- Учителю
- «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы көркемсөз шеберлерінің сайысының жоспары
«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы көркемсөз шеберлерінің сайысының жоспары
Торғай аграрлық- техникалық колледжі
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайланған күніне арналған
«Менің Отаным - Қазақстан»
тақырыбындағы көркемсөз шеберлерінің сайысының жоспары
өткізген: Бағила Балмашева,
Арқалық қаласы .
Көрініс:
«Арманы асқақ Нұрсұлтан»
Төселген көрпе-жастық,ауыл ақсақалдары өзара кеңесіп отыр. Жас келншек қолына дастархан алып кіреді. Дастархан жаймас бұрын шеттегі отырған Әбіш ақсақалға иіліп салем жасайді. Әбіш ақсақал:
-көп жаса қарағым,
Бесігіңнен іңгәлаған сәби кетпесін,
Алдыңнан душпан кесіп өтпесін.
Ырыс-несібең тасып,
Абыройың асып,
Ұрпағың көгеріп көктесін.
Отырғандар бәрі қосылып:
әумин! Әбеке батаңыз қабыл болсын!-дейды.
Келіншек дастархан жасап бауырсақ, май қойып,кеселерге қымыз құйып,кісілерге үлестіреді.
Бірінші ақсақал сөзге араласады:
-Әбеке,тунеу күні көрші есекеңнің баласы қалаға барып келген,пішен сатуға. Сонда бір суық хабарды құлағы шалып қалған көрінеді.
Сөзіне Әжей араласады:
-астафир алла, неғылған хабар?-дейді.
-неқылғанда былай ғой,әлгі нәлөк көбейеді дейді,үйдің қасына егілген алма -алмұрт ағаштарының бәріне жеке-жеке нәлөк салатын көрінеді.
Келіншек:
-сумдық-ай,кешегі 32дегі нәубет келмесе етті.
Ақсақал:
-әй,қойшы, бәйбіше. Қайдағы жамандықты шақырмай!
Әбіш ақсақал:
-е,не болсада көрешегіңді көрмей,көрге түспейсің дегендей басқа салса баспақшыл деп бұйырғанын көреміз де.
Осы кезде сырттан бір бала жүгіріп кіреді.
-
Аталар,Әжелер Нұрсұлтан аға келеді. Жаңа ғана ат арбадан түсті. Сүйінші, сүйінші!
-
Әжей,сүйінші сұрағаныңа сүйінейін,келе ғой ботам-деп сүйіншісін береді.
-
Есіктен Нұрсұлтан кіреді.
-
Ассәлаумағалику! Жеке-жеке қол беріп амандасып шығады.
-
Анасы түрып маңдайынан сүйеді.
-
Ақботам,тула бойы тұңғышым,аман есен жеттіңбе? Отыра ғой ботам- деп қасына отырғызып қымыз береді.
Ақсақал:
-Қарағым,оқуға түсті деп естідік.не қылған оқу?
Ақсақал:
-Е,соны айтсайшы- дейді.
Нұрсұлтан:
-ұшқыштың оқуына түстім,не болса да қазақ халқымды биіктен көрсеткім келеді-дейді.
Анасы:
-балам-ау,онсызда екі көзім төрт болып жүргенде оның несі,жібере алмаймын,бірдеме десеңші әкесі- дейді.
Әбіш ақсақал:
-
Бәйбіше,жаман ырым шақырма,арманы асққақ екен,ойлағаны қазақтың биігі болса өзі білсін-дейді.
Ақсақал:
-
Ал,жарайды мал өрістен қайтатын кез болды дастархан қайырайын.
-
Асың, асың,асыңа,
-
Береке берсін басыңа.
-
Қазақтың қамын ойласаң,
-
Бөденедей жорғалап,
-
Қыдыр келсін қасыңа!
әумин! Бәрі қосылып айтқаның келсін- дейді.
Саханада Нұрсұлтан қалады.
-ағайын,көк биігінде қанатты құстай самғағым келеді.
Бірақ .........Анашымның ақ сүтін аттай алмаймын.
Бірақ.........мен бәрі бір елім үшін еңбек етемін.
өзіңді биіктерге, белестерге жетелеймін,сеніңіздер маған!