7


  • Учителю
  • Атырау – екі құрлыққа ортақ қала

Атырау – екі құрлыққа ортақ қала

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 08.12.2016

Сынып: 5 «А», «Б», «В»

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Атырау - екі құрлыққа ортақ қала

Сабақтың мақсаты

Білімдік: Қазақстан қалалары туралы түсініктерін кеңейту,Атырау қаласының тарихымен, жер байлықтарымен таныстыру.

Дамытушылық: тіл байлықтарымен сөздік қорларын толықтыру.

Тәрбиелік: Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы ой ұшқырлығын тәрбиелеу.

Сабақтың тәсілдері:

Білім көздеріне қарай:ауызша, көрнекілікті

Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасына қарай:әңгімелеу, баяндау

Дидактикалық міндеттерге қарай: түсіндіру, тақырыпты бекіту

Оқушының танымдық әрекетіне қарай, мұғалімнің оқу үрдісіндегі қызметіне қарай: түсініктемелі-көрнекілікті

Жұмыс түрлері: жекеше, жалпысыныптық

Көрнекілігі: суреттер, кесте, оқулық

Сабақтың түрі: жаңа сабақты (білімін) бекіту сабағы

Ұйымдастыру кезеңі: Қатыспаған оқушыларды анықтау

Тіл кеңестігін қалыптастыру үшін сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы диалог жүргізу:

Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты ұштастыруда істелетін іс-әрекеттер, жұмыс түрлері: кластер, кесте толтыру, сұрақ-жауап жүргізу (ауызша, жазбаша, тақырыпты бекіту, практикалық тапсырмаларды орындау)

Негізгі бөлім

І. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

Балалар , сендер қандай елде тұрасыңдар?

Иә, біздің еліміз өте үлкен,онда көптеген қалалар бар. Биік таулар, терең өзендер мен теңіздер, қалың орманды өлкелер, кең жазықты далалар бар. Ал енді ойын ойнайықшы . Қандай қаланы білесің ?

Атырау - екі құрлыққа ортақ қала

1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.

  • Атырау қандай қала?

  • Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала.

  • « Атырау» атауына қашан ауыстырылды?

  • 1991 жылы. Оған дейін қала Гурьев деп аталды.

  • Атырау нелермен шектеседі?

  • Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі.

  • Атырау қаласынан қандай өзен ағып өтеді?

  • Танымал Жайық өзені. Жайық қаланы Ероупа және Азия аймақтарына бөледі.

  • Қалада қандай мәдени орындар бар?

  • Облыстық тарихи-өлкетану мен Өнер мұражайлары, Драма театры, Мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, филармония жұмыс істейді.

  • Қала көшелері қандай?

  • Кең, атаулары ерекше: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, т.б.

  • Бұл қаланың ерекшелігі қандай?

  • Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі - қаланың мақтанышы. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.

  • Енді мен Атырау қаласына саяхатқа барамын.

2-тапсырма. Диалогпен септік жалғаулары бар сөздерді бір бағанға, тәуелдік жалғаулары бар сөздерді екінші бағанға үлгі бойынша теріп жазыңдар.

Септік жалғауы Тәуелдік жалғауы

құрлықтарының - І.с. құрлықтары - ІІІ жақ

шекарасында - Ж.с. шекарасы - ІІІ жақ

3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құраңдар.

1 . Атырау қаласы, шектеседі, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресейдің, Астрахань облысымен, және.

2. Қалада, бар, тарихи-өлкетану, мұражайлары, Өнер.

3. Атыраудағы, кітабына, енген, Әлемдік Рекордтар, көпір.

4. Барамын, мен, Атырауға.

Үй тапсырмасы: 4-тапсырма. «Атырау - екі құрлыққа ортақ қала» тақырыбында мәтін құраңдар.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысып отырғандарды бағалаймын.

Күні: 08.12.2016 Қолы:_____________











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал