7


  • Учителю
  • 'ҰБТ-ға дайындыққа арналған жұмыс дәптері 11-сынып

'ҰБТ-ға дайындыққа арналған жұмыс дәптері 11-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қ

Баянауыл ауданы ,Қ.Кемеңгеров атындағы орта мектеп

2015

«ҰБТ -ге дайындық»

Қазақ тілі пәнінен «Лексика» тарауы бойынша жұмыс дәптері

А.С.Жуманова

Күркелі ауылы




Түсініктеме хат

Жұмыс дәптері оқушыларға «Лексика» тарауын жан-жақты меңгерудің неғұрлым тиімді жолдарын қамтыған. Білім беруде барлық материалдар бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру үдерісінде оқушының білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Оқыту бағдарламасы тоқсан басында әрбір оқушыға беріліп,оқушының білімін тереңдетуге ,пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы оқушыға қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Тарауды толықтай меңгеру үшін оқушы ұсынылған әдебиеттердің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тарауды оқытудың мақсаты : Оқушының ҰБТ-ге дайындық барысында «Лексика» тарауын жан-жақты меңгеруіне жол көрсете отырып, әрбір оқушыға оқу материалдарын өздігімен меңгеруге үйрету,олардың ақыл-ой қабілетінің даму жолдары мен тәсілдерін анықтау. Оқушылардың білім деңгейін анықтап, оларды диагностикалау және коррекциялау.

Міндеттері :

  1. Оқушыларды осы тарау бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру.

  2. Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін анықтау.

  3. Оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуын қамтамасыз ететін тапсырмалармен, ережелермен таныстыру.



Мазмұны

1.Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына.Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары.Көп мағыналы сөздер.

2.Омоним.Синоним.Антоним.Табу.Тұрақты сөз тіркестері.Мақал-мәтелдер.

3.Сөздік қор.Қазақ тілінің сөздік құрамы.Көнерген, жаңа сөздер.Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері.

4.Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер.Кәсіби және термин сөздер.



Өткізу уақыты мен орны.

Мазмұны


Сабақты өткізу мерзімі мен орны

бақылау

Өзіндік жұмыс

1

Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына.Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары.Көп мағыналы сөздер.




2

Омоним.Синоним.Антоним.Табу.Тұрақты сөз тіркестері.Мақал-мәтелдер.




3

Сөздік қор.Қазақ тілінің сөздік құрамы.Көнерген, жаңа сөздер.Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері.




4

Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер.Кәсіби және термин сөздер.






Оқу сабақтарының құрлымы

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: дәріс, өздік жұмыс, бақылацу жұмыстары.

Дәріс - оқушыға тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін оқушы ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс жасау қажет.

Өздік жұмыс - оқушының өзіндік жұмысы. Ол тапсырмаларды кестеге сәйкес белгіленген мерзімде тапсыруға міндетті.

Бақылау жұмыстары - оқытушының бақылауындағы оқушының өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде мұғалімнің көмегімен оқып меңгеру. Мұғалім тақырыпқа сәйкес оқушының білім деңгейін тексереді, бақылайды.



Оқушыларға арналған ережелер :

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде ұялы телефонның көмегіне, түрлі анықтамалықтар көмегіне сүйенбеу керек.

  3. Тапсырмаларды басқа біреуден көшірмеу керек.

  4. Сабақтан себепсіз қалмау керек, науқастығына байланысты болса, сынып жетекшіге ескерту керек.

  5. Барлық кешенді тапсырмалар орындалу керек, себебі мониторингісі шығарылады.

  6. Тапсырмаларды толық орындап болмай, келесі тарауға өтпейсіз.



Дәрістер

Жоспар:

  1. Лексика туралы түсінік. Сөз бен мағына.

  2. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары.

  3. Көп мағыналы сөздер.

  4. Жалпылама лексика. Кірме сөздер. Диалект сөздер.Кәсіби және термин сөздер.

Пайдаланатын әдебиеттер :

  1. «Қазақ тілінен ҰБТ-ге дайындаламыз» І бөлім. А.Ә.Айнабек, Т.Ж.Ганиев. «Астана» -2013жыл.52-53 б.б.

  2. «Қазақ тілі» оқулық. 5-сынып.

  3. «Қазақ тілі» 10 -сынып ( сөз мәдениеті). «Мектеп»баспасы 2002 жыл

Лексика (грекше лексикос - сөз дегенді білдіреді) тілдегі сөздердің жиьштығы деген ұғымды білдіреді. Кейде лексика жеке ақын-жазушылардың шығармаларында қолданылған сөздер жиынтыгы деген ұғыммен де жұмсалады. Мысалы, Абай шыгармаларының лексикасы дегенде, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қолданылған сөздер жиынтығы дегенді, қазақ тілінің лексикасы дегенде, қазақ тілінде қолданылатын барлық сөздің жиынтығы деген ұғымды түсінеміз.

Лексика лексикология, семасиология, этимология және лексикография деген салалардан тұрады.
1. Лексикология - сөз туралы ілім (лексикос - сөз және логос - ілім), тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді.
2. Семасиология (гректің семантикос - білдіру, мән және логос - ілім деген сөздерінен алынған) сөз мағынасын, сөздің ішкі мәнін, сөздің мағыналық ерекшеліктерін қарастырады.
3. Этимология - сөздер мен жекеленген тұлғаларының тарихын, шығуын, дамуын зерттейтін тіл білімінің саласы. Мысалы, қазіргі тілімізде қолданылып жүрген кітап, дос, бөкебай, биыл, сексен сияқты сөздерінің мән-мағынасы бізге түсінікті, бірақ ол сөздердің қалай шыкқандығына көз жүгіртіп, мән бере бермейміз. Кітап - китабун деген араб сөзі, дос - дост деген парсы сөзі, бөкебай - пуховый деген орыс сөзі, ал биыл - бұл+йыл (жыл), сексен - сегіз+он деген түбірден құралған біріккен сөздер.
4. Лексикография (гректін лексикос - сөз және графос - жазу деген сөздерінен алынған) тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасау деген үғымды білдіреді. Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.
Сөздіктердің негізгі түрлері мынадай:
Түсіндірме сөздік тілдегі барлық сөздерді қамтып, білдіретін мағыналарды мысалдар арқылы талдап, саралап береді. Қазақ тілінде 1956-1961 жылдары екі томдық, кейін 1974-86 жылдары он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жарық көрді.
Аударма сөздік бір тілдің сөздерін екінші тілге аударып береді. Қазақ тіліне қатысты аударма сөздіктер; «Орысша-қазақша сөздік», «Қазақша-орысша сөздік». «Парсыша-қазақша сөздік», «Ағылшынша-қазақша сөздік» т. б. Сондай-ақ кене түркі ғалымы Махмүд Қашғаридың «Дивану лұғат-ит түрік» (Түркі тілдері сөздігі, яғни түрікше-арабша, 1072 ж.), «Кодекс Куманикус (қыпшақша-немісше, 1303 ж.), академик В. В. Радловтың төрт томдық «Опыт словаря тюркских наречий» (түркі тілдерінің сөздері орыс және неміс тілдеріне аударылып беріледі, демек көп тілді сөздік, 1897-1911 ж.) осы сөздіктер қатарына жатады.
Терминологиялық сөздік тілдегі әр түрлі ғылым мен техника саласы бойынша қолданылып жүрген арнайы термин сөздердің мәнін ашып беретін немесе екінші тілге аударып көрсететін сөздіктің түрі болып табылады. Қазақ тілінде әр түрлі терминологиялық сөздіктер бар.
Этимологиялық сөздік - тілдегі сөздердің шығу төркіні мен тарихын, қалай пайда болғанын көрсететін сөздік. Қазақ тілінде алғаш рет 1965 жылы «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» жарық көрді.
Орфографиялық сөздік - тілдегі сөздердің дұрыс жазылу қалпын, емлесін көрсетіп береді. Қазақ тілінде бірнеше рет басылып шыққан үлкен орфографиялық сөздіктерден басқа мектепке арналған да орфографиялық сөздік бар.
Орфоэпиялық сөздік - тілдегі сөздердің дұрыс айтылуын көрсетеді: өйткені тілдегі сөздер бірдей жазылып, бірдей айтыла бермейді.
Сөздіктің баска да түрлері бар. Олар: энциклопедиялық сөздік, жиілік сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік, белгілі бір ақын-жазушының сөздігі, мысалы, Абай тілі сөздігі т. б.

Аспан, жер, бұлт, орман, аласа, жылы, жаман, бару, алу, оқу деген сөздерді алсақ олардың әрқайсысының өзіне тән белгілі бір ұғымы болатынын білеміз. Аспан, жер, бұлт, орман деген сөздер заттарды атаса, аласа, жылы, жаман деген сапаны, бару, алу, оқу деген сөздер қимылды білдіріп тұрғанын көреміз. Сонымен балалар, сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.

Сөздер әрқашан тура мағынада ғана айтыла бермейді. Сөздің тура мағынасының негізінде пайда болған, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады. Мысалы: көз - деген сөзді алсақ,көз - адамның немесе жан-жануарлардың көру мүшесі. Бұл бастапқы тура мағынасы болса, күннің көзі, бұлақтың көзі дегендегі көз оның ауыспалы мағынасы. Тіл - сөзін алсақ, бастапқы тура мағынасы адамның баста орналасқан дене мүшесі, ауыспалы мағынасы - ана тілі, орыс тілі дегендегі тілдер.

Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады. Соның нәт жесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:
Бас (зат есім) - 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.

Ата (зат есім) - 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы - ескіден қалған женө-жоба, әдет-ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп - атадан келе жатқан шаруашылық.
Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.

Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамныңпсихологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді-ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр. Сондай-ақ зымырады, жүгірді, аяңдады дейтін сөздердің бәрі де қозғалысты танытқанымен, біреуінде эмоциональдық реңк (зымырады) басым, екіншісі қозғалыстың бәсеңдігін (аяңдады) көрсетеді. Мұндай нақтылық та сол сөздердің тура мағынасының арқасында мүмкін болып отыр. Сөздердің тура мағынасын тек етістік сөздермен ғана түсіндіріп қоймай, есім сөздермен түсіндірудің көптеген мысалдары бар. Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.

Ауыспалы мағына

Ауыспалы мағына - сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, "түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу" (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған. Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора,метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.

Сөздің негізгі мағынасы

Сөздің лексикалық мағынасы заттың, құбылыстың лақ сөзі болмағанымен, ұгым арқылы түсірілген солардың бейнесі деп есептеледі. Сондықтан сөздің магыналарын саралағанда ең алдымен оның ең алғашкы негізіі магынасын табуға тырысады.

Сөздің негізгі мағынасы айтушы мен тыцдаушыга ортақ нақты заттық ұғымды білдіреді. Нақты заттык ұгым сөз арқылы сөйлемде өзге сөздермен ешбір қарым-қатынасқа түспей-ақ статнкалық күйде ұгынылады. Бұлар шын-дьіқ өмірдіқ көрінісі ретінде белгіленеді. Сөздің нақ осындай мағынасы әдстте лексикалық магына деп аталады. Сөздіц лексикалық магынасы, негізіі магынасы, тура мағынасы деген сөздер өзара синоним ретінде жұмсалады. Мәсслен, аспан, тоғай, өзен, қызыл, сары, қозгалу, көру, былтыр, таңертең, жаздай дегсн сөздер өзініц тура магынасында осы түрган қалпында айгушыға , да, тыңдаушыга да бірдсй түсінікті. Өйткені бұлар айналамыздагы бәрімізге танымал затпсп кұбылыстық атауы, күнделікті көріп жүргеп_ шыпдық өмірдің көрінісі. Бүл көріністер баршаға ортақ белгілі дыбыстық комплекстер арқылы таңбаланып, бір тілде сөйлеуші коллсктивтің белгілеуімен жүзеге асқан үйреншікті сөз мағыналары арқылы түсінікті болып тұр.

Көп мағыналы сөздер.

Тілдегі кейбір сөздер бірнеше мағынада қолданылады. Екі не одан да көп мағынада қолданылатын сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болады және бір негізден таралады. Мысалы, адамның немесе жан-жануардың көзі, иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, білімнің көзі, істің көзі. Осы тіркестердегі «көз» сөзі - бір негізден таралған зат есім.

Тұрақты сөз тіркесі, тіркес - екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау - қызғану; іші күю - өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: немесе (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); - (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру.



Өздік жұмыстары

№1

Берілген жаттығулар мен тапсырмаларды орында.

А)Ерекшеленген сөздерді сөздік қор мен сөздік құрамға ажыратыңыз.

Дивизия түні бойы шегінді. Түн ортасында ізге түскен жаудың қарқыны бәсеңдеді. Біраз бөлімдер дұшпаннан қарасын үзіп кеткендей болды. Генерал түні бойы ұйықтамады. Лоблыған үмітпен жан қинаған күйзеліс бірін-бірі ауыстырады. Кей полктерден хабар ала алмай дал болды.

ә) Жеке тұрып мағынаға ие бола алмайтын және мағынаға ие болатын сөздерді топтастыр.

Аздан соң Оспанды ертіп, Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда,күн кешкіріп, екіндіге тақап қалған екен. Екі туысқан кешкі қоналқада қайда боларын шешпесе де, атқа мінісіп, өлкені ,өзенді бойлады. Осылайша атқа мініп, оралып қайтуын Оспан тілеген соң,бағанағы сөзін айтар деп, Абай үндемеген-ді.

Жеке мағынаға ие сөздер

Жеке мағынаға ие емес сөздер



Б) Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын өз сөзіңізбен жазыңыз.



Тұрақты тіркестер

Беретін мағынасы

1

Тілі мірдің оғындай




2

Бәйек болу




3

Жұрдай болу




4

Ұнжырғасы түсу




5

Төбе шашы тік тұру




6

Шөп басын сындырмау




№2

Кестелерді толтырыңыз.

А)

Диалект сөздер

Кәсіби сөздер

Термин сөздер

1


2


3


4


5


6

Ә)

Қолөнершілікке жататын кәсіби сөздер

Шаруашылыққа жататын кәсіби сөздер

1

2

3

4

5

6

Б)

Көнерген сөздер

Неологизм сөздер

Кірме сөздер

1


2


3


4


5


6



№ 3

Берілген ережелерді толықтырыңыз.

А) Сөздің екі не одан да көп мағынаға ие болуы сөздің ... немесе ... деп аталады. Мысалдармен дәлелдеңіз.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сөздік құрам ... деп аталады.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дыбысталуы , тұлғасы бірдей, бірақ мағыналары басқа -басқа сөздер ... деп аталады. Мысалдармен дәлелдеңіз

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ә) Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз .... Мысалдармен дәлелдеңіз.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз,ддөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездеседі. Мұндай құбылысты тіл білімінде ... деп атайды. Мысалдармен дәлелдеңіз.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мақал дегеніміз ... Мысалдармен дәлелдеңіз

---------------------------------------------------------- -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

№4

Берілген сөздерге сатылай кешенді лексикалық талдау жасаңыздар.

Үлгі : СӨЗ

І. Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы
ІІ. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы
1. Түпкі мағына. 2. Туынды мағына
а) Көп мағыналы сөз. ә) Омоним. б) Синоним. в) Антоним. г) Кірме сөздер (араб, парсы, монғол,
орыс тілінен енген сөздер). ғ) Табу. д) Эвфемизмдер. е) Дисфемизмдер
ІІІ. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары
1. Сөздің еркін мағынасы
2. Фразеологиялық байлаулы мағынасы
3. Синтаксистік шартты мағынасы
IV. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары
1. Бейтарап мағына
2. Бейнелі мағына(троп пен фигуралардың түрлері)
3. Терминдік мағына
V. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері
1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері
а) жалпылама лексика. ә) қолданылу өрісі тар лексика
1. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері
2. Сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлері

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

№5 Деңгейлік тапсырмаларды орында.

І деңгей. Сұрақтарға жауап жаз.

1.Жалпылама лексика дегеніміз не?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2. Сөздіктер. Сөздіктердің түрлері.--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3.Зат есімнен болған синонимдерге мысалдар жаз.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІ деңгей. Мына мақал-мәтелдерді аяқтап, қайсысы мәтел,қайсысы мақал екендігін ажырат.

  1. Суға кеткен ... 2. Байтал түгіл ... 3.Батырға да ... 4. Әзіл айтсаң да, ... 5.Білгенің бір тоғыз ... 6.Тұз астың дәмін келтірсе, ... 7. Досы көпті жау... 8.Кең болсаң, ... 9. Еңбек етсең, ерінбей, ... 10.Көрмес - түйені де ...

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Мақал

Мәтел

ІІІ деңгей .

« Мен - Қазақстандықпын!» тақырыбында ойтолғау жазыңыздар. Құрамында тұрақты сөз тіркестері , сөздің тура және ауыспалы мағыналары және мақал-мәтелдер болуы шарт.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бақылау жұмыстары

№ 1. Сұрақтарға жауап жазыңдар.

1.Антоним қатысқан мақал-мәтел.-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Жаңа сөздер тобын жаз.-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3.Тұрақты сөз тіркесі бар сөйлемдер жаз.-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4.Қызылша шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

5.Синоним сөздер тізбегін жаз.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

6.Химия ғылымына тән терминдер -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

8.Антоним қатысқан сөйлемдер құрастыр.---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

9.Белгілі бір шаруашылық саласымен шұғылдануда қолданылатын сөздерге мысалдар жаз ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

10. Табу сөздер туралы пікірің--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

№ 2. Тест тапсырмасын орындаңыздар.

1. "Жалығу" сөзінің синонимін көрсетіңіз.
A) Зерігу, құмар болу. B) Еріну, кешіру. C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, іш пысу. E) Ығыр болу, көңілі қалу.

2. Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тыным, тыныштық таппаған. B) Бұраң бел, алма мойын. C) Ара гүлге қонды. D) Жақсылық пен жамандық - болды егіз. E) Сөз ағасы - құлақ.
3.Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) Қара. B) Ірі. C) Сары. D) Осал. E) Қас.
4.Қолөнерге байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
A) Егемен, әмбебап. B) Кешен, нарық. C) Нән, сүгірет. D) Пышқы, шербек.
E) Сиықты, маңлай.
5.Термин сөздердің анықтамасын белгілеңіз.
A) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер.
B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
C) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері. D) Басқа тілден енген сөздер.
E) Қолданыстан шығып қалған сөздер.
6.Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
A) Қоза, шиіт. B) Сүгірет, маңлай. C) Хан, патша. D) Сәукеле, кебеже.
E) Дүрия, патсайы.
7.Термин сөздерді көрсетіңіз.
A) Эвфемизм, дисфемизм. B) Диалект, садақ. C) Сауыт, айбалта. D) Адырна, найза. E) Отарба, ұрын бару.
8.Термин сөздерді көрсетіңіз.
A) Жақсы, жаман. B) Бастауыш, аммиак. C) Сәлемдесу, амандасу. D) Тез, жылдам. E) Ажар, көрік.
9.Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
A) Қала мен ауыл арасы. B) Алты қанат ақ үй. C) Ит терісін басына қаптады.
D) Көпке тараған күй. E) Тез келді.
10."Әсем" сөзінің синонимдік тұрақты тіркесін көрсетіңіз.
A) Азар да безер болды. B) Тайға таңба басқандай. C) Бетінен оты шықты.
D) Ай оңынан туды. E) Қыздың жиған жүгіндей.
11.Архаизмді көрсетіңіз.
A) Хан. B) Патша. C) Уәзір. D) Патсайы. E) Садақ.
12. Тарихи сөзді табыңыз.
A) Сауын айту. B) Сәукеле. C) Хан. D) Имам. E) Кебеже.
13. Тарихи сөзді белгілеңіз.
A) Ұрын бару. B) Барымта. C) Лашық. D) Үйшік. E) Қызыл әскер.
14.Араб, парсы тілдерінен енген сөздерді белгілеңіз.
A) Ұлыс, нөкер. B) Емтихан, тәрбие. C) Нұра, Нарынқол. D) Жасақ, аймақ.
E) Жарлық, Зайсан.
15.Кірме сөздерді көрсетіңіз.
A) Құдағай, құдағи. B) Тыңла, тыңда. C) Бөтелке, кереует. D) Маңлай, нән.
E) Таңла, кілт.
16.Монғол тілінен енген сөздерді көрсетіңіз.
A) Ұлыс, нөкер. B) Сөмке, кәмпит. C) Сіріңке, бәтеңке. D) Сүгірет, бәдірен.
E) Кеуірт, әтешкір.

17. Диалект сөзді табыңыз.
A) Тұқым, сым. B) Космос, ғарыш. C) Саяжай, кеден. D) Лашық, күпі.
E) Сәукеле, шиден

18. Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.
A) Затты атап білдіретін мағынасы. B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз.
C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы. D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы. E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы.
19.Омонимдес сөзді көрсетіңіз.
A) Гүлнәр мектепке барды. B) Ол ақылды бала. C) Айт болды. D) Уақытты бағала. E) Айгүл - зерек оқушы.
20.Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.
A) Шапан, келін. B) Алты, жеті. C) Арықтан суару. D) Кел, оқып отыр.
E) Бәрі, тегіс.

№ 3. Тақырыптық тестерді орындаңыздар.

Мақал-мәтелдер.

1- нұсқа.

1. Мақалды аяқтаңыз. Тау мен тасты ... бұзады, адамзатты сөз бұзады.

А) Көңіл. В) Мұз. С) Ой. Д) Шөп. Е) Су.

2. Шешендік сөзді аяқтаңыз. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшы болмаса, ...

А) Ел жетім. В) Тау жетім. С) Жол жетім. Д) Күн жетім. Е) Сөз жетім.

3. Мақалды толықтырыңыз.

... тас жарады, тас жармаса бас жарады.

А) Тіс. В) Қол. С) Бас. Д) Көз. Е) Тіл.

4. Мақалды табыңыз.

А) Ғылым-теңіз, білім-қайық. В) Ғылым адамды биіктетеді. С) Ғылым шыңдайды.

Д) Ғалым ғылыммен айналысты. Е) Ол-әйгілі, білімді ғалым.

5. Мақалды толықтырыңыз. Өнер алды- ... тіл.

А) Ақ. В) Қызыл. С) Жасыл. Д) Көк. Е) Қара.

6. Туған жер туралы мақалды белгілеңіз.

А) Ұят-адамның өз бойындағы адамшылығы. В) Тіл қылыштан өткір. С) Әке-балаға сыншы.

Д) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді. Е) Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

7. Мақалды аяқтаңыз. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның ... .

А) Тіленбей. В) Сұранбай. С) Жыланбай. Д) Ойланбай. Е) Білінбей.

8. Мәтелдің жалғасын табыңыз. Сегіз қырлы, бір ...

А) өнерлі В) сырлы С) жырлы Д) ақылды Е) үлкен

9. Отан тақырыбындағы мақалды табыңыз.

А) Тәрбие басы - тіл. В) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. С) Ғылым - теңіз.

Д) Еңбек түбі - зейнет. Е) Кітап - тілсіз мұғалім.

10. Мақалды толықтырыңыз. ... ұстадан нұсқа.

А) Ұшқыш В) Азамат С) Дәрігер Д) Ұста Е) Шебер

11. Білім кілті-тіл.Мәтелдің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

А) Знание-ключ к языку. В) Язык и знание-сила. С) Знание-сила. Д) Люби и береги свой язык. Е) Язык-ключ к знаниям.

12. Мына мақалды аяқтаңыз. Мектеп - кеме,

Білім - ... .

А) Өзен. В) Мұхит. С) Көл. Д) Көлшік. Е) Теңіз.

13. Достық туралы мақалды табыңыз.

А) «Көп қорқытады» В) «Өнер алды-қызыл тіл» С) «Жаман жолдастан таяғым артық» Д) «Білім кілті-тіл» Е) «Сөздің көркі-мақал»

14. Туған жер - Отан туралы мақалды табыңыз.

А) Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды. В) Жаман айтпай, жақсы жоқ. С) Өнер алды-қызыл тіл. Д) Сөз сүйектен өтеді. Е) Ештен кеш жақсы.

15. Мақалды толықтырыңыз. Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер.

А) Басың В) Жолың С) Жүрегің Д) Гүлің Е) Кітап

16. «Человека прославляет труд» мақалының қазақша баламасын табыңыз.

А) Еңбек етсең емерсің. В) Ердің атын еңбек шығарады. С) Не ексең, соны орарсың.Д) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей. Е) Көз қорқақ , қол батыр.

17. Мақалды толықтырыңыз: «Аз ... алтын, көп ... күміс»

А) Негіз. В) Өмір. С) Ақыл. Д) Сөз. Е) Ой.

18. Мақалды толықтырыңыз. «... өмір - сөнген көмір.»

А) Еңбексіз. В) Бақытсыз. С) Ақшасыз. Д) Сенсіз. Е) Жұмыссыз.

19. Достық туралы мақалды табыңыз.

А) Өнерлінің өзегі талмас. В) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас. С) Отан оттан да ыстық .Д) Ұрлық түбі - қорлық. Е) Ер дәулеті - еңбек.

20. Мақал-мәтелдерді жинастыратын сөздікті табыңыз.

А) Синонимдік. В) Фразеологиялық . С) Түсіндірмелі. Д) орфографиялық . Е) Омонимдік.

21. Мақалды аяқтаңыз: Ер қанаты - ... .

А) серігі. В) қару. С) табандылық . Д) жылқы. Е) ат.

22. Мақалдың жалғасын табыңыз.

Жеті жұртың тілін біл, Жеті түрлі ... ... .

А) елге құрмет. В) тіл біл. С) тас жарады. Д) білім біл. Е) ұлт жоқ .

23. Достық тақырыбындағы мақалды табыңыз.

А) Ұрлық түбі-қорлық . В) Отан-оттан да ыстық . С) Ата-баланың қорғаны. Д) Жақсыны жолдасынан таниды.

Е) Бес саусақ бірдей емес.

24. Мақалды толықтырыңыз.

«Қоянды қамыс өлтіреді,

Батырды ... өлтіреді».

А) Қыз. В) Ой. С)Жігіт. Д) Соғыс. Е) Намыс.

25. Мақал-мәтелдерден антонимді табыңыз.

А) Еңбек етсең емерсің. В) Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп. С) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Д) Мектеп-кеме, білім-теңіз. Е) Оқу инемен құдық қазғандай.

№ 4 .Тапсырманы орындаңыздар.

1. ЛЕКСИКОЛОГИЯ СӨЗІНІҢ ҚАЗАҚША БАЛАМАСЫ

1) «сөз» және «ғылым»

2) «сөз» және «мағына»

3) «сөз» және «жазу»


2. СӨЗ МАҒЫНАСЫНЫҢ ТҮРІ

1) лексикалық

2) грамматикалық

3) лексикалық және грамматикалық


3. СИНОНИМДЕРДІҢ АРХАИЗМ ЖӘНЕ ТАРИХИ СӨЗДЕРГЕ ҚАТЫСЫ

1) архаизмдердің актив лексикада синонимі болады, ал тарихи сөздердің синонимі болмайды

2) архаизмдердің актив лексикада синонимі болмайды, ал тарихи сөздердің синонимі болады

3) архаизмдердің актив лексикада синонимі болады, тарихи сөздерде де синонимі болады

4) архаизмдердің актив лексикада синонимі болмайды, тарихи сөздерде де синонимі болмайды


4. ТҮБІРЛЕС СӨЗДЕРДІҢ АНТОНИМГЕ АЙНАЛУЫ ЖҰРНАҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН

1) байланысты

2) байланысты емес


5. КӘСІБИ - ТЕРМИНДІК ЛЕКСИКАНЫҢ ҚОЛДАНУ ӨРІСІ

1) тар

2) кең

3) жоқ


№5. Сәйкестендіріңіз.


1. Лексиканың семасиологиялық сипаты Мысал

1. омоним A) мейрам, мереке, той

2. синоним B) ауыр, жеңіл

3. антоним С) бал арасы,арамен кесті

D)таудың басы,істің басы

E) иненің көзі, есіктің көзі


2. Кірме сөздер Мысал

1. араб-парсы тілдерінен енген сөздер A) нөкер, ұлыс

2. орыс тілінен енген сөздер B) бәтеңке, аршын

3. моңғол тілінен енген сөздер C) шәкірт, әкім

D) бала, ат

E) қой, ай


3. Фразеологизмдер Мысал

1. кең тұсау A) қорқақ

2. зәресі ұшты B) шошыды

3. су жүрек C) мазасызданды

D) батыр

E) еркіндік

4.Лексиканың қолданылу сипаты Мысал

1. архаизмдер А) сүт бидай, ет бидай

2. неологизмдер B) старшын, патша

3. кәсіби сөздер C) сайт, портал

D) кебеже, үшкірту

E) балапан, қозы

5.Қолданылу сипаты Мысалдар

1. Диалектизмдер A) нан, әпше

2. Варваризмдер B) қой, ешкі

3. Жаргондар C) если, так что

D) базар жоқ


6.Лексиканың қолданылу сипаты Түрлері

1. актив лексика A) көнерген сөздер

2. пассив лексика B) кәсіби сөздер

C) түбір сөздер

D) қос сөздер

7. Мысалдар

1. Мақал A) Еңбек ширатады, өмір

2. Мәтел үйретеді

B)Қалауын тапса, қар жанар

C) Ақ киізге көтеру

D) Иненің жасуындай

8. Сөздіктің түрлері Сәйкес ұғым

1. Диалектологиялық A) термин

2. Терминологиялық B) экспедиция

3. Түсіндірме C) балама мағына

D) емле

9. Тіл деңгейлері Сәйкес ұғымдар

1. Морфология А) құрмалас

2. Синтаксис В) сөздік құрам

3. Лексика С) алфавит

D) аффикс

10. Лексиканың семасиологиялық сипаты Мысал

1. омоним A) мейрам, мереке, той

2. синоним B) ауыр, жеңіл

3. антоним С) бал арасы,арамен кесті

D)таудың басы,істің басы

E) иненің көзі, есіктің көзі



Тарау бойынша оқушыларға арналған глоссарии

Лексикология - сөз туралы ілім (лексикос - сөз және логос - ілім), тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді.

Полисемия - ( Poly - көп + sema - таңба) - екі немесе бірнеше ие болуы.

Эвфемизм - (грек. eu - жақсы, phemі - айтамын) - тұрпайы басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы , негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм - тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі.

Дисфемизм - ( dis, dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, рһemi - айтамын), - ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизм - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту,қорлау,жаратпау ұғымын тудырады.

Фразеология - (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан тіркестерімен ортақ атауы.

Өздеріне формасы жағынан ұқсас құрылымдардан ерекшелігі: сөздердің белгілі бір тұрақталған лексика грамматикалык құрылымдағана айтылатын ойта сәйкес болып, сол сөздің бастапқы жеке мағынасының жалпы заңдылыктарына бағынбауында.

«Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын (ізін суытпай, ақ қарға) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың немесе белгісіз алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер. Фразеологизмнің негізгі және әмбебаб қасиеттері сөз мағынасының басқа мазмұнда қабылдануы немесе , сөз тіркесіндегі тұрақтылығымен қайталануы. Көпшілігі мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздерге жататын фразеологизиялық сөйлемдер мен тұрақты тіркестердің коммуникативтік қызметі және (логикалық бағыт) деген белінеді, сонымен бірге семантикалық екі жақтылық арқылы айқындалады.

Неологизм - ( neos - жаңа, logos - сөз) - қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады

Архаизм - . Бұған ескі әдебиеттерде кездесетін, қазіргі кезде жиі қолданылмайтын , жатады. Архаизм көркем әдебиетте белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалады. «Тіл және әдебиет мәселесі» деген мақаласында , , , енген көне сөздерден қашудың жөні жоқ екенін ескертеді. Мысалы, «Жамбыл» сөзінің шығу тегін білмегендіктен, Жамбыл ақынның есімін таумен шатастырады. Ал өзбек тілінде «Жамбыл» - гүлдің аты,«мартук» атауы - «мартүк» деген шөптің атынан шыққанын тілге тиек еткен.

  1. Лексика-сөзтудырушы архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ жасау құрамы өзгерген . архаизмдер төмендегі жағдайда колданылады:

    • а) Сол дәуір тарихын әсірелеу үшін (әдетте тарихи романдарда);

    • ә) кезінде салтанатталық, қобалжытарлықтай әсер беру үшін, өленде, , ( қолданалады);

    • б) , сықақта, әжуалағанда күлкі шақыру (, ),

    • в) кейіпкерге сипаттама беру үшін (мысалы, діндарлық дәрежесі бар кісіпер).

  2. Лексика-фонетикалық архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ өзгерген ( глад - голод, зерцало - зеркало, гистория - история, пиит - поэт).

  3. Лексикалық архаизмдер - қазіргі таңдағы тілде бар көнерген ( уәзір - хатшы).

  4. Семантикалық архаизмдер - қазіргі сақталған, бірақ көнерген мағынасында қолданылатын .



Лексикография - (гректің лексикос - сөз және графос - жазу деген сөздерінен алынған) тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасау деген үғымды білдіреді. Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.

Диалект - жергілікті мен говорларға тән ерекшеліктері. Диалектизм - көркем шығармаларда нормасынан ауытқу түрінде орын алады.

Диалектизмнің бірнеше түрі бар:

  • Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей - үгей), б орнына п (болат - полат), ш орнына ч (малшы - малчы), ж орнына й (бұл жақ - бұйақ, сол жак, - сойак,), сөз ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ);

  • Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенің әдеби -голы/-гелі тұлғасының -гайы/-гейі (баргайы, келгейі) аркылы, көпше I жағы -лы/-лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы айтылуы: атпынан, пойызбынақ;

  • Лексикалық диалектизмдер:

  • бойлай (үнемі д. м.),

  • бейсаубет (бет алды),

  • жарын (келер жыл),

  • рабайда (анда-санда),

  • күн баю (күн бату),

  • таға (нағашы),

  • ашық-машық (топса),

  1. Лексикалық диалектизм өз ішінен бірнешеге бөлінеді:

Нағыз лексикалық диалектизм әдеби варианттарымен мағыналас, бірақ дыбысталуы басқаша сөздер: әдеби сірінке - кәуірт, кеуірт, оттық, шақпақ түрінде айтылады. Лексика-семантикалық диалектизм олардың ерекшелігі дыбысталуында емес, мағынасында: әдеби тәртіп - нұсқау, әд. сым - шалбар мәнінде айтылады.

  • Этнографиялық диалектизм белгілі бір жерге тән мәні барзаттар мен білдіреді: жозы аласа дөңгелек үстел, әттік - қармақтың тілі, алақшын - пеш алдына шоқжаятын орын. Диалектизм көркем шығармаларда кейіпкерлер сөзінде қолданылып, шығарманын тілдік бояуын арттыру үшін қызмет етеді.





Үлгі :

Сынақ кітапшасы

Оқушының аты- жөні: 11 - сынып оқушысы Абиев Азамат



Өздік жұмыстары

Бақылау жұмыстары


№1

№2

№3

№4

№5

№1

№2

№3

№4

№5

Баға

3

3

4

3

5

4

4

4

4

5

Мониторингтік көрсеткіші



Коррекция жұмыстарын жүргізетін тақырыптар :

1.

2.

3.

4.

« Лексика» тарауы бойынша қорытынды баға: « »

Мұғалімнің қолы :---------------------

Ата - ананың қолы :-------------------





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал