- Учителю
- 5 класс Ас туралы мақалдар
5 класс Ас туралы мақалдар
Сабақтың тақырыбы: Ас туралы мақал-мәтелдер.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
2) Дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
3) Тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: мақал - мәтелдер жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу;
- Кезекшінің мәліметі;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
1 - тапсырма. Ас туралы мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер.
Ас адамның арқауы.
Таңғы асты тастама.
Кешкі асқа қарама.
Дастарқанның басында дұшпан да дос.
Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.
Жоқты бар десең - құт болар,
Барды жоқ десең - жұт болар.
Сыйлап берсе суын іш.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
Дастарханда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.
Өле жегенше, бөле же.
2 - тапсырма. Бір- екі мақалды қолданып, шағын эссе жазу.
3- тапсырма. 1 тапсырмадағы үш мақалдан зат есімдерді теріп жіктеу.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
10 мақал-мәтел жаттау
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау