7


  • Учителю
  • Отан тақырыбы бойынша сабақ жоспары (5-сынып)

Отан тақырыбы бойынша сабақ жоспары (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Отан (6-сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: басқа ұлт балаларына Қазақстанның рәміздерін жете таныстыру. Оқушылардың білім деңгейін көрсету, ұжымдық білім алуға баулу, жіктік жалғауын қайталау.

Дамытушылық: сыни тұрғыдан ойлануды дамыту, алған білімдерін толықтыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: мемлекеттік рәміздердің мазмұнымен таныстыра отырып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының суреттері, үлестірмелі таратпалар, сызба.

Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап, іздестіру, аударма.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу; сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру; жаңа сабаққа бейімдеу.



II. Үй тапсырмасын тексеру.

Берілген сөздерге жіктік жалғауларын жалға.

Оқушы, мұғалім



III.Жаңа сабақ. Кіріспе сөз:

Сабақтың тақырыбын ребус шешу арқылы табу.Ребусты шешкенде «Отан» сөзі шығады.



Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өбкен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер! - деп, М.Мақатаев жырлап өткендей, туған жердің киелі топырағы кім-кімге де ыстық қой. Ал, біздің қасиетті мекеніміз, туған еліміз Қазақстанның тәуелсіздік алғанына да міне, 20 жыл толды. Олай болса, бүгін осы Отанымыз Қазақстан туралы сөз қозғаймыз.

Алдымен «Отан» туралы өлең жолдарын тыңдайық.

IV.Топ бойынша жұмыс: (оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасайды - I топ «Ақыл» тобы, II топ «Білім» тобы).

1-тапсырма. Сөздерді орыс тіліне аудар.

I топ. Отан - Родина II топ. Рәміз - Символ

Ту - Знамя Әнұран - Гимн

Елтаңба - Герб Астана - Столица

Мемлекет - Государство Тәуелсіз - Независимый

Туған жер - Родная земля Ұлт өкілдері - Представители наций

Мәдениет - Культура Табиғат - Природа



2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

I топ. 1) Сенің Отаның қалай аталады?

2) Қазақстан Республикасы қайда орналасқан?

3) Рәміздерді ата.

4) Қазақстан Республикасында қандай ұлт өкілдері тұрады?

5) Қазақ тілі қандай тіл?

I I топ. 1) Қазақстан қандай мемлекет?

2) Қазақстан республикасы қай жылы Тәуелсіздік алды?

3) Қазақстанның Президенті кім?

4) Ұлттық валюта қалай аталады?

5) Қазақстанда неше облыс бар?



3-тапсырма. Грамматикалық тапсырмалар.

1) Сөздерді жікте.

I топ. Шәкірт II топ. Мұғалім

2) Сөздерді септе.

I. Дүкен II. Мектеп

3) Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.

I. 1.Книги лежат на столе. 2.Кто стоит у доски? 3.Перед домом остоновилась машина.

II. 1.Ручка упала под парту. 2.Я полажил ложку на стол. 3.Возле дома разговаривают люди.



4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқта.

1) Отанға опасыздық еткенің,

(Өз түбіңе өзің жеткенің).

2) Отансыз адам (ормансыз бұлбұл).

3) Отан - елдің анасы,

(Ел - ердің анасы).

4) Отаның тыныш - (сен тыныш).

5) Отан қадіріне жетпеген,

(Өз қадіріне жетпес).

6) Отан - отбасынан (басталады).

7) Опасыз адам (Отанын сатады).

8) Отан үшін күрес - (ерге тиген үлес).



5-тапсырма.Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

- Дәулет, сәлем!

- Сәлем, Дина!

- Дәулет, Отан деген не?

- (Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері).

- Сенің Отаның қалай аталады?

- (Менің Отаным Қазақстан деп аталады).

- Сен қай жерде тудың?

- (Мен Қазақстанда туып-өстім).

- Сенің туған жерің қандай?

- (Менің туған жерім өте әдемі).

V.Бекіту. Отан дегеніміз не ?

Қазақстан Республикасы қайда орналасқан?

Отанымыздың табиғаты қандай?

Рәміздер туралы не білесің?

VI.Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау.

VII.Үйге тапсырма:Отан,туған жер туралы мақал-мәтелдер жинап келу.

VIII.Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал