- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему 'Сүйінбай Аронұлы'
Урок по казахскому языку на тему 'Сүйінбай Аронұлы'
Бекітемін
Оқу ісі меңгерушісі: _________________
Сабақ
Сынып : 10
Мерзімі: 10.10.
Пәні: қазақ әдебиеті
Сахыева Н.С.
Сабақтың тақырыбы:
Сүйінбай Аронұлы
Жалпы мақсаты:
С.Аронұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін толықтыру. Сөздік қорларын молайту, сөйлеу тілін дамыту. Мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Білім алуға баулу. Жыраулар поэзиясын дәріптеу.
Оқудың негізгі міндеті:
Теориялық білім бере отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Жеке тұлға қалыптастыру.
Оқытудан күтілетін нәтиже:
Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілі дамиды. Өз ойын толық жеткізе білу, сөйлемді дұрыс құрау, өз бетінше ізденіп оқу қабілеттері артады. Өзіндік бағалау жүзеге асады.
Оқытуда қолданылатын модульдер:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
"Миға шабуыл", кері байланыс, жұптық жұмыстар, "Бас бармақ"
Оқудың ресурстары:
Оқулық-тест, бор, тақта, үлестірме қағаздар, стикер
Сабақ кезеңдері:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушының іс-әрекеті:
Сабаққа кіріспе:
( 1 мин)
Амандасу, сыныптың тазалығына мән беру, оқушыларды түгендеу.
Оқушылар сәлемдеседі. Кезекші сабаққа қатысатын оқушы саны, келмеген оқушы себебі жайлы мәлімет береді.
Ой қозғау бөлімі:
Үй тапсырмасын сұрау: ( 5 мин )
Ү/ж орындалуын тексеру, бағалау.
"Бөрілі менің байрағым" өлеңі
Өз білімдерін пысықтайды.
Топқа бөлу:
( 2 мин)
Фишка арқылы топқа бөлу.
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Психологиялық дайындық , мотивациясын ояту: (2 мин)
Сәтті күн тілеу
Оқушылар бүгінгі жаңа сабақ алдында өз-өзіне деген сенімділіктерін айтып, бір-біріне қуаныш сыйлайды.
Мағынаны тану бөлімі:
Білімдерді актуализация-лау: ( 1 мин)
Егер мен ақын болсам .... жазар едім.
Оқушылар Ттттттт Оқушылар т Оқушылар өз білімдерін
ортаға салады.
Жаңа білім:
27 мин
Сүйінбай Аронұлы
/1822-1895/
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерде дүниеге келген.Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған.Ол жасынан жыраулығымен елге танылған, өлеңге жасөспірім шағынан үйір болып, 13-15 жасынан ақындық жолын қуады.Жамбыл ақын «Менің пірім- Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы- жауынгер, ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. «Өтеген батыр» жырын шығарып, «Мың бір түн», «Шаһнама», «Көроғлы», «Тотының тоқсан тарауы» дастандарын жырлаған.Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігіменел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған.
Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі. Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны:
- елдің тарихи, ел қорғаған батырлар туралы: «Бөрілі менің байрағым», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Ту алып жауға шықсаң сен», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Жақсының тұқымына», т.б;
- адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары: «Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Біз сонаршы түлкі қуған», «Жақсы болса ағайын», т.б;
- халыққа жәбір-жапа шектірген озбырлық жасаушыларды, сараңдарды, екі жүзді опасыздарды сынаған толғаулары, өлеңдері: «Зар жылатып......», «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Әділеттік орнаса», «Момын малын алып беріп», «Ноғайбайға», «Әтекеге», «Қайыпназарға», т.б;
- адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері: «Өлеңдердің нұр сипаты», «Жиырма беспен қоштасу», «Жиырма бестің айтқаны», «Өмір ағысы», «Әуелі кәрілік келіп түрімді алды», т.б.
Сүйінбайдың айтыстары - қазақтың сүре және түре айтыстарының үлгілері: «Сүйінбай мен Қарғаның айтысы» /мысал айтыс/, «Сүйінбай мен Қаңтарбай», «Сүйінбай мен Уәзипа», «Сүйінбай мен Бақтыбай», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстары.
Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы - қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнерлі мектеп.
Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі-өрімі, бейнелігі.
Мәтінді оқып, мазмұнын бір-біріне түсіндіреді.
Қарсы сұрақ қою арқылы тақырыпты меңгереді.
Өлеңді мәнерлеп оқып, негізгі идеясын ашады.
Сабақты қорытындылау:
3 мин
Ыстық орындық әдісі арқылы бекіту.
Тақырып жайлы білімдерін ортаға салады.
Рефлексия
2 мин
Оқушыларға стикер тарату,өтілген сабақ бойынша өз пікірлерін жазуды ұсыну. Кері байланыс орнату.
Оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты ой-пікірлерін стикерлерге жазады. Кері байланыс орнатады.
Бағалау
1 мин.
Қалыптастырушы және жинақтық бағалауды жүзеге асыру.
Оқушылар өзін-өзі және бір-бірін бағалайды.
Үйге тапсырма
1 мин.
Ү/ж түсіндіру.
1. Өлеңді жаттау
Ү/ж күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия