7


  • Учителю
  • урок по казахскому языку на тему ' Көмектес септік '

урок по казахскому языку на тему ' Көмектес септік '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жері. Көптік жалғау.Күтілетін нәтижелер: 1. Оқушылар көптік жалғаулар туралы білімдерін еске түсіріп, жинақтайды. 2. Өз бетімен мәтіннің мазмұнын түсініп, меңгереді. 3. Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. 4. Алған ақпаратты топ мүшелеріне
предварительный просмотр материала

6 класс

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жері. Көптік жалғау.

Күтілетін нәтижелер:

1. Оқушылар көптік жалғаулар туралы білімдерін еске түсіріп, жинақтайды.

2. Өз бетімен мәтіннің мазмұнын түсініп, меңгереді.

3. Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

4. Алған ақпаратты топ мүшелеріне түсінікті түрде жеткізе алады.

5. Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар қоя алады.

6. Оқиғаға байланысты өз көзқарасын айта алады.

7. Сабақ барысында коммуникативтік дағдыларын жүзеге асырады.

8. Мәтіннің мазмұнын қысқаша түрде жеткізе алады.

9. Сұрақтарды талқылауға қатыса алады.

10. Өз тобының көзқарасын басқа топтардың көзқарастарымен салыстыра алады.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру. Кезекшімен сұхбаттасу.

-бүгін сыныпта кім кезекші?

-сыныпта кім жоқ?

-бүгін аптаның қай күні?

-қазір қай ай?

-бүгін нешесі?

-үйге қандай тапсырма берілді?

Шеңберге шығып бір- біріне тілек айтады («Жақсы сөз- жарым ырыс» қазақ мақалы). Топқа бөлу (суреттер арқылы). Тақтаға плакатқа смайлинк арқылы көңіл- күйлерін көрсетеді.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.


Балалар мына суретке қарап (карта, киіз үй, домбыра, тау), бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсындар? Дұрыс, бүгінгі сабақтың грамматикалық тақырыбы: «Көптік жалғау», лексикалық тақырыбы: «Қазақстан».

Сабақтың мақсаты көптік жалғаумен танысамыз, әр түрлі тапсырмалар арқылы бекітеміз. Қазақстан жерімен мәтін арқылы танысамыз.

1. Жаңа сөздермен танысамыз (сөздік дәптерлеріне жаңа сөздерді жазады)


2. Мәтінмен жұмыс жасау (мәтінді өзім оқимын), сосын топтық жұмыс.

1- топ мәтінді аударады. 2-топ мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. 3-топ мәтін бойынша диалог құрастырады.

Ережені түсіндіру. Көптік жалғау кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді. К.ж. -лар, лер, -дар, дер,-тар, -тер деген жалғаулар арқылы жасалады. -лар, -лер - дауысты дыбыстардан, үнді дауыссыздардан. -дар, -дер - үнді, ұяң дауыссыздардан. -тар, -тер- қатаң, ұяң дауыссыздардан.

3. Оқулықпен жұмыс


Өсімдік, топырақ, аймақ деген сөздерге К.ж. жалғаңыз, бір-бірін тексеру (жеке, топта, 1- ші топ 2- ші топты тексереді, 3-ші топ 1-ші топты, 2- ші топ 3- ші топты тексереді). Сосын тақтадан дұрыс жауап тексеріледі.

4. Сандарды сөйлет

16 ж-

4-

30-

Келесі тапсырма мәтіннің ішінен К.с. табу, бір-бірін тексеру (жеке, топта, 1- ші топ 2- ші топты тексереді, 3-ші топ 1-ші топты, 2- ші топ 3- ші топты тексереді). Сосын тақтадан дұрыс жауап тексеріледі.

5. Суретті сөйлет (жалғауларды жалғау және түсіндіру).




6. Тест жасау (оны тақтадағы кілт бойынша тексереді)

7. Рефлексия жасау.

-Қазақстан туралы не білдік?

-көптік жалғау қандай сұрақтарға жауап беріп, қандай жалғаулар арқылы жасалады?

Постерге жазады (әр топ өзінің жұмысын қорғайды).

Сабақта не білдім? Сабақтан не алдым ?


Сабақтың соңында өздерінің көңіл-күйлерін смайлинк арқылы көрсетеді. Плакатқа сабақтың соңында тілектерін жазады. Бағалау парағын тапсырады.

Сабақтың қорытындысы:

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.

Қалалық ашық сабақ


Тақырыбы: Қазақстан жері. Көптік жалғау

Өткізген: Баймағамбетова Ә.А.


22 желтоқсан 2014 ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал