7


  • Учителю
  • Урок конспект по казахскому языку на тему 'Ауа райы'

Урок конспект по казахскому языку на тему 'Ауа райы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сынып: 5 «Б»

Пәні: қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Ауа райы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Аталған тақырыптың мәтінімен танысу, сөйлесумен жұмыс жүргізу, ауызекі сөйлеуге үйрету.

б) Дамытушылық: Сөздіктермен жұмыс жасау арқылы сөйлем құрастыру қабілеттерін арттыру;

ә) Тәрбиелік: қазақ тілі пәніне қызығушылықтарын арттыру арқылы тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ізденушілік, сұрақ- жауап, көрнекілік.

Көрнекіліктер: суреттер, сөздіктер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV.Диологпен жұмыс.


IІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Әңгіме не туралы айтылған?

2. Аю не іздеп шықты?

3. Аю ананың неше баласы бар?

4. Олардың көздеген орны қай жерде?

5. Ол ненің орны?

6. Шырша қалай құлады?

7. Олар қандай жатақ тапты?

8. Аю белгіні қалай тастап кетеді?

9. Белгі не үшін керек?

10. Аю жатаққа орналасты ма?

11. Шұңқыр түгел жабылды ма?

12. Аю қалай ұйықтайды?


Жаңа сабақ:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Жылдың төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайды. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады. Көктемде күн жылына бастайды.

Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Науырыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі. Және т.б.

Жылдың әр мезгілінде ауа райы өзгеріп тұрады. Сондықтан адамдар ауа райының болжауын радиодан, теледидардан біле алады. Ауа райын бір-екі күн, апта, ай бұрын алдын ала болжауға блады. Мұнымен метерология ғылымы айналысады. Ауа райын болжайтын қарапайым аспаптардың бірі - барометр.

Ауа райының құбылысын алдын ала біліп отыру кеме кеме капитандарына, ұшқыштарға, автомобиль жүргізушілеріне, теміржолшыларға, құрылысшыларға, егіншілерге және малшыларға аса қажет.


Сөздікпен жұмыс:

Жел-ветер

Бұлт-туча, облако

Болжау-прогноз

Жауын-дождь

Тайғақ-скользкий

Қар аралас жауын-шашын- снег с дождем

Қоңыр салқын-умеренная прохлада


Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру: (сөз құрамына талдау. )

Жауын-шашынсыз, ашық, ала бұлтты, күн күркіреу, өткінші жаңбыр, жауын-шашын, қар, температура, ауа райы;


Жаңа сабақты пысықтау:

Тапсырмалармен жұмыс:

  1. тапсырма. Берілген диологты жолдасыңмен оқып, орыс тіліне аударып жаттап алыңыз.

- Сәлем, Саркен!

- Сәлем, Арсен!

- Бүгін ауа райы қандай жақсы! Күн жылы, аспан ашық. Көктем - жылдың ең жақсы мезгілі.

- Меңінше, жылдың ең жақсы мезгілі - қыс. Қыста күн суық және қысқа болады. Қар жауады, тұман түседі. Ауа таза болып тұрады.

- Сен неге қысты жақсы көресің? Өйткені сенің туған күнің қыста ғой! Кешір, бірақ жыл мезгілінің ең жақсы мезгілі - жаз. Жазда күн ыстық, күн ұзақ болады, жылы жаңбыр жауады.

- Бәріңіз де қателесесіздер, өйткені жылдың ең жақсы мезгілі - күз. Күзде күн салқын, сонда да күз - ең әдемі жыл мезгілі. Күзде көкөніс, жеміс-жидек өте көп.

- Әр мезгіл де тамаша.

- Айтпақшы, ертең ауа райы қандай болады?

- Таңертең күн жылы болады, күндіз жаңбыр жауады. Кешке жақын салқындайды. Ауаның температурасы 5-7 градус жылы болады.

- Сау бол, Саркен!

Сау бол, Арсен!


2-тапсырма. Қазгидромет мәліметтері бойынша ауа райын болжау.

- Назарларыңызға сенбі, қаңтардың жиырма біріне арналған ауа райы болжауымызды ұсынамыз. Қазгидромет мәліметтері бойынша:

. Қостанайда түнде қар жауып, күндіз 30 градусқа аязға көтеріледі.

Ел ордасы Астанада күндіз ашық болып, түнде 31 градусқа дейін аяз көтеріледі.


Қорытындылау:

1-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің лайықтысын жазыңыз.

1. Жазда күн (қысқа, ұзақ) болады.

2. Қыста күн (ыстық, суық) болады.

3. Жылдың әр мезгілінде (жағдайы, ауа райы) өзгеріп тұрады.


Үйге тапсырма беру. Сөздіктерді жаттау. 21-қаңтарға қостанай, Астана, Алматы, Көкшетау ауа райларын тыңдап жазып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал