7


  • Учителю
  • Конспект урока казахского языка по теме: 'Алакөл- үлкен көл'

Конспект урока казахского языка по теме: 'Алакөл- үлкен көл'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8 сынып

Тақырыбы: Алакөл - үлкен көл. Етістік. 2.09.2015

Мақсаты: тақырып бойынша білім беру, сөз қорын молайту,

Тыңдау, түсіну, сөйлеу, сөздерді орынды қолдануға, жазуға , ойларын айтқызуға үйрету.

Қазақстан көрікті жерлерін білуге , мақтаныштық сезім оятуға тәрбиелеу.


Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Қайталау, әңгімелеу, сұрақ- жауап, топтық жұмыс мазмұндау , диалог

Көрнекілігі: тірек сызба, мәтін парақтары,презентация


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Лексикалық сөйлесім.

- Қазақстан жері қандай?

- Қандай казір жыл мезгілі?

- Бүгін қандай айы мен күн і?

- Қыркүйектің қандай мерекелерін білесіздер?

Грамматикалық тақырып: етістік туралы қайталау.

- Етістік деген не?

- Нені білдіреді?

-Қандай сұрақтарға жауап береді?

- Етістікте қандай шақтары болады?

-Қандай етістіктің райларын білесіздер?Қалай жасалады?

-Етістік қандай сөйлем мүшелері бола алады?

Оқушылар грамматикалық кесте бойынша өздерінен қайталап, ереже дәптерлеріне сұрақтарға жауап береді. Жазғандарын жалпы тексеру.


Морфологиялық талдау:

Алакөл суының емдік қасиеті туралы көпшілік біле бермейді.


4. Сөздік жұмысы:

мекен етеді- обитают,

емдік қасиет- целебные свойства,

ағынсыз көл-беспрточная река,

тері- кожа,

буын- суставы,

жүйке- нервы,

ауру түрлері-виды болезней,

ем- лечение,

дәлелдеу- доказывать,

ластанбау- не засорять,

бейімделу- пытаться,стремиться,

нығайтатын болған- укрепит,

су қоймасы- водяное хранилище,

құрлық- остров,

тұйық көл-закрытое озеро,

байланысы үзілген- прекращена связь,

түзілген- находятся,

бекіре-осетр,

шектеседі- граничит,

апат аймағы- аварийное пространство,

бұрғылау- сверлят,

тасымалдау кезінде- во время переноса;

Оқылым

.Мәтін жұмысы: топтық жүмыс /«Алакөл- үлкен көл» 5 минут- дайындалуына/ . әр бөлігін оқу, түсіну, мазмұнын кағазға жазу./



Алакөл - Балқаш-Алакөл қазан шұңқырының шығысында, және облыстар шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр [ моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»], , , . Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері - , Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл - өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұқырға жатады. Оған батыс жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Барлық жотасы, түстік шығысындағы , сол жағындағы мұнартқан , сондай-ақ, жергілікті жұрт «Арал төбе» атайтын ортасындағы аралдар айрықша әр береді.

Жалпы, - емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы меицинада дәлелденген. Бір замандарда керуендері де көл жағасын басып өткендіктен, оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жіберетіндігі ерте кезден байқалған. Кеңес кезінде Алакөлде Ғарышкерлер үйі жұмыс істеді. Онда тек кеңестік ғарышкерлер ғана емес, басқа капиталистік алпауыт елдердің де көктен оралған ұшқыштары бойындағы радиациядан осы көлде демалу арқылы арылатын.

Көл жағасы құстар мен өсімдік дүниесіне бай. Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.). Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатр кездеседі. Жағалауы - шабындық және жайылым. Алакөл - ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр ( моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Жоңғар қақпасының аузында, Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларының арасында тербеліп жатқан Алакөл суының емдік қасиеті туралы көпшілік біле бермейді.


1-топ- Алакөлдің орналасуы.

2- топ- Алакөлдің жағымды әсері.

3-топ -Алакөл байлығы.

4 топ- Мәтін бойынша сұрақтар дайындау /зейіні төмен оқушыларға/

Кейін кезектесіп әр бөлікті жоспар бойынша әр топ өз бөлігін мазмұндап, дәптерге , тақтаға жазып отырады.


1-3 топтағы оқушылар мазмұндаса, 4 топтағы оқушылар сұрақтарын қояды.

Қорытындылау

Диалог құру жұптық жұмыс ,

Үйге тапсырма: Мәтін бойынша мазмұнын айту.Етістік ережесі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал