7


  • Учителю
  • Поурочная по классные часа по теме « АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМ»

Поурочная по классные часа по теме « АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМ»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№11 жалпы орта білім беру мектебі









































Тақырыбы:« АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМ»

Орындаған:Ходжаева А.

Тексерген:Шерниязова С.





















Ақтау-2015-2016жж.





Күні:

Уақыты:

Тақырыбы:« АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМ»

Ағылшын тілінде , қазақ тіліндегідей, зат есім деректі (a boy - ұл бала, a dog - ит ,a window - терезе, a house - үй) және дерексіз болып бөлінеді (rain - жаңбыр, peace - бейбітшілік, beauty - сұлулық, work -жұмыс) .

Ағылшын тіліндегі зат есімдердің ерекшеліктері :

Зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер - артикльдер қойылады

a , an , the :

I am a teacher. Мен мұғаліммін.

Open the door, please. Өтінемін, есікті ашыңызшы.

Зат есім екі септікке бөлінеді : жалпы ( a girl , girls ) және тәуелдеу ( girl's , girls' ) :

What is the girl's name ? Қыздың есімі кім ?

Where are the girls' books ? Қыздардың кітаптары қайда ?

Зат есім басқа зат есімдерге анықтауыш бола алады :

You must wear your school uniform. Сендер мектеп формасын киюге

тиістісіндер.

I like winter sports. Мен қысқы спорт түрлерін ұнатамын.

Зат есімнің көпше түрі (Plural form of nouns)

1.Зат есімнің көпше түрлері жекеше түрдегі зат есімге - s жалғауы жалғану арқылы жасалады :

a pen - pens қалам - қаламдар

a ball - balls доп - доптар

2.Егер жекеше түрдегі зат есім -s , -ch , -sh, -x, -o әріптеріне аяқталса,

көпше түрдегі зат есімге -es жалғауы жалғанады :

a dress көйлек - dresses көйлектер

a box қорап - boxes қораптар

a birch қайын - birches қайындар

a hero батыр - heroes батырлар

a dish ыдыс - dishes ыдыстар

Егер жекеше түрдегі зат есім -f , -fe әріптеріне аяқталса, -f әрпі -v әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :

a knife пышақ knives пышақтар

a wolf қасқыр wolves қасқырлар

a leaf жапырақ leaves жапырақтар

a shelf сөре shelves сөрелер

a scarf мойын орағыш scarves мойын орағыштар

Егер жекеше түрдегі зат есім -у әрпіне аяқталып , алдыңғы әрпі дауыссыз болып келсе, -y әрпі - i әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :

a city қала cities қалалар

a family жанұя families жанұялар

a baby нәресте babies нәрестелер

a country ел countries елдер

a lady ханым ladies ханымдар

Көпше түрі өзгермейтін зат есімдер:

sheep қой sheep қойлар

fish балық fish балықтар

deer бұғы deer бұғылар

Кейбір зат есімдер көпше түрде еш жалғау жалғанбай , түбірдегі дауысты дыбыстың өзгеруі арқылы жасалады :

A man ер адам men ер адамдар

A woman әйел women әйелдер

A tooth тіс teeth тістер

A foot аяқ feet аяқтар

A mouse тышқан mice тышқандар

Кейбір зат есімдердің көпше түрі - (r)en арқылы жасалады :

a child бала children балалар

an ox өгіз oxen өгіздер

Тек жекеше түрде қолданылатын зат есімдер :

Advice кеңес

Information ақпарат

Iron темір

Money ақша

Permission рұқсат

Progress жетістік

Water су

Weather ауа-райы

Work жұмыс

News жаңалық

Athletics атлетика

Billiards биллиард

Economics экономика

Physics физика

Тек көпше түрде қолданылатын зат есімдер :

People халық

Police полиция

Scissors қайшы

Glasses көзілдірік

Pyjamas пижама

Shorts шолақ шалбар

Trousers шалбар

Clothes киім

Goods тауар

Stairs қабат (этаж )

Thanks алғыс

Contents мазмұн

Саналатын және саналмайтын зат есімдер

(Countable and Uncountable nouns)

Ағылшын тілінде зат есімдер саналатын (countable) және саналмайтын (uncountable) зат есімге бөлінеді

countable uncountable

A cap sugar

A man snow

UNCOUNTABLE Саналмайтын зат есім

Тек жекеше түрде қолданылады.

а/аn белгісіздік артиклі қолданылмайды.

Тағам

bread ,cheese, butter, chicken, fruit

I need some butter.

Зат

water, soap, snow, tea, coffee, milk, air

Snow is white

Материал

cotton , iron ,wood, woo l

The box is made of wood.

Абстракты ұғымдар

Hope, love, luck, time, advice,

information, news, progress

Your advice is not very good.

Жалпылауыш сөздер

Furniture, rubbish, hair, noise, traffic,

music

Her hair is long.

Зат есімнің тәуелдеу формасы (The Possessive Case)

Ағылшын тілінде зат есімнің тәуелдеу формасы апостроф' және s әрпі арқылы жасалады:

Жекеше түрдегі зат есімнің тәуелдеу формасы 's арқылы жасалады

Tom's book Томның кітабы

the teacher's bag Мұғалімнің сөмкесі

Көпше түрдегі зат есімнің тәуелдеу формасы ( зат есімнің -s көптік жалғауы болғандықтан, тек апостроф қоямыз)

the students' book студенттердің кітабы

the boys' dog ұлдардың иті

Зат есімнің көпше түрі -s жалғауынсыз жасалса , онда зат есімнің тәуелдеу формасы 's арқылы жасалады

women's rights әйелдердің құқығы

the men's duty адамдардың міндеті

Артикльдер (The Article)

Ағылшын тілінде зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер - артикльдер қойылады . Артикльдер белгісіздік a (an) және белгілілік the болып бөлінеді.

a , an , the :

I am a teacher. Мен мұғаліммін.

Open the door, please. Өтінемін, есікті ашыңызшы.

Белгісіздік артиклі а (аn)

Белгісіздік артиклі а (an) (an формасы дауысты дыбыстан басталатын зат есімнің алдына қойылады : an apple ) ежелгі ағылшын тілінде «бір» деген мағынаны білдірген.Сондықтан белгісіздік артиклі саналатын зат есімнің ғана алдына қойылады

a cat a room an orbit

Қолданылады :

баяндауыштың қызметін атқарып тұрған зат есімнің алдына қойылады:

Omar is a student. Омар студент.

"there is (there was, there will be)" орамынан кейін зат есім -бастауыш

болғанда:

There is a good library in our school. Біздің мектепте жақсы кітапхана бар.

have етістігінен кейін толықтауыштың алдында :

I have a sister. Менің әпкем бар.

Белгілілік артилі the

Белгілілік артиклі the ежелгі ағылшын тілінде «анау» деген сілтеу есімдігінің мағынасын берген.Сондықтан ол бір немесе бірнеше белгілі зат есімнің алдына қойылады , салыстыр :

Give me a pen. Маған (әлдебір) қалам бер.

Give me the pen. Маған (мына) қаламды бер.

Қолданылады :

Зат есімнің алдында реттік сан есім болғанда:

Gagarin was the first man to fly into space.

Гагарин ғарышқа ұшқан бірінші адам.

Сын есімінің күшейтпелі шырайы алдында:

This is the shortest way to the town. Бұл қалаға баратын ең қысқа жол.

Зат есімнің алдында - following, last, next, same сын есімдері тұрса:

Copy the following sentences. Төменде берілген сөйлемдерді көшір.

You've made the same mistake. Сіз тура сондай қате жібердіңіз.

The next stop is ours. Келесі аялдама біздікі.

Зат есімнен кейін анықтауыш болғанда :

Here is the book I bought yesterday.

Can you show me the way to the station?

This is the house where I was born.

Алдынғы контексттен белгілі зат (жақ,құбылыс) алдында:

We've received a letter from an English girl. The girl writes in the letter that she wants to correspond with Kazakh schoolchildren.

Дүниедегі жалғыз заттардың атауының алдына қойылады :

The sun, the moon, the earth, the ground, the world, the sky, the air :

Our sportsmen are among the best in the world .

Жалпылама атаулары алдында :

The rose is a beautiful flower. Раушан - әдемі гүл.

The dog is the friend of man. Ит адамның досы.

Есіңізде сақтаңыз !!!

to the cinema at the cinema

to the theatre at the theatre

to the shop at the shop

to the market at the market to go for a walk

On x horseback

On x board a ship

In x fact

What a good boy !

What a long story !

What a day !

At x sunrise

At x sunset

In the country in x town

To the country to x town

By x bus, by x tram, by x train, by x car

To play x chess to play the piano

To play x football to play the guitar

Out of x doors

At x school to go x home

At x home to come x home

At x work for x work

To go to x bed ( school, work)

In the morning in the evening

In the afternoon at x night

Артикль кей саналатын зат есімдер алдында қолданылмайды

Егер зат есім қаратпа сөз болса :

Children, be quiet ! Балалар, тыныш !

Father, mother сөздерінің алдында :

Ann, hasn't Father come yet? Аня, папам әлі келмеді ме ?

Апта күндері, ай аттары және жыл мезгілдері алдында:

Spring has come at last ! Көктем де келіп жетті !

July is a summer month . Шілде - жаз айы.

We do not go to school on Sunday. Жексенбі күні біз мектепке бармаймыз.

Есіңізде сақтаңыз !!!

to have a good time

from x morning till x night

all x day long

a lot of breakfast, dinner, lunch, supper зат есімдерінің алдында :

I have breakfast at seven. Мен таңғы асымды сағат жетіде ішемін.

Will you stay to dinner ? Сіз түстенуге қаласыз ба ?

Артикльдің саналмайтын зат есіммен қолданылуы

Саналмайтын зат есімдер (деректі және дерексіз) алдына артикль қойылмайды :

I like music. Мен музыканы сүйемін.

Give me a glass of water. Бір стакан су берші.

We struggle for peace. Біз бейбітшілік үшін күресеміз.

Pass me the bread, please. Нан әперіп жіберші.

Белгілілік артикльдің жалқы есіммен қолданылуы

Жалқы есім әдетте артикльсіз қолданылады : Ann , London , Kazakhstan , Africa , Gogol Street :

London is the capital of Great Britain Лондон Ұлыбритания астанасы.

I live in Abay street. Мен Абай көшесінде тұрамын.

Белгілілік артикльмен қолданылатын жалқы есімдер:

Теңіз, мұхит, өзен, канал, бұғаз, тау сілемі, шөл дала, арал атаулары алдында :

The Black Sea, the Atlantic Ocean, The Volga, The Thames, the English channel, the Urals, the Sahara :

London stands on the Thames.

2) Көкжиек тұстары : the North, the South, the East, the West :

He lives in the Far East. Ол Қиыр Шығыста тұрады.

3)Жалпы жанұя тегі алдында (жанұя мүшелерін түгел білдіргенде) :

Last month the Omarovs moved to a new flat. Өткен айда Омаровтар жаңа пәтерге көшті.

Белгілілік артикльді қолданылмайды.

Көл, тау, континент, қала, мемлекет, университет атауларының алдына қойылмайды.

Есіңізде сақтаңыз !!!

</<font size="4">The United States of America

The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland

The Netherlands The Ukrine The Crimea The Congo



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал