7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов Қозыкүрең (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов Қозыкүрең (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 19.04.2016

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов «Қозыкүрең»әңгімесі.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік. шығарманың мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын ұғындыру.

Дамытушылық: әңгімеден алған түсініктерін одан әрі дамытып, білімдерін, ой - өрісін

кеңейту. оқушының өз ойын жинақтай білуі

Тәрбиелік: Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге баулу. Отанын елін, жерін сүюге

тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ақын портреті, кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру..

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап диалог - сұхбат.баяндау, оқу,талдау.т.б

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Cәлемдесу.

  2. Сыныптың тазалығына назар аудару.

  3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Қадыр Мырза Әлі «Ана» өлеңі (жаттау)

ІІІ. Жаңа тақырып: Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері (өмірбаяны хронологиялық кесте арқылы)

24.04.1936 жылы

Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келдіжазушы, Қазақстанның халық жазушысы.

1944-1947 жылы

Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.

1949-жылы

Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.

1952-1956 жылы

Шәуешек гимназиясында оқыды.

1954-жылы

Үрімшіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.

1956-жыл

«Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды

1956-1958 жылы

Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқыды.

1958-1962 жылы

Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.

1962-жылы

Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.

1962-1965 жылы

Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.

1965-жылы

Өзімен тағдырлас Самал Әукенқызына үйленді.

1965-1967 жылы

«Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді.

1967-1976 жылы

«Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.

1976-1981 жылы

Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.

1981-жылы

Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.

1983-жылы

«Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.

1989-жылы

Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты

1990-жылы

Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді

1996-жылы

Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.

1998-ж 23-қазан.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.

1.Әңгімені байыптап оқып шығу.

2.Әңгімені бөлімдерге бөліп ат қою, жоспар құрау.

Мәтін жоспары.

  1. Қонаққа бару.

  1. Қонақта.

  1. Қызық әңгіме.

  1. Майданға ат апару.

  1. Қозыкүреңнің қашуға дайындығы.

  1. Қозыкүреңнің елге оралуы.

  1. Қозыкүреңді арулап көму.

  1. Сыйлық.

Әр бөлімді оқушылар мазмұндап, мәтіннен тауып оқиды. Мәтінді дәптерлеріне жазып, ұнаған бөлімге «+» белгісін қояды.



Кейіпкерлер:Ержанның інісі Ерқанат

.Үйретілген жүрдек құнан



Бір ененің емшегін таласып емген егіз қозыдай қазақ пен қырғыз ежелден-ақ дос. Ұзынбұлақтың басында отырған қырғыз досы Төреқұлға қонаққа Ағыбай өз отбасымен келеді. Үстілеріне сәнді киімдерін киіп,астыларына бір -бір аттан мінген Ағыбайлар Төреқұлдың үйінде қонақта болады.Қырық жылдан бері дәм-тұзы тату,дос,бауыр болып кеткен ата жолдас. Бұларды былай қойғанда әкелері дос болған кісілер. Сонау отызыншы жылдардың басында үй ішімен қырғыз асып барып, күнгей бетте бір жылдай қыстап тұрып бір нанды бөлісіп жеп, араларынан қыл үзілместей тату дос болған. «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес» -деп Төреқұлдың әкесі Ералыны Ағыбайдың әкесі Жұмақан жақсы танитын кісілер болыпты.

Сөйтіп Төреқұлдың үйіне ағыбайлар қонаққа келгеннен соң, денсаулық-саулық сұрасқаннан соң Ағыбай өз балаларын Төреқұлдың үйішіне бір таныстырып өтеді. Бұрын бұл жерді көрмеген, бірінші рет келіп отырған Ержан ауызы ашылып,Төреқұлмен Ағыбайдың әңгімесін тыңдап таң қалып таңдай қағады.

Содан Ағыбай мен Төреқұл бастаған бір топ адамдар үй сыртындағы тепсеңге текемет жайдырып, әңгіме дүкен құрады. Бұл жердегі адамдардың бәрінің бір ортақ тақырыптағы әңгімесі ат,жылқы жайлы еді. Әңгімеден -әңгіме шығып кезек сөз Төреқұлға келеді. Төреқұл өзінің басынан өткерген, өмірде болған Қозыкүрең әңгімесін отырған бір топ кісіге әңгімелеп береді.

1942 жылдың жазы.Ұлы Отан соғысына біз он шақты кісі қырғыз елінен майданға ат апаратын болдық .Ішімізде байырғы жылқышылар да, майдандағы жастардың орнына келген жәй қарттар да, көпті көрген қарт жылқышы Саяқбайда бар. Ат-айғыры аралас 1000 сәйгүлікті вагонға тиеп, қазақ даласын қақ жарып, Орал қаласынан өткен соң, жылқыны вагоннан түсірген соң,даламен жаяу айдауға тура келгенін айтады. Бет алдымыз -қалмақ даласы . Еділден паром арқылы өтіп, Сталинград майданына жеткізу туралы бұйрықты орындау болды. Қысқасы сол жылқылардың ішінде «Қызыл байрақ» колхозынан алынған «Қозыкүрең» болды. Жасы 8-10 шамасында. Сол «Қозыкүреңді» саяқбай қарт байқап қалып жігіттерге өз туған жеріне қашып кететіні туралы айтады.бұған қасындағы жігіттер сенбей күліп 2000 шақырымды ресей жерінен қырғыз жеріне қозыкүреңнің қашатынына сенбейді. Содан айтқаны айдай келіп Қозыкүрең ұстатпай топ жылқының ішінен бөлініп, өз туған жеріне,батыстан шығысқа қарай тартып отырады. Қозыкүреңді ұстай алмай сол күйі далаға жіберіп қойады.Бұйрықты орындап, майдан даласына тапсырып, елге жарты ай дегенде қайтады. Қайтып келсе сол ізбен баяғы қашып кеткен қозыкүрең де оралады. Төрт аяғы зорығып, аяқтарына бірдей қан түскені белгілі болады. Қанша ем жасаса да қонбай сол жерде қозыкүрең қайтыс болады. Бұдан соң Төреқұлмен Саяқбай сол жылқыны арулап көміп жер қойнына тапсырады. Әңгімені естіп отырғандардың барлығы іштен жүрегі езіліп,жылап алысады. Әрі қарай қонаққа келген Ағыбайлар өз еліне уақыттың тығыздығына байланысты қайтуға бел буады.Төреқүұл Келген қонақтарға «Қоянкөкті мінгізіп шығарып салумен аяқталады.



«Шығарма мазмұны композициясы».Қозыкүреңнің елге оралуы - жаралы жауынгердің елімен қауышуы тәрізді

6

Оқиға шешімі.

Қозыкүрең өлімі



IV. Түсінік тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапарына неге ерекше мән берді?

  • Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған?

  • Төреғұл Ағыбайларды қалай қарсы алды?

  • Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?

  • Саяқбайдың Қозыкүреңді аман алып қалу үшін жасаған әрекетін, жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?

  • «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын» деген сөзді қалай түсінуге болады?

V.Жаңа сабақты бекіту.

  • Ержанның қырғыз, қазақ халықтарына туыстығы туралы ойларын мәтінен тауып оқу.

  • Қозыкүреңге байланысты Төреқұл әңгімесін мазмұндау.

  • Әңгімедегі Қозыкүреңнің өзін - өзі жаратып, дайындалуын тауып оқу.

  • Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін мазмұндау.

  • Әңгімеде портреттік суреттемелер бар ма? Мысал келтір.

  • Әңгімеден теңеу сөздерді табу.

VІ. Ой толғаныс. Сөздікпен жұмыс (кесте бойынша)1. Ақалтеке -

2. Бесті -

3. Қу мүйіз -

4. Өрелеу -

Түркімендік жүйрік жылқы тұқымы

Бес жастағы жылқы

Көп нәрсені бастан кешірген, ысылған, төселген.

Аттың алдыңғы аяқтары мен арты бір аяғын шалып байлау, өре (шідер) салу.



Венн диаграммасы















VІI.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру: Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» оқу,

  3. «Түбі бірге туысым», «Сыналған достық», «Бәріміз де туыспыз» шығарма жазу.

</











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал