- Учителю
- Инновационная методика преподавания казахского языка
Инновационная методика преподавания казахского языка
«Просвещение» ғылыми-әдістемелік республикалық интернет-журналы. 2016 мамыр. seviba@mail.ru
Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық
кафедрасының аға
оқытушысы Наралиева Р.Т
ҚР, Алматы
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың инновациялық әдістемесі
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі дегеніміз - бұл ұстаздың оқу-тәрбие ісінде белгілі бір аяда мақсатты түрде қолдана алатын, білім алушы мен оқытушы арасындағы байланысты ұйымдастыру барысында басшылыққа алатын педагогикалық регулятивті ұстанымдар жүйесі. Анықтап айтар болсақ, әдістеме - педагогикалық іс-әрекеттің ережесі, ұстаздық шеберлік және оны жүзеге асырудың тәсілі болып табылады.
Тілді үйрету, бір тілді шет тілі ретінде оқытудың мазмұны пән оқытушысы пайдаланатын оқыту әдістемесі анықталады. Оқыту әдістемесі - ұстаз бен білім алушының өзара қарым-қатынас үдерісі, себебі өзара әрекеттестіктің арқасында педагог өзіндік ұстаздық тәжірибесін және әртүрлі амал-тәсілдерді қолдану арқылы оқу бағдарламасы мен мазмұнында белгіленген жоспар мен мақсатқа сай білім алушыға білім беру, тілді меңгерту әрекеттерін іске асырады[1,244]. Қазақ тілін екінші немесе шет тілі ретінде оқыту үдерісінде тіл үйренушілердің әртүрлі топтағы адамдар болуына байланысты мен стандартты оқушыне студент дегеннен гөрі білім алушы немесе тіл үйренуші деген терімсөзді қолдану жөн көрдім. Оқу әдістемесі дегеніміз білім беру барысында оқытушы мен білім алушы арасындағы уақытша қатынас: тіл үйренушінің талабына сұранысына сай бағытталған нақты білім мен дағды, тәсіл болып саналады. Жалпы оқыту әдістемесі дәстүрлі/қалыпты және дәстүрлі емес/қалыпты емес болып екіге бөлінеді. Дәстүрлі әдістеменің қазіргі таңда оқу үдерісінде басты үш топқа жіктейміз. Отандық білім беру жүйесінде қалыптасқан дәстүр мен танымдық оқу жұмысын жүзеге асыру мен ұйымдастыру істерінің мазмұнына қарай былай қарастырамыз:
1-топқа негізгі пәндер бойынша ұсынылатын оқу материалдарының шығармалары, яғни практикалық материалдар, сөздіктер, көрнекі құралдар жатады. 2-топқа отанымдық оқу жұмысының мазмұны бойынша репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстративтік, ізденістік, зерттеулік, мәселелік оқыту әдістері жатады. 3-топқа оқу материалын қабылдау және өз шығармашылығын көрсету логикасы бойынша индуктивтік және дедуктивтік [2,352] әдістер жатады. Оқыту мен танымдық жұмыстың әсерлі де тиімді болуы үшін оқу үдерісінде бақылау жұмыстарын қолданамыз. Бақылау жұмысының әдістемелері ауызша немесе жазбаша болып келеді, соңғы кездерде отандық білім берудің мазмұнына қарай тест сынағын, тестілік тапсырмаларды пайдаланып жүрміз. Бақылау жұмыстары білім алушының алған білімінің нақты білім көрсеткішін, үлгерімін ғана көрсетіп қоймайды, білім берушінің - ұстаздың білімі мен біліктілігінің дәрежесін, білім сапасын, нәтижесін айқындайтын өте тиімді сынақ әдістемесі болып саналады. Оқу үдерісінде, білім беру ісінде оқу әдістемесі болып саналатын тағы да басқа әдістемелер түрі жетерлік, мысалы, атап айтатын болсақ, белсенді/активті, енжар/пассивті, интербелсенді/интерактивті, эвристикалық секілді әдістер бар. В практике обучения существуют и другие подходы к определению методов обучения, которые основаны на степени осознанности восприятия учебного материала: пассивные, активные, интерактивные, эвристические и прочие. Эти определения требуют дальнейшего уточнения, т.к. процесс обучения не может быть пассивным и не всегда является открытием (эврикой) для учащихся. Методы стимулирования учебно-познавательной деятельности: Определённые поощрения в формировании мотивации, чувства ответственности, обязательств, интересов в овладении знаниями, умениями и навыками.[3,544]
Білім беру саласында қанша жақсы ұстаз болса, сонша жақсы әдістеме бар деген нақыл сөздің түп-тамырында шындық жатқанын ұмытпайық.
Оқу практикасында қолданылатын негізгі әдістемелердің мән, мазмұнын ашып айтар болсақ, белсенді әдіс дегеніміз - ұстаз бен білім алушы арасындағы өзара қарым-қатынас сабақ барысында белсенді түрде болады, бұндай сабақ барысында тіл үйренуші тек тыңдаушы ғана емес, сабаққа белсенді қатысушы тұлға болады. Белсенді әдістемені демократиялық әдістеме деп атауға болады. Ұстаз бен білім алушы тең дәрежеде сабаққа қатысады, ақпарат пен пікір алмасады. Соңғы уақытта жиі айтылатын интербелсенді әдістемені осы белсенді әдістеменің өте жетілген түрі ретінде де қарастыруға болады.
Белсенді әдіс:
Енжар әдістеме - ұстаз бен білім алушының арасындағы қарым-қатынасында, негізгі әрекетті жүзеге асырушы тұлға ұстаз болып табылатын әдістеме болып табылады. Бұндай оқыту әдістемесінде білім алушының білім сапасы, үлгерімі жазба бақылау жұмыстарын өткізумен, сауалнама жүргізу, СӨЖ жұмыстарын өткізумен және тест сынақтарын алумен жүзеге асырылады. Білім алушылар ұстаздың директивасына бағынушы тек тыңдаушы ретінде, ал ұстаз негізгі рөлді атқарушы, сабақтың барысын толық өз қолында ұстайтын басты тұлға болып табылады. Қазіргі таңдағы дәріс сабақтары - осы енжар әдістеменің кең тараған түрі. Егер белсенді әдістеме демократиялық мәнерде болса, ал енжар әдістеме беделдік мәнерге жүгінеді. Мұнда негізгі беделді тұлға - ұстаз. Ұстаз әрі менеджер.
Заманауи әдіскерлердің көзқарасы бойынша, енжар әдістеме ең қолайсыз әдістеме болып саналады, алайда бұл енжар әдістеменің де өзіндік артықшылықтары бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Практикалық сабақтарда тиімсіз болғанымен, жалпы шолу сабақтарында, дәрістерде/лекцияларда нақты прагматикаға құрылған бұл әдістемені білікті ұстаз өз сабақтарында шебер қолдана алады. Себебі нақты да терең білім беруге бағытталған, қызықты да керек деректер мен дәйектерге толы дәрістер білім алушыларға осы пән туралы көп мәлімет алуына мүмкіндік береді және ұстаз терең де мазмұнды білім беру арқылы тыңдаушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Себебі дәріс сабақтарының басты мақсаты - пән туралы терең білім беру.
Интербелсенді әдістеме дегеніміз (интер -өзара байланыс, ал белсенді сөзі акт терімсөзінің баламасы -әрекет деген ұғымды білдіреді) - өзара байланысқа, өзара әрекет етуге негізделген әдістеме. Интербелсенді әдістеме диалогтік, әңгімелесу түрінде болады. Бірлескен жұмыс түрінде жүзеге асырылады: мысалы, топтық, жұптық жұмыстар, зерттеулер, ізденістер, ақпараттық құралдармен, АҚТ құралдарымен жұмыс жасау, жағдаяттық және рөлдік ойын сабақтар түрінде болады. Интербелсенді әдістеме ұстаз бен білім алушының белсенді байланысымен ғана шектелмей білім алушылардың өзара кең қарым-қатынасын да қамтиды. Интербелсенді әдістемеде ұстаз тіл үйренушіге алға қойған мақсатын қалай жетуіне болатындығын көрсететін тұлға, яғни бағыт көрсетуші болып табылады. «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге/үйретуге болады»[4,6]. Интербелсенді сабақтарда білім алушыларға орындауға интербелсенді жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылады. Бұл интербелсенді жаттығулар мен тапсырмалар арқылы өткен материалдарды бекіте отырып, жаңа тақырыпты меңгертеді. Соңғы кезде жобалау әдістемесі де кең қолданысқа ие болуда. Ал бұл әдістемелердің қайсысын қалайтынын ұстаз өзі шешеді. Оқу үдерісінде басты рөл атқарушы ұстаз, сондықтан да таңдау ұстаздың қолында, дегенменде тіл үйренушілердің талабы мен сұранысын, ұсынысын ескере отырып сабақты ұйымдастыру олардың сабаққа, тіл үйренуге деген ынтасын арттыра түседі. Тіл үйрену де, тілді үйрету де жеңіл үдеріс емес. Ұстаздың көп ізденуін, көп үйренуін қажет ететін үдеріс. Қазіргі ХХІ ғасыр ақпараттық дәуір болғандықтан, бізге, ұстаздарға, уақыт талабынан, заман тынысынан қалмау керек. Тіл үйрету үдерісінде қандай жаңалықтар, тың әдістемелер бар? Осыған қысқаша тоқатала кетсем, соңғы кезде матрицалық-тілдік Тай-чи және Замяткиннің әдісі деген әдістер туралы жиі айтылып жүр. Матрицалық-тілдік әдісі айналымды-толқынды дыбыспен, кәсіпқой актерлердің немесе тіл қолданушылардың сұхбаттасуын медиативтік тәсілді пайдалану арқылы жазған аудиокурс болып табылады. Аудиокурстар қызықты диалогтерден құралады. Аудиокурсты тыңдау және диалогті қайталау арқылы тіл үйренуші тілді меңгеруі тиіс. Замяткиннің әдісін де кейде матрицалық әдіс деп те атайды. Замыткиннің әдісі туралы айтпастан бұрын, оның шығармашылық жолына қысқаша шолу жасасам, Замяткин Николай Федорович - шет тілдер факультетінің түлегі, АҚШ-та еңбек еткен, ЦРУ-дың қызметкерлеріне, әскерилерге, жасыл берет иелеріне сабақ берген, АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің Монтерейдегі шет тілдер Институтында көп жылдар жұмыс істеген. Ол тіл үйретуді тілдік матрицадан бастайды. Тілдік матрица монологтер, диалогтер, әртүрлі мәтіндер жинағы жазылған аудиожазба болып табылады. Замяткин - шет тілін өз бетінше оқып үйренуге арналған әдістің авторы. Автор өз әдісін «перипатеттік элементтері бар тілдің кері резонансының матрицалық-медитативтік әдісі» деп атайды. Автор өз әдістемесі туралы толық анықтама мен сипаттамасы туралы өзінің «Вас невозможно научить иностранному языку» атты кітабында толық мәлімет береді. Замяткиннің басты пікірлеріне назар аударсақ,
-
Мәтін көлемді болмауы, шағын болуы шарт, мазмұны жиі айтылатын сөздерден құралуы тиіс. Аудиожазба тілді қолданушылардың кідіріссіз айтуымен жазылу керек және жазбада музыка, шуылы арнайы әсері бар сияқты оқыс үндер, басқа дыбыстар болмауы қажет. әрбір аудиожазбаның ұзақтығы 10-15 секундтай болуы керек немесе 300-500 таңба қамтылуы шарт. Жазба дөңгеленіп айналуы, яғни бірнеше рет қайталнып жазылуы керек.
-
Әрбір дөңгеленген мәтін күн сайын бірнеше рет бірнеше сағат бірнеше күн бойы тыңдалғаны жөн (дұрысы тіл үйренуге кемінде күніне 3 сағат бөлінуі тиіс). Содан соң тіл үйренуші тағы да бірнеше күн бойы мәтінді қадағалап мұқият тыңдауға кіріседі. Енді мәтінді бірнеше күн бойы бірнеше сағат дауыстап, барынша дауыстап оқуы керек.
-
Осылайша 25-30 дөңгеленген мәтіндерден матрица жасалады. Матрицаның бір өзі 15-20 мыңдай баспа/әріп таңбасын қамтиды. Тек алғашқы бір мәтінді жетік меңгерген соң бір мәтіннен екінші мәтінге көшуге болады. Барлық мәтіндерді меңгергеннен кейін, 2-3 ай қайтадан басынан бастап аяғына дейін қайталап тыңдалуы, оқылуы тиіс.
Матрица жинақталған соң, яғни мәтіндерді жетік оқып меңгергеннен кейін үйреніп жүрген тіліндегі бейімделмеген шетелдік кітаптарды оқуға кірісу керек. Кітап оқудың арасында үзіліс жасап, оқуды фильмдер көрумен немесе аудиокітап тыңдаумен алмастыруға болады. Оқылатын материал көлемді болғанымен, сөздіктің көмегіне жүгіру аз болуы міндетті.
Негізінен алғанда, бұл Тай-чи мен Замяткиннің әдістерінің кемшілігі немесе минусы деп айтуға болады: жалпыға - яғни үлкенге де, кішіге де бірдей арналмаған, тек ересек тіл үйренушіге арналған. Кішкентай тіл үйренушілерге немесе сол тілде әріп танымайтын, еш сөз білмейтін ересек адамға да қиыншылық туғызады. Артықшылығы матрица қызықты та мазмұнды мәтіндерден, әртүрлі тілдік жағдаяттарды қамтитын диалогтерден, монологтерден құрылған. Аудиокурс тыңдаған тіл үйренуші шет тілде қажетті жағдайда қалай сөйлеу керектігін меңгереді. Ұдайы дыбыстар легін мұқият тыңдау арқылы жекелеген дыбыстар мен сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсінуді, қабылдауды үйренеді және өзі де дұрыс сөйлеуге машықтанады.
Сонымен қатар тағы да ағылшын тілін үйренуде қолданылып жүрген соны әдістеме ESL - «English as a Second Language» технологиясына қысқаша сипаттама бере кетсем, ESL қазіргі уақытта бірегей әдістеме болып саналады. Бұл ESL әдістемесі ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыту үдерісінде қолданылады және ағылшын тілінің ауызекі сөйлеу деңгейін тез меңгертуге бағыттталған. Грамматикалық материалды жаттамай-ақ тек һткен материалдарды қайталамай-ақ аз уақыт ішінде ағылшынша сөйлеуді үйретуді мақсат етеді. ESL әдістемесі бойынша тіл үйренуші балаға грамматиканы ежіктеп түсіндірмей-ақ, үнемі онымен мөйлеседі, әңгімелеседі және бала еліктеу арқылы сөйлеуді меңгеруі тиіс. Жекелеген сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді айтып үйренеді. Бұл әдістеме кейін бала мектепке барғанда ағылшын тілін тез оқып үйренуіне игі әсерін тигізеді деп саналады.
Ал енді өзім ұсынатын инновациялық әдістемені сипаттар болсам, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісінде тіліміздің грамматикасын таза грамматикалық түрде емес, оны өзгетілді дәрісханаға оңтайлап үйрету әдістемесін ұсынамын. Қазақ тілінің грамматикасын функциональды-семантикалық жақтан алып түсіндіру, парадигматикалық тұрғыдан бейімдеп оқыту әдістемесі өзім сабақ беріп жүрген өзгетілді дәрісханада, әсіресе мектеп оқушылары болып табылмайтын тіл үйренушілер үшін өте ыңғайлы әдістеме болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Алексюк А.Н. Общие методы обучения в школе. - К.: Радянська школа, 1983. - 244с.
-
Краевский В. В., Хуторской А. В. Основы обучения: Дидактика и методика. Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. - М.: Издательский центр «Академия», 2007. - 352 с.
-
Давыдов В. В. Теория развивающего обучения</. - М.: ИНТОР, 1996. - 544 с.
-
Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы- 2013. - 6-б.