7

  • Учителю
  • Поурочный план по казахскому языку на тему 'Мектеп кітапханасы' 6 сынып

Поурочный план по казахскому языку на тему 'Мектеп кітапханасы' 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

.

Ашық сабақ тақырыбы: Мектеп кітапханасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:өткенді еске түсіру, жаңа материалды меңгеру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық:ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру, ой- өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік:білім алуға ынталандыру, оқушыларды кітап оқуға, кітапханашы еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы.

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ- жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен жұмыс жасау, өзін- өзі тексеру, бірін- бірі тексеру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, мәтіндер.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме, балалар?

- Сыныпта кім кезекші? 2 мин.

- Кім жоқ?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

Топқа бөлу. Екі оқушы 1-ші «» 2-ші «» 5 мин.

( ал қалғандары жұптасып сөз жасырып екі топқа бөлінеді)

Өткен сабақ бойынша сөздерді қайталатып, сөзжұмбақты шешу. 5 мин.

1 слайд /интерактивті тақтада нөмірлерімен берілген суреттерді оқушылар аударып толтырады/ .

1. Дверь

2. Дневник

3. Книга

4. Ручка

5. Парта

6. Письмо

7. Доска

8. Журнал

9. Учитель

- Ортасында қандай сөз шықты?

- Кітапхана

- Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс, бүгінгі сабақтың тақырыбымыз «Мектеп кітапханасы» және зат есімнің көптік жалғауларын қайталау. Зат есім көптік жалғаулары қалай жалғасатындарын еске түсіру.

II. Сабақтың барысы: 2 мин

1 кезең. Мәтінмен жұмыс. Алдымен мәтінді өзім мәнерлеп оқып шығамын.

Мектеп кітапханасы

Мен №13 орта мектепте оқимын. Мектеп Ломов көшесінде орналасқан. Мектеп екі қабатты. Бірінші қабатында кітапхана бар. Кітапхананың терезелері кең, жарық. Терезелері аулаға қарайды. Кітапханашы өте мейірімді адам. Мектеп оқушылары оны өте жақсы көреді. Қазіргі кезде көптеген жандар ғаламтор қызметін пайдаланса да, бәрібір кітап оқиды. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдердің шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен көбінесе қазақ халқының ақын- жазушыларының шығармаларын оқимын.

2 кезең. Сөздікпен жұмыс. Оқушылар алдарында жатқан мәтіндегі танымайтын сөздерін ақ параққа теріп жазады да тақтаға іліп қояды. Содан соң жаңа сөздер слайды ашылады да балалар танысады. 2 мин.

2 слайд. 3 мин.

Шығарма- произведение

Көбінесе-в основном

Өлеңдер жинағы- сборник стихов

Ұлттық кітапхана- Национальная библиотека

1. Мұғалім оқып береді.

2. Оқушылар қайталайды.

Сергіту сәті

Флешмоб 3мин.

3 кезең. Көптік жалғауларын еске түсіру. Сәйкестендіру. Интербелсенді тақтадағы зат есімдердің сәйкес жалғауын тап. 5 мин.

Мектеп -лар

Көше -дар

Кітапхана -лер

Терезе -лар

Оқушы -тер

Шығарма -лер

Журнал -лар

Ертегі -дар

Ақын -лер

Жазушы -тар

Кітап -лар

-Осы жұмыс арқылы нені үйрендік?

3 мин.

( Бірін-бірі дұрыс жауап арқылы тексереді.)

5 кезең. Екі топ мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді. 2- сұрақтан. 5 мин.

Өздік жұмыс. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар. 5 мин.

  1. Библиотека открыта?

___________________________________________________

  1. У Жанар есть богатая библиотека?

___________________________________________________

  1. Где находится Национальная библиотека?

___________________________________________________

  1. Книгу «Менің атым Қожа» написал Бердибек Соқпақбаев?

___________________________________________________

  1. Это очень интересная книга.

___________________________________________________

  1. Абай Құнанбаев-поэт казахского народа.

___________________________________________________

  1. У тебя есть сборник его стихов?

___________________________________________________

  1. Какая интересная книга!

___________________________________________________

6 кезең. Рефлексия. 3 мин.

Интербелсенді тақтадағы кітапхана суреті бойынша сабақты қорытындылау.

-Бұл ненің суреті?

-Бұл кім?

-Сен кітапханаға барасың ба?

-Онда не үшін барасың?

-Кітаптар бізге не үшін керек?

-Кітаптарды қалай қолдану керек?

-Зат есімнің көптік жалғауларын атаңдар.

Стикеры.

7 кезең. Үй жұмысы. «Кітапхана маңызы» жайлы мәлімет жазып келу.2 мин.

8 кезең. Бағалау. Оқушылар өздерінің бағалау парағы арқылы бағаланады.

Мектеп кітапханасы

Мен №13 орта мектепте оқимын. Мектеп Ломов көшесінде орналасқан. Мектеп екі қабатты. Бірінші қабатында кітапхана бар. Кітапхананың терезелері кең, жарық. Терезелері аулаға қарайды. Кітапханашы өте мейірімді адам. Мектеп оқушылары оны өте жақсы көреді. Қазіргі кезде көптеген жандар ғаламтор қызметін пайдаланса да, бәрібір кітап оқиды. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдердің шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен көбінесе қазақ халқының ақын- жазушыларының шығармаларын оқимын.

Мектеп кітапханасы

Мен №13 орта мектепте оқимын. Мектеп Ломов көшесінде орналасқан. Мектеп екі қабатты. Бірінші қабатында кітапхана бар. Кітапхананың терезелері кең, жарық. Терезелері аулаға қарайды. Кітапханашы өте мейірімді адам. Мектеп оқушылары оны өте жақсы көреді. Қазіргі кезде көптеген жандар ғаламтор қызметін пайдаланса да, бәрібір кітап оқиды. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдердің шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен көбінесе қазақ халқының ақын- жазушыларының шығармаларын оқимын.

  1. Библиотека открыта?

Кітапхана ашық па?

  1. У Жанар есть богатая библиотека?

Жанарда бай кітапхана бар ма?

  1. Где находится Национальная библиотека?

Ұлттық кітапхана қайда орналасқан?

  1. Книгу «Менің атым Қожа» написал Бердибек Соқпақбаев?

«Менің атым Қожа» кітабын Бердібек Соқпақбаев жазған ба?

  1. Это очень интересная книга.

Бұл өте қызық кітап.

  1. Абай Құнанбаев-поэт казахского народа.

Абай Құнанбаев- қазақ халқының ақыны.

  1. У тебя есть сборник его стихов?

Сенде оның өлеңдер жинағы бар ма?

  1. Какая интересная книга!

Қандай қызықты кітап!

X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал