінің ерекшеліктері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп



Ағылшын тілі мәдениетіндегі
лакуна сөздерінің ерекшеліктері

Жобаны дайындаған 10-сынып оқушысы

Батаева Алтын

Жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Жексенова А.С.

Кеңтүбек

2015-2016 оқу жылы

Мақсаты; Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың кеңеюінің нәтижесінде және халықаралық байланыстың даму жағдайында әр түрлі тілде ақпарат алмасу кеңінен жолға қойылып отырғандағы мәдени аралық коммуникативтік біліктіліктің Қазақстан сияқты дамушы елдегі маңыздылығын көрсетеді. Осыған байланысты ағылшын тіліндегі эквивалентсіз лексикалар, лакуна сөздерінің ерекшкліктерін қарастыру.


Гипотеза: Әлемнің мәдени және тілдік көрінісі өзара тығыз байланысты және бір-бірімен үнемі әрекеттесіп, әлемнің шынайы көрінісіне апарады. Тіл-мәдениеттің айнасы, онда адамның шынайы әлемі, оның өмірлік жағдайы ғана емес, сонымен бірге халықтың қоғамдық сана-сезімі, оның менталитеті, өмір салты, дәстүрі, әдеп-ғұрпы, құндылықтар жүйесі, дүниетанымы, әлемді көріп тануы тілді жай «айна» ретінде сипаттап қана коймайды, сонымен қатар оны адамның тұлғасын, тілдің тасушысы ретінде тілдегі әлемді тану, адамдарға деген көзқарас арқылы қалыптастыратын қару ретінде сипаттайды.


Мазмұны:

Кіріспе

1.Тіл мен мәдениттің байланысы 1.1Лингвистикалық мәдениеттану-тіл мен мәдениеттің байланысын зерттейтін ғылым.

Зерттейтін бөлім

2. Лакуна туралы түсінік

2.2 Ағылшын тіл мәдениетіндегі лакунаның ерекшеліктері.

Қорытынды


1.Бұл жоба жұмысымда ағылшын тілінен кірме сөздердің, яғни лакуналардың біздің сөз қорымызға қаншалықты әсер етуі жайлы жазылып отыр.

Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу - бізге қойып отырған өмірдің талабы.

Тілді қоршаған әлемнің бейнесін көрсететін айнамен жиі салыстырады. Шынайы әлем мен тіл арасында әр уақытта сол тілдің тасушысы-ойлау қабілеті бар адам тұрады. Тіл адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде оны қолданатын тілдің ұжымының өмірімен және дамуымен тығыз байланысты болады.

Сонымен қатар, нақтылап айта кету қажет, сөз заттың өзін емес, тілді қолданушыға оның ойындағы осы зат жөнінде қалыптасқан ұғыммен, түсінікпен күштелген оның көрінісін бейнелейді. Ал ұғым болса, абстракцияны білдіреді, себебі ол осы ұғымды қалыптастыратын қандай да бір негізгі белгілерді жалпылау деңгейінде қалыптасады.

Тіл, ойлау және мәдениет өзара тығыз байланысқан, бұл үш компонент тұтас бірлікті құрайды, олардың ешқайсысы бір-бірінсіз әрекет жасай алмайды.

Адамды қоршаған әлем үш түрде берілген: әлемнің шынай көрінісі, мәдени немесе ұғымдық көрінісі және әлемнің тілдік көрінісі.

Әлемнің шынайы көрінісі объктивті шындықты,адамның қоршаған әлемін білдіреді.

Әлемнің тілдік көрінісі шынайы көріністің сезім мүшелері арқылы алынған және ұжымдықта , жеке де сана арқылы өткізілген адам түсініктерінің негізінде қалыптасқан ұғымдардың аралық әсерімен қарау арқылы бейнелеуі болып табылады. Ол географиялық, тарихи, табиғи жағдайлармен, нанымдармен, өмір салтымен және т.б. шартталған, сол себепті ол ерекше және түрлі елдерде әрқилы болып келеді.

Әлемнің мәдени және тілдік көрінісі өзара тығыз байланысты және бір-бірімен үнемі әрекеттесіп, әлемнің шынайы көрінісіне апарады.

Тіл -мәдениеттің айнасы, онда адамның қоршаған шынайы әлемі, оның өмірлік жағдайы ғана емес, сонымен бірге халықтың қоғамдық сана-сезімі, оның менталитеті, ұлттық мінез-құлқы, өмір салты, дәстүрі, әдеп-ғұрпы, құндылықтар жүйесі, дүниетанымы, әлемді көріп тануы тілді жай «айна» ретінде сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар оны адамның тұлғасын тілдің тасушысы ретінде тілдегі әлемді тану , менталитет, адамдарға деген көзқарас және т.б. арқылы, яғни осы тілді қатынас құралы ретінде қолданатын халықтың мәдениеті арқылы қалыптастыратын «қару» ретінде де сипаттайды.


.

1.1 Мәдениетті зерттеумен тікелей байланысты тіл жөніндегі ғылым саласы ретінде лингвистикалық мәдениеттану деген пән бар. Ол жинақтауыш үлгідегі ғылыми пән болып саналады. Ол мәдениет пен тілдің қызметі арасындағы байланыс пен өзара әрекетті зерттейді және бұл үрдісті, жүйелік әдістердің көмегімен және замануи басылымдықтар мен мәдени заңдарға бағдар ұстай отыра, тілдік және тілден тыс мазмұндарының тұтастығында бірліктердің тұтас құрылымы ретінде көрсетеді.

Сонымен, тіл мен мәдениет сияқты екі құбылыс бір-бірімен бітісіп,бір-бірінің құрамдас бөлігі болып кетеді.

Бір жағынан, тіл адам қызметінің бір түрі ретінде, «адам өмірінің түрлі аясындағы адам қызметі нәтижелерінің қосындысы ретінде, біздің өмір салтымызды сипаттайтын тәжірибелік дағдылар мен ойлардың әлеуметтік қосындысы» ретінде анықталатын мәдениеттен тыс бола алмайды, тіл мәдениеттің құрамдас бөлігі болып саналады.

Екінші жағынан, егер тілді меңгеру тұрғысынан қарастырсақ, мейлі туған тіл болсын немесе шет тілі болсын, онда мәдениет компоненті тілдің бөлігіне айналады. Бұл жерде мәдени компонент жай тілмен жеткізілетін ақпарат болып қана қоймайды, сонымен қатар барлық деңгейіне тән тілдің ажырамас қасиеті ретінде көрініс табады.

Тілді оқып - үйрену бізге өз бетінше ойлай білу, есте сақтау қабілеттеріміздің жетілуіне, дүниеге рухани және эстетикалық көзқарастарымыз және мінез-құлқымыздың қалыптасуына, өз бетімізбен ізденіп жұмыс істеуімізге әсер етеді.

Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың кеңеюінің нәтижесінде және халықаралық байланыстың даму жағдайында әр түрлі тілде ақпарат алмасу кеңінен жолға қойылып отырғандағы мәдени аралық коммуникативтік біліктіліктің Қазақстан сияқты дамушы елдегі маңыздылығын көрсетеді.

Шет тілін үйренгенде аударманың адам қызметінің ең көне түрі екені даусыз. Аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Аударма - түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас/ коммуникация/ мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.

Лингвистикада және аударматануда аударма тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады.

Лингвист З.Е. Роганова зерттеулеріне сәйкес, аударма - бұл барабарлы /эквиваленттік/ нұсқаның басқа тіл арқылы мазмұнын және формасын қарастырып, жаңадан құру. Екі тіл жүйесінің компонентерін салыстыру негізінде, аудару кезінде керекті тіл бірліктерін таңдап алу.Тілдік қарым-қатынаста қазіргі қолданыста лакуна маңыздылығы көп.

Ағылшын тіліндегі реалия, лакуна -зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді. Олар берілген тілдің лексикасының элемент ретінде қолданады. Реалия, лакуна сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады.


2.Ағылшын тіліндегі лакуна сөздерінің ерекшеліктері Эквивалентсіз лексика:

1.Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер /сөздер және тұрақы тіркестер/. Өте жиі эквивалентсіз лексикаға: реалия және лакуна сөздер жатады, яғни уақытша эквиваленті жоқ терминдер, кездейсоқ эквивалентсіз сөздер жатқызылады.

2.Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің лакуна, реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы.. Яғни, лакуналар -тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.

Жоғарыда айтылған барлық анықтамалар аудару практикасына жатады да, аударма тілінде басқа тілде лакуна болатын сөздерге тұрақты элементтердің болмауы фактісін белгілейді. Мәдени, ғылыми-техникалық, саяси дамудың қарқынына байланысты белгілі бір кезеңде шектеулі болуы мүмкін. Сонда лакуна сөздер тілде толықтауыш қызметін атқарады. Олар тек қана ерекше заттарды, құбылыстарды білдірмей, сонымен қатар олар белгілі бір тарихи кезеңімен ара қатынасын белгілейді.

Лакуна сөздері сипаттайтын факторларына сәйкес келесі топтпрға бөлінеді:

1.Заттық ( тұрмыс, киім, ақша, географиялық, өлшем бірлігі, лауазым және атақ, партиялар, саяси-әлеуметтік қозғалыс, әскери, фольклор, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар);

2.Уақыттық ( осы заманғы және лакуна сөздер);

3.Жергілікті ( тілге және ұлтқа байланысты);

4.Аудармашылық.

Заттық топтау. Бұл топқа белгілі бір халықтың өмірінің тұрмыстық жақтары кіреді. Оларға келесі сөздер кіреді:

а/ географиялық сөздер ( топонимдер ) : тундра, дала, каньон.

ә/ Болмыс сөздер (тамақ): галушки, квас, бауырсақ, қымыз, бифстроган, көже, щи.

б/ киім: пима, кимоно, сәукеле, мәсі, джинсы, юбка, сюртук т.б.

в/ ақша, өлшем бірліктері( рубль, доллар, фунт, стерлинг, марка, теңге т.б.)

г/ сәулет : ( балкон, лоджия, фонтан)

ғ/ дәрежелер, лауазымдар: шах, король, хан, царь, би т.б

д/ саяси-қоғамдық қозғалыстар, партиялар: тори, виги, коммунистік партия т.б.

е/ әскери ( Қызыл армия, орда, жүздік т.б.)

ж/ әкімшілік-аумақтық бірліктер: (губерния, облы, штат, қауым)

з/ фольклор, ойыншықтар, ойындар, жанрлар, мәдени және мәдени-тарихи сөздер: соловей Разбойник, матрешка, барыня, Алдар Көсе, Санта Клаус т.б.

Қорытынды. ( презентация көрсетіледі )

Сөзімнің соңында, белгілі тіл лексикасының жат реалиялармен, лакуналармен толығуы жүйелі және бір қалыпты түрде өтеді. Бірақ, байқап отырсақ күнделік өмірде ауыз -екі қарымқатынас кезеңінде жаңадан лакуна сөздері ағылшын тілінен қазақ және орыс тілінде күнделік өмірде кіруде. Осыған себепші болып отырған қазіргі замануи технологиялардың дамуы, соған байланысты көптеген жаңа ұғымдар пайда болды, олар біздің тілге эквивалентсіз лексика болып кіруде. Яғни, аудару тілінде, басқа халықтың сөздігінде лакуна, реалия сөздерінің аудармасы нақты айтылмайды. Алайда, қатынас деңгейінде ол сөздерді аудару үшін тілдік тәсілдер бар. Эквивалентсіз лексика қатыстық және кейбір кездерде уақытты сипаттамаға сай. Өзімнің зерттеу тақырыбымда күнделікті өмірде кездесетін лакуна,реалия сөздерін аудармаса да мағынасын кез келген адам түсінетінін байқадым.

The use of English as a global language is an important trend in world communication. Globalization is linked to English being a lingua franca.

English is an international language in communications, science, business, aviation, entertainment, radio, diplomacy.

English is spoken by almost half of the population in the world.

The influence of the English language is growing in Russia and Kazakhstan too. It is used in many fields of social and scientific life, culture ad economics. And the problem of a great impact of the English and American culture on the Russian and Kazakh culture is growing.

One can see the English sings almost every where, it is fashionable to name the shops and firms by the English words.

A lot of things / clothes, footwear, kid's toys, copy-books, bags…/ have signs on the English language.

It is important to study the process of borrowing the English words and make a conclusion, if it is dangerous for the Russian and Kazakh languages.

It is necessary to study the recent changes in the Kazakh and Russian languages, connected with the English lacunas7

Globalization is the rapid increase in cross-border economic, social, technological exchange under conditions of capitalism.

Influences all spheres of our life: culture, business, trade, politics, environment and even our mentality.

English is becoming the world language because:

  1. It's the first foreign language studied at all the educational institutions of Europe and in the world.

  2. A lot of terminology words are borrowed from the English language.

Қолданылған әдебиеттер:


Марковина И.Ю. -« Влияние национальной специфики языка икультуры на процесс межкультурного общения». М.,1983.

Садыкова Г.З - «Абсолютная фразеологическая лакунарность. Закономерности взаимодействия национальных языков и литератур». Казань, 1988. с. 19-24

Сорокин Ю.А. - «Теория лакун и оптимизация межкультурного общения. Семантика ипрагматика текста». Барнаул, 1988. С.32-37

Шаховскийй В.И. - «Эмоциональные культурные концепты: паралели и контрасты». Волгоград, 1996.

Түйін


Бұл жоба жұмысында ағылшын тілінен кірме сөздердің, яғни лакуналардың біздің сөз қорымызға қаншалықты әсер етуі жайлы көрсетілген.

Тілді қоршаған әлемнің бейнесін көрсететін айнамен жиі салыстырады.

Тіл адамдар арасындағы қарым-қатынас құрал ретінде оны қолданатын тілді ұжымының өмірімен және дамуымен тығыз байланысты болады.

Белгілі тіл лексикасының жат лакуналармен толығуы жүйелі және бір қалыпты түрде өтеді.

Тіл, ойлау, мәдениет өзара тығыз байланысқан, бұл үш компонент тұтас бірлікті құрайды.

Дүниежүзіне кеңінен тараған ағылшын тілінің ерекшеліктері ескеріледі. Лингвистика саласындағы ағылшын тіліндегі лакуна сөздерінің ролінің маңыздылығы көрсетілді.

Ағылшын тілі халықаралық қатынас тілі болғандықтан, тілдегі ерекше эквивалентсіз лексикалар барлық салада, яғни ғылымда, бизнесте,авиацияда, радио және шетел қарым-қатынаста.

Зерттеу бөлімінде ағылшын тіліндегі лакуна сөздерінің ерешеліктері көрсетіледі.

Ағылшын тіліндегі лакуна сөздері дүниежүзінде қолданыста.

Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер.

Өте жиі эквивалентсіз лексикаға реалия, лакуна сөздері жатады, яғни уақытша эквиваленті жоқ терминдер, кездейсоқ эквивалентсіз сөздер жатқызылады. Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің лакуна, реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер жатқызылады. Лакуна - тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар екені және лакуна сөздері сипаттайтын факторларына сәйкес топтарына тоқталды.

Кез -келген тіл лексикасының жат реалиялармен, лакуналармен толығуы жүйелі және бір қалыпты түрде өтеді. Лакуна сөздерінің күнделікті өмірдегі қарым-қатынастағы атқарушы ролі көрсетіледі. Лакуна сөздерінің кеңінен қолданылуына себепші болып отырған қазіргі замануи технологиялардың дамуы, соған байланысты көптеген жаңа ұғымдар пайда болды, олардың біздің тілге эквивлентсіз лексика болып кіруде


Annotation: this project is devoted to present-day issues of intercultural communication. Author analyses the problem of understanding between different nations regarding the fact that there are certain ethno-specific components in every language that can complicate the process of interaction.

Regarding the contacts between dissimilar languages author demonstrates one of the means to compensate culturally conditioned lexical gaps.

Also the ways of adaptation of foreign lexis are investigated.

The use of English as a global language is an important trend in world communication. Globalization is linked to English being a lingua franca.

English is an international language in communications, science, business, aviation, entertainment, radio, diplomacy.

English is spoken by almost half of the population in the world.

The influence of the English language is growing in Russia and Kazakhstan too. It is used in many fields of social and scientific life, culture, art, economics. And the problem of a great impact of the English and American culture on the Russian and Kazakh culture is growing.

One can see the English sings almost every where, it is fashionable to name the shops and firms by the English words.

A lot of things / clothes, footwear, kid's toys, copy-books, bags…/ have signs on the English language.

It is important to study the process of borrowing the English words and make a conclusion, if it is dangerous for the Russian and Kazakh languages.

It is necessary to study the recent changes in the Kazakh and Russian languages, connected with the English lacunas7

Globalization is the rapid increase in cross-border economic, social, technological exchange under conditions of capitalism.

Influences all spheres of our life: culture, business, trade, politics, environment and even our mentality.

English is becoming the world language because:

  1. It's the first foreign language studied at all the educational institutions of Europe and in the world.

  2. A lot of terminology words are borrowed from the English language.

« Баланы оқытудың мақсаты оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз -ақ дамуға қабілетті ету»

( Эдгар Хабард )


Жобалау жұмысының мақсаты- 1. Оқушылардың жан-жақты қызығушылықтарын арттыру, жеке тұлға ретінде интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін /потенциалын/ арттыру.

  1. Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінен дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, өзін көрсете білетін жеке тұлға дамыту.

2.Сапалы білім алуға, біліктілігін көтеруге деген ынтасын арттыру.

Жобалау жұмысының ұстанымдары:

  1. Жобалау идеясының шынайы өмірмен байланысы.

  2. Жобалауға қатысушылардың жобаны орындауға деген қызығушылықтары.

  3. Жобалау жұмысына қатысушылардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен жауапкершілігі

  4. Қажетті нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу.

  5. Жобаның жеке пәндік және пән аралық сипаты.


Жобалау жұмысы ұш кезеңнен тұрады: дайындық, негізгі және қорытынды.

І. Дайындық кезең

1. Қазіргі отандық және бақа әдістемелік әдістемелік құралдарды қарап шығу.

2. Оқушының өз бетімен тақырыпқа материал қарау.

3. Жобаның идеясын таңдау, талдау.

ІІ. Негізгі кезең

  1. Жобаның рет ретімен орындалуын және мерзімін талқылау.

  2. Жобаның жұмысын жоспарлау.

  3. Оқушының жобаны орындаудағы практикалық іс-әрекеттері.

  4. Кеңес беру.

  5. Интернет мүмкіншіліктерін пайдалану.

ІІІ. Қорытынды кезең

  1. Жобаны қорытындылау, қорғау.

Жобалау жұмысынан күтілетін нәтиже:


  1. Оқушы басқамен қарым-қатынас жасай біледі.

  2. Басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластықпен, түсіністікпен қарауға үйренеді.

  3. Өз ойын топ ішінде, топ алдында ашық айтуға, қорғай білуге үйренеді.

  4. Керек кезінде өз көзқарастарын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді.

  5. Оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге белсенділігі жоғарылайды.

  6. Алған білімдерін өмірмен, тәжірибемен байланыстыра алады.


Бүгінгі білім беру процессінде оқушыларды жобалау жұмысы арқылы шығармашылығын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру болып табылады. Өйткені жас дарынмен жұмыстың ауыртпалығы мен қуанышын бірге тарататын адамдар да, оның шығармашылық қабілеттерін де ашатын кілт мұғалім қолында. Сол себепті қазіргі таңда оқушылармен жұмыста бір мақсатты көздеген жүйе қалыптастыру қажет.

Қорыта кел, оқушының қызығушылығын жоғалтпай, уақытылы танып, дамытып, құрметтеу, ұлт мақтанышыболарлықтай қылу ол әрбіреіміздің міндетіміз.

Оқушы үшін:

  1. Мақсаткершілікке үйретеді.

  2. Бұрыңғы білетіндерін салыстырады.

  3. Әр нәрсені әртүрлі қырынан көреді.

  4. Қорыынды жасайды.

  5. «Ғалым», «Ғылым» деген сөздерге алғашқы қадам жасайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал