- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему 'Лексика тарауын қайталау'
Открытый урок по казахскому языку на тему 'Лексика тарауын қайталау'
Қазақ тілі пәні бойынша.
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру;
-
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін
дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа деген ынтасын арттыру үшін кестелер жәнее т.б. құралдар пайдалану.
-
Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, Абай өлеңдері арқылы сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ, топпен жұмыс.
Сабақтың типі: Білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың әдістері: Талдау, жинақтау, жаттығу. Сұрақ жауап, қайталау.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі: Тірек сызбалар, дидактикалық үлестірме материалдар, слайд.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Психологиялық дайындық.
-
Сайыс шарттары:
-
Таныстыру
-
Зерделі сұрақ, дәлелді жауап
-
Талдау - табыс кілті
-
Ойын ой-өрісті дамытады
-
Мақал - сөздің мәйегі
-
Қызықты сабақ - қиялға қанат
-
Шығармашылық жұмыс
-
Қорытынды
-
Үйге тапсырма.
-
Білімді бағалау.
-
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару;
-
Бүгінгі сабақ - ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сол кісілерге ілтипатымызды білдіріп қояйық.
-
Үйге берілген тапсырманы сұрау. (Тест арқылы тексеру, бағалау)
-
Психологиялық дайындық:
«Шаттық шеңбер» тренингін ұйымдастыру
-
Сабақтың мақсатымен таныстыру
-
Сабақтың барысы: Сайыс сабақ, топпен жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлеміз:
1 топ - Білімпаздар
2 топ - Өнерпаздар
3 топ - Ғалымдар
-
Сайыс шарттарымен танысу:
1тур - «Таныстыру»
-
Әр топ өзінің атын, девизін, эмблемасын таныстырады.
Сабағымызда «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын » пайдаланып отырғанымыздан орындайтын шарттарымызды стратегияға бөлеміз:
«Ой қозғау» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез»
Абай
2 тур- «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,
оны да ойла».
Абай
деп Ұлы Абай айтқандай, лексикология тереңіне үңілейік.
-
Әр топ жеке тапсырма алады.
1 топ-
-
Сөздің тура ж/е ауыспалы мағынасы;
-
Тұрақты сөз тіркесі;
-
Жаңа сөздер;
2 топ-
-
Көп мағыналы сөздер;
-
Мақал-мәтелдер;
-
Көнерген сөздер;
3 топ-
-
Диалект сөздер;
-
Кәсіби сөздер мен терминдер;
-
Кірме сөздер;
3тур - «Талдау - табыс кілті»
Эпиграф:
«Білгенге маржан,
Білмеске арзан».
Абай
Карточкалармен жұмыс:
1 топ- «Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр»
(1.Синоним сөздерді табу.
2. Толық систаксистік талдау)
2 топ- «Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды»
(1.Омоним сөздерін табу.
2. Толық систаксистік талдау жасау)
3 топ- «Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады»
(1. Антоним сөздерді табу.
2. Толық систаксистік талдау)
1 топ- Байлықтың атасы-еңбек, анасы - жер. Өнерлінің өрісі кең. Аузы күйген үріп ішер. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.
1.Мақал - мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз.
2 топ- Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас (Абай). Арық атқа қамшы ауыр тиеді.
1.Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз.
3 топ-Түймедей затқа өкпелесең, ..........көретініңіз қалмаған, мырза.Қорлық .......... ерлік өлім артық.Ақымақ бұзуға бар, ....жоқ.
1.Көп нүктенің орнына тиісті аАнтоним сөздерін тауып қойыңыз.
4 тур - «Ойын - ой дамытады»
Тақтаға қоржын алып ілінеді . Қоржынға сыйлықтар салынған.Ол сыйлықтарға ие болу үшін сұрақтарға жауап беру керек:
1сыйлық-
Ондағы сұрақ: сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Тақтаға семантикалық карта ілініп, 1 топтан 1оқушы ашық көзді толтырып жатқанда сол топтан тағы 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
-
сөздер
Бастапқы мағынасы
Ауыспалы мағынасы
Бет
Адамның беті
Терең
Терең сезім
Ашық
Өткір
Шерту
Бас
2 сыйлық -
Ондағы сұрақ : көнерген сөздер мен неологизмдер. Тірек сөздер беріледі, сол бойынша оқушылар шағын мәтін құрайды. 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
-
Көнерген сөздер
Неологизмдер
Уәзір,сәукеле,садақ,жебе, т.б.
Ғарыш, ұшақ,зымырат
3 сыйлық -
Ондағы сұрақ: тұрақты тіркестер. «Бір сөзбен шеш» ойыны. 1 білім алушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
-
Қой аузынан шөп алмайды -
-
Жүрек жалғау-
-
Төбе шашы тік тұру-
-
Қас пен көздің арасында-
-
Бетінен оты шықты-
-
Қырғи қабақ болу-
-
Бармағын тістеу-
-
Аузына құм құйылу-
-
Ит өлген жер-
-
Тайға таңба басқандай-
-
Ат ізін салмау-
-
Пейілі тар-
4 тур - «Кім жылдам?» ойыны. 3 топқа химиялық, физикалық және математикалық терминдер жазу тапсырылады:
Математикалық терминдер:
Химиялық терминдер:
Физикалық терминдер:
5 тур- «Мақал-сөз мәйегі»
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы.(Экраннан)
Эпиграф:
«Арттағыға сөзің мен ісің қалсын».
Абай
3 топқа тапсырма беріледі: антоним,омоним және синоним сөздерді пайдаланып мақал-мәтелдер айтып жарысу.
Вен диаграммасы: мақал мен мәтелдің айырмашылықтары.
мақал
Ортақ белгілері
Мәтел
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады. Мысалы:Әке-асқар тау, шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
Көбіне бір бөлімді болып келеді. Мысалы: Суға кеткен тал қармайды.
Ой неғұрлым ашық айтиылады.. Мысалы:Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы.
Ой, мағына ишара,тұспал түрінде болады.. Мысалы:Көп түкірсе-көл.
Ақыл,өсиет түрінде келеді. Мысалы:Еңбек етсең ерінбей-тояды қарның тіленбей.
Көбіне эмоцииялық реңк басым болады. Мысалы:Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
6 тур - «Қызықты сабақ-қиялға қанат»
Эпиграф:
«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз».
Абай
-
Тұрақты сөз тіркестері туралы суреттер.
-
Табуға көрініс. (Ауыл, келін көл жағасынан қасқырдың қойларға шауып жатқанын көріп,үйіндегілерге айтуға жүгіреді. Үйде қайын атасы-Қасқырбай, қайын ағасы-Көлбай, қайын інісі - Қойбай бар еді. Келін оларға бұл істі қалай түсіндіреді?).
7 тур- «Шығармашылық жұмыс»
Эпиграф:
«Мақсатым тіл ұстартып
Өнер шашпақ».
Абай
-
Әр топқа жеке тапсырма беріледі (өлең жолодары немесе қара сөз).Өз ойларын жазбаша немесе ауызша білдірулері керек.
«Ой қозғау» стратегиясы.(Экраннан)
Абайдың аңсағаны қандай азамат? Синонимдер.
Айтылған сөзді ұмытпаудың төрт түрлі себептері
Көкірегі байлаулы берік болу
Ойлы,
сезімді
Үлгі алу, көңілденіп,
тұщынып,ынтасымен ұғу
Үлгілі,ынталы
Қайтарып, ойланып, көңілге бекіту
Ұғымтал,білімді,
зерек
Кеселді нәрселерден қашық болу
Жаман қылықтардан
аулақ болу
«Қорытынды»
Рефлексия.
-
Үйге тапсырма. Лексика тарауын қайталау.
«Сырлы сөз әлемі» тақырыбында ойтолғау
-
Білімді бағалау.