7


  • Учителю
  • Открытый урок по теме «Наурыз мейрамы» по казахскому языку для 9 класса

Открытый урок по теме «Наурыз мейрамы» по казахскому языку для 9 класса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қостанай қаласы №2-ші мектеп- лицейінің қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Сейтқасымова Құралай Сейтқасымқызы Сабақтақырыбы: Лексика.Наурыз мейрамы. Грамматика. Етістік райлары. 1.Сабақтың  мақсаты:тәрбиелік-оқушыларды орындалатын жұмыстар арқылы елжандылы
предварительный просмотр материала



Қостанай қаласы №2-ші мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сейтқасымова Құралай Сейтқасымқызы



Сабақ тақырыбы: Лексика.Наурыз мейрамы.

Грамматика. Етістік райлары.



1.Сабақтың мақсаты: тәрбиелік-оқушыларды орындалатын жұмыстар арқылы елжандылыққа, еңбекқорлыққа.Отансүйгіштілікке, халқымыздың салт - дәстүрлерін құрметтеуге, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық-деңгейлік тапсырмалар сатылай кешенді талдау,танымдық ойындар арқылы оқушылар қабілетін, ынтасын арттыру;

Білімділік- өткен сабақ бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдэсі: сұрақ-жауап, ойландыру, талдау, ізденушілік қабілетін ояту

Сабақтың көрнекілігі: Техникалық құралдар: нтерактивті тақта, компьютер, үнтаспа, сызба кестелер,



Сабақтың барысы:



1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығын бақылау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды бірнеше топқа бөлу. Топ басшыларына бағалау парақтарын тарату.(Бағалау парақтарына жауап берген оқушыларды белгілеп отыру)



Көп кешікпей көктемде келіп қалды,

Көгеретін тіршілік көгерді енді,

Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге.

Келген көктем, білмеймін не береді?

(Мұқағали Мақтаев)

Ақынның осы өлеңі арқылы нені байқауға болады?

(Тіршілік, қимыл, іс-әрекет)

2. Үй тапсырмасын сұрау.

І топ.

1.Көктемде тойланатын мерекелерді ата.

2.Етістіктің райларын ата.

ІІ топ.

3.Берілген етістіктерді бұйрық; шартты райда жікте. Айт, Ойланды.

4.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құра: қонаққа барсаң, барғымыз келеді, жақсылық болсын.

ІІІ Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?

1. Наурыз мерекесінің шығыс халықтары үшін жаңа-жыл мерекесі екенін түсіндіру.

2. Етістіктің райларын қайталау.

Бүгінгі сабақта нені үйренуіміз керек?

  1. Райлардың түрлерін ажарата білу.

  2. Наурыз көженің жасалу тәсілін, қосылатын тағамдардың түрлерін білу.

Наурыз мейрамы.

Мұғалімнің сөзі. Оқушылар! Өткен сабақта біз сендермен көктемде тойланатын мерекелермен танысқан болатанбыз. Бүгін сол мерекелердің бірі. Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мейрамымен танысамыз. Бұл мереке наураздың 22- нде тойланады. Мереке әр түрлі ойын- сауық, салт-дәстүрімізге байланысты мерекелік көріністер өткізіледі. Ең бастысы «Наурыз көже» дайындалады.

А) Мәтіндегі жаңа сөздерді оқып аудару .

Ә) Мәтінді оқып, аудару, абзацтарға бөлу, мәтінге басқаша ат қою.

Б) Компьютерге деңгелік тапсырмалар жазылып қойылған. Оқушлар тапсырмаларды интерактивті тақтада орындайды.

ІІІ деңгей

  1. Мәтіннен тілектерді теріп жазыңдар . Етістіктердің райларын анықтаңдар.

  2. Мына сұраққа жауап беріңдер.

Наурыз күнін халық қалай қарсы алады?

ІІ деңгей:

Үлгі:бойынша мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, барлық райда жазыңдар.

Үлгі: пісірілді- пісір ( бұйрық рай), пісірсе ( шартты рай), пісіргім келеді (қалау рай).

І деңгей: Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып көшіріп жаз:

Керекті сөздер: пісірілді, берген, сақталған, есептелген шақырған, қосылады.

4.Бекіту. Кесте бойынша етістіктің райларын қайталау.



Етістіктің райлары

Ашық рай Бұйрық рай Шартты рай

Келер,осы М. Кел , негіз+са,-се

өткен шақтағы тойла, ал көр+се

етістіктер бар+са

Қалау рай

Негіз+ғы, й, қы,-кі

М. барғым келеді

айтқым келеді

5. Қорыту. Жаттығу. Мәтіндегі баталардың қаншалықты қадірлі екенін түсіндіру. «Жеті» санының мұсылман қауымы үшін өте қымбат екенін ескерту.

6.Үйге: 117- бет 2 - тапсырма.

7. Оқушылар еңбегін бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал