- Учителю
- поурочный план по казахскому языку в 4 классе на тему: 'Көктем айлары!
поурочный план по казахскому языку в 4 классе на тему: 'Көктем айлары!
Шипин М.М.
Қостанай қ.
№2 мектеп - лицейі
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көктем айлары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін молайту.Әр түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.Білім сапасын тексеру мақсатында сабақ сайын қылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттеріне үлкен мән беріп,тілдесім әрекетін арттырып отыру.
Дамытушылық: Жыл мезгілі тақырыбында сөйлесу дағдысын қалыптастыру.Сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын,қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.Тапсырмалар барысында жылдамдыққа,дәлдікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі мен формасы: жарыс,білімдерін бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндіру, сөздік,тестпен жұмыс,өз бетінше жұмыс,сұрақ-жауап,жаттығу,көрнекілік,топтық
Сабақтың жабдығы:суреттер,слайд.
Кітаптың авторы: А.Қайырбекова Алматы «Атамұра» 2010 жыл
Пәнаралық байланысы:орыс тілі
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,кезекшімен сұхбаттасу /Бүгін кім кезекші,сыныпта кім жоқ,үйге қандай тапсырма берілді,ауа райы қандай,бүгін нешесі? аптаның қай күні?/Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау.Қонақтармен таныстыру, сабақтың мақсатын,барысын айту.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар,ұстаздар,қонақтар! Баршаңызды алдағы келе жатқан мерекемен құттықтай отырып сіздерге денсаулық,бақыт,қажымас қайрат тілеймін! Қазақ тілі апталығы жүріп жатқаны баршамызға белгілі.Бүгінгі 3 а сыныбындығы ашық сабағымызға хош келдіңіздер дей отырып мына өлең жолдарды оқуға рұқсат етіңіздер
Құтты болсын бәріне
Бүгінгі ашық сабақ - мереке!
Қазақстан жерінде
Болсын бірлік, береке!
Тобымыз бүгінгі сабақта
Жеңімпаз деп атанса,
Мәз болады біздің мұғалима - деп сайысымызды бастаймыз.
Жарыстың барысы:Топқа бөлінуден кейін тапсырмалар орындау барысында жұлдызшалар беріліп отырылады.Мақсат тапсырмаларды дұрыс орындап жеңіске жету.
1.Оқушыларды топқа бөлу кезеңі.Бұл бөлу оқушылардың төсіндегі гүлдерге байланысты,яғни раушан гүлдерді бірінші топқа,қызғалдақ гүлділерді екінші топқа отырғызу.
1-ші топтың атауы «РАУШАН»
2-ші топтың атауы «ҚЫЗҒАЛДАҚ»
2. Бірінші сайыс:«Танысу»- Әр топтан бір бала өзі туралы, яғни, таныстырып шығады.
Мысалы:
****Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Менің аты-жөнім Лагутина Саша.Мен 3 сыныпта оқимын.Аршалыда тұрамын.Достарым көп.Сабақты беске оқимын.Қазақ тілі маған ұнайды.Бүгінгі сайыста біздің «Қызғалдақ» жеңіске жетеді деп ойлаймын.
****Сәлеметсіздер ме! Мен Заварзина Екатеринамын.Мен үшінші сыныпта оқимын.Сабағым жақсы.Мен көктем айын ұнатамын.Бүгін біздің топ жеңіп шығады деген ойдамын.Біздің топқа сәттілік тілеймін.Іске сәт!
3. Екінші сайыс: «Жұмбақ шешу»
Слайдта берілген жұмбақты шешу - шешуін тауып сөздерді аударып айтады.
1.Үй үстінде ұсақ тас (жұлдыз) 3.Онсыз астың дәмі жоқ,
2.Өзі арық,сөзі-әріп (қалам) Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)
4.Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді. (бұлбұл)
4. Үшінші сайыс: «Дұрыс жауап бер»
Әр топқа 10 сұрақтар беру , жауапты тез және толық айту керек:
1 топқа:
1. Қай жыл мезгілі келді? /көктем мезгілі келді/
2. Көктемде неше мереке бар? /көктемде 4 мереке бар /
3. Қазақтың ең басты ұлттық тамағы? / бесмарбақ/
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? / қазақ тілі /
5. Ең сұлу құс? /аққу/
6. Көктемнің бірінші айы? /наурыз/
7. Сенің жасың нешеде ? /менің жасым онда/
8. Көктемде ең бірінші қандай гүл шығады? / бәйшешек/
9. Қазақ тілінде неше әріп бар? /42 әріп/
10. Наурызда пісірілетін басты тағам? / наурыз көже/
2 топқа:
1. Көктемде ауа райы қандай? / көктемде ауа райы жылы/
2. Қазақ тілінде неше тән дыбыстар бар? / 9 дыбыс бар/
3. Бір жылда неше ай бар? /12 ай бар/
4. Қазақстанның президенті кім? /Н.Ә.Назарбаев/
5. Мен,бен,пен деген не? /жалғаулықтар/
6. Көктемде нелер ұшып келеді? /құстар ұшып келеді/
7. Көктемнің екінші айын ата. /сәуір/
8. Біздің тудың түсі қандай? / көгілдір/
9. Мамыр көктемнің нешінші айы? / үшінші айы/
10. Түйенің несі бар? / түйенің ботасы бар/
Төртінші сайыс: «Анаграмма» слайдта берілген сөзді дұрыс айту
5. Бесінші сайыс: Ал,балалар мына қобдишаның ішінде тапсырмалар бар.
Әр топтан бір бірден келесіңдер, тапсырмаларды аласыңдар.
Қобдишадағы тапсырмалар:
а) Мына сандарды сөзбен айт: б) Мына сөздерден сөз тіркесін құрап айт:
күн, ана, мереке, үй, көктем
25, 68, 124, 904, 2007, 37, 12, 79
в) Мына сөздерге болымсыз етістіктің жұрнақтарын жалғап айт,аудар
Кел+ме /приходи-не приходи/,ал+ма / бери-не бери/,бар+ма/иди-не иди/,айт+па/говори-не говори/,кес+пе/режь-не режь/,жүз+бе/плавай-не плавай/,отыр+ма/садись-не садись/,жаз+ба /пиши-не пиши/
г) Мына сөзден әр түрлі сөздер құра: мұражай- / мұра,ай,жай,жар,ұр,ара,май,ар,Арай/
д) құмырсқа- /құм,қас,мыс,рас,сыр,ұры,сыра,қыс,қысқа,ұрыс,сақа/
Алтыншы сайыс: «Сөздік ойыны» слайдта берілген сөздерді тез аудармасын жазу.
Жетінші сайыс: өз өнерін көрсету,ән,жұмбақ айту.
1. Ей балалар,балалар,
Бар қасиет нанда бар.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
2. Астанам, жас қалам,
Мақтанышым бас қалам.
Көгіңде шырқалсын,
Шаттықты асқақ ән.
Аснатам,жас қалам,
Мақтанышым бас қалам.
Келешек бақ күнге,
Жолшы бол бастаған
Ардақты Астанам.
Сегізінші сайыс: сөйлемдерді толықтыру, жауап беру
Тоғызыншы сайыс: топтар бір-біріне сұрақтар қояды.
Ал, балалар бүгінгі сайысымыз жақсы өтті, жақсы жауап талпынып бердіңдер.Алдағы тұрған мақсатқа жеттік деп ойлаймын.Келесі сөз кезегін қонақтарға берсек.
Қорытынды: қонақтарға сөз беру.