- Учителю
- разработка на тему: What’s your name? (1 класс)
разработка на тему: What’s your name? (1 класс)
Unit 1. Lesson 2
Сабақтың тақырыбы: What's your name?
Сабақтың мақсаты: What's your name? сұрағын қоюды үйрету. Оқушыларды ағылшын тілінің ерекше дыбыстарымен таныстыру.1-ден 5-ке дейін сан есімдерін үйрену.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті:
Фонетикалық ойын. Балалар бүгін тағыда ақылды қарға бізге ағылшын тілін үйренуге көмектеседі.
Mr. Wise Crow. Оқушылар қарғанынң артынан қайталайды. Еріндерінді дөңгелектеп алға қарай созынқырап, күрт еріндеріңнің арасын ашындар /w/,w/,w/, тілімді шығарып , тісімнің арасынан үрледім /ө/,/ө/.
Үй тапсырмасын дидактикалық ойын арқылы тексеру. Балалар доп лақтырып өздерін таныстырады. Әнді айтады.
Жаңа материалмен жұмыс: Мұғалім өзі: What's your name? деген сұрақ қойып соған өзі жауап береді. My name is….
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу. Listn to your teacher and repeat.
Track 4
Мұғалім:
Hello, children. What's your name?
-My name is Alibek.
2-жаттығу. Listen and sing.
-Енді ән тындаймыз.
Track 5 What's your name?
Балалар осы тақпақты мұғалімдерімен бірге айтады және аударады.
3- жаттығу. Listen and repeat.
Track 6
Оқушыларды 1-ден 5-ке дейін саанауға үйрету.
Сергіту сәті. Денені шынықтыру жатығуларын жасаймыз. Сөздерге сәйкес қимылдармен көрсетеміз.
Hands up! Hands down!
Shake! Shake!
Stand up! On the tiptoes
Turn around. Step aside,
Step Left! Step right!
Дәптермен жұмыс: жұмыс дәптерлеріне бекітун\ге арналған жаттығу жұмыстары орындалады.
1-жаттығу. Оқушылар ер баланы, қызды, мұғалымді тауып қажетті кестеге түрту керек.
2- жаттығу Оқушылар суреттегі заттарды атап санауға тиісті.
Сабақты қорытындылау. Сендер бүгінгі сабақта 1-ден 5-ке дейін санауды үйрендіндер. Өздерінді таныстыруды және дыбыстарды үйрендіндер
Өте жақсы. Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіндер. Well done, children!
Good bye!