7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен жазба жұмыстар

Қазақ тілінен жазба жұмыстар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілінен жазба жұмыстар

Бақылау диктанттары

5 сынып

I деңгей

Менің досым

Менің достарым өте көп.Солардың ішінде ең жақын досым -Алмас.Екеуміз кішкентайдан бірге өстік.Спортпен айналыстық, үйірмелерге бірге қатыстық. Алмас -адал , шыншыл дос.Ол сабақты жақсы оқиды, музыка тыңдауды жақсы көреді.Бос уақытта көркем әдебиеттерді көп оқиды,өлең шығарумен айналысады.Екеуміздің арманымыз -нағыз азамат болып,өз Отанымызға пайдалы болу .

Кітап.

Кітап-қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды,сырыңды сыртқа шашпайды.Саған әр уақытта үндемей көмектеседі.Әрдайым айтқаныңа көнеді,айдауыңа жүреді,ақы сұрамайды.Бірақ сен де кітапқа қайырымды бол.Кітапты сүй! Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет! Кітап көп ақылдың құйылған көлі, ортақ мүлік, халық қазынасы,сарқылмас білім бұлағы.

«Ханталапай»

Асықпен ойналатын ойынның бір түрі - «Ханталапай».Ойынды жас балалар ойнайды.Ойыншылар ойын жүргізуші кісінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықтарды «ханталапай» деп ортаға шашып жібереді.Отырғандар асықты тез жиып алуы керек. Кім аз асық жиып алса, сол жеңілген болады. Асығы көп ойыншы жеңімпаз атанады.

Мұражайда

Алматыда мұражайлардың түр-түрі бар. Балалар оларды аралап,көп қызықтады.Әсіресе, археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.

Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар ,әшекей бұйымдарға қарап, біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр.





Қазақ тілінен жазба жұмыстар

Бақылау диктанттары

5 сынып

II деңгей

Ана тілі

Тіл-қатынас құралы.Кез келген халықтың өз ана тілі бар.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады. Ол- атадан балаға қалып отыратын асыл мұра.

Қазақ халқының ана тілі -қазақ тілі.Қазақ тілі -көне тіл.Ол қазақ тілдерінің қыпшақ тобына жатады.

Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - ұлы Абай мен Мұхтардың, Сәкен мен Ілиястың ана тілі.

Қазақ тілі -бай, әдемі, көркем тіл. Ана тілінде сөйлеу, ана тілін сақтау,мақтаныш ету-әр адамның парызы.

Абай

Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны. Ол қазақ халқын әр түрлі өнер үйренуге, білім алуға шақырады. Халқына еңбекті сүюдің,еңбек ете білудің пайдасын түсіндірді. Ақын өсекші,өтірікші, жалқау, мақтаншақ адамдарды жек көрді.Абай өз өлеңдерінде мұндай адамдарды қатты сынады.Ол қарапайым халықтың өте ауыр халін көре білді. Байлар мен болыстардың, билер мен молдалардың ұнамсыз істерін әшкерелейтін көптеген өлеңдер жазды.

Достық бастауы.

Шоқан бес жасында хат таныған.Әкесі Шыңғысқа ескі жыр -дастандарды жазып алуға көмектескен.Баласының сауатын ары қарай ашу мақсатында әкесі Шоқанды орысша үйретуді ұйғарды.

Шоқан әкесімен Потаниннің үйіне келді.Оның Шоқанмен құрдас ұлы бар екен. Аты-Григорий. Ол қазақ балаларымен араласып өсіпті.Григорий Шоқанға орыс әріптерін таныстырып, орысша үйретті. Шоқан орыс әріптерін төрт -бес күнде меңгеріп алды.Орысша сөйлемдер құрастыруды да тез үйренді. Шоқанның зеректігіне Григорий таңданды.

















</<font face="Times New Roman, serif">Қазақ тілінен жазба жұмыстар

Бақылау диктанттары

5 сынып

III деңгей

Қазақстан табиғаты.

Қазақстан жануарлар және өсімдіктер дүниесі әр түрлі. Республикамызда 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 107 түрлі балық бар. Каспий мен Арал теңізінің ортасындағы Үстіртте өте сирек кездесетін аңдар мекендейді. Мысалы, муфлон,сусар, қабылан, сілеусін тағы басқа аңдар. Солтүстік Тянь-Шаньда шабындықтар, алма ағашы,өседі. Батыс Тянь -Шаньда шабындықтар, алма ағашы, орман жаңғағы көп. Таудың басында қыста да, жазда да мұз жатады.



Алматы

Айдос Алматыға апасымен бірге еріп келді. Қала оған керемет ұнады. Ол, әсіресе, Алатауға таң қалды. Басы- ақ қар, етегі көктем. Бір өзінде жылдың екі мезгілі тұр. Шыңдары аспан тіреп тұрған сияқты. Күн ыстық болса, тау жақтан самал жел соғады. Ауық -ауық сіркіреп жауын жауады. Көшелердің шаңы басылады. Үйлер мен ағаштар тап-таза болады. Көшелерде бұрқақ атқылайды. Айдос қаланың көрікті жерлерін тамашалады. Мектепте алған әсерлері туралы шығарма жазды.



Қазақстан Туы

Қазақстанның мемлекеттік туы аспан түстес, көгілдір. Көк түс - адалдықтың, тазалықтың белгісі. Сонымен қатар осы түстес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болатынын білдіреді.

Туымыз бір түсті, қоспасы жоқ. Ол халқымыздың бірлігін, тұтастығын білдіреді.

Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті және ұлттық өрнек бейнеленген. Күн - байлық пен берекенің нышаны. Қыран бүркіт- еркіндіктің белгісі. Ою-өрнектер - қазақ халқының өмірлік серігі.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал