7


  • Учителю
  • Кратковременный план урока на тему 'Асханадағы ас мәзірі'

Кратковременный план урока на тему 'Асханадағы ас мәзірі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сынып:Күні:

Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаңа мәтінді меңгерту, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойын және тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушының дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру,СТО.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,асханаға байланысты , кеспе, тест тапсырмаматериалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

а) Деңгейлік тапсырмалар.

б) Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Қайталау - оқу анасы,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы»,- демекші балалар,біз сөз таптарын атап өтейік.


Тест жұмысы.

1. Әкесі оның талабына риза болды. Есімдіктің қызметін көрсет.

а)толықтауыш ә)анықтауыш б)пысықтауыш

2.Жатыс септігінде тұрған есімдікті көрсет.

а)өзіме, өзіне ә)өзімді, өзін б)өзімде, өзінде

3. «Орынбасар» сөзі қай сөз табына тән.

а)зат есім ә)есімдік б)шылау

4.Үш есімдік қатысқан сөйлемді көрсет.

а)Өзің маған келіп кетші.

ә) Мен оған сенің жағдайыңды айттым.

б) Өзіңе қолайлы жер ізде.

5.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

а) жетіге ә)алтыға б) екіге

ІІІ. Ой шақыру (қызығушылықты ояту)

Сабақты өлеңімен бастау.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар. Бұл өлең не туралы?

ІҮ. Жаңа тақырып. (60-бет)

Сөздік жұмысын өткізу. (АЙТЫЛЫМ, ОҚЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ әрекеттері) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру.

Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару, мазмұнын түсіну.

ә) Сұрақтарға жауап беру.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, ас мәзірінде не барына назар аудар. Сұрақтарға жауап бер.


2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқта. Қарның ашқанда және шөлдегенде не ішіп, не жейтіндерің туралы әңгімелеңдер.

1. Менің қарным ашқан кезде ... . 2. Мен шөлдеген кезде ... .


Сергіту сәтін өткізу. Жұмбақ шешу.


3-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша мағынасына қарай толықтырып жазыңдар.

Лицей асханасында ас мәзірі күнделікті ... (өзгеріп отырады).


Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талда.

Оқығанмын, аталған.


Бекіту кезеңі. « Кім жылдам?» ойыны. Ас, тағам тақырыбына байланысты мақал-мәтелдермен жарысу. Мысалы: Ас - адамның арқауы. Ас атасы - нан. Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама. Таспен атқанды аспен ат. Дастарқанда наны жоқтың, тамағының дәмі жоқ.

Сабақты қорытындылау (Рефлексия)

Бағалау.

Үйге тапсырма . 5-тапсырма. (61-бет)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал