- Учителю
- Тəрбие сағат Наурыз мерекесі 4 класс
Тəрбие сағат Наурыз мерекесі 4 класс
Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы
«Бекітемін»
Директордың оқу - тәрбие
Ісі - жөніндегі орынбасары
_________ Мустафаев Б.Н.
«__»_________2016ж.
«АВС ағылшын клубы»
Тақырыбы: «Наурыз келді, көктем келді».
Оқытушы: Умарова Н.Ж.
Шымкент 2016
Залдың іші мерекеге арнап безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, балалар! Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге денсаулық, бақыт және ақ мол болсын деп тілейміз. Олай болса, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған ойын сауығымызды бастайық.
Ән: «Көктем»
1 бала:
Балалар - ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.
Қос білекті сыбанып,
Жүгірейік қуанып.
2 бала:
Қыр басына шығайық,
Көктем тілін ұғайық.
Қызғалдақты терейік,
Теріп үйге келейік,
Көбелектей киінген,
Гүлді көріп сүйінген.
3 бала:
Алақайлап жүгірген,
Қып - қызыл бет бүлдірген
Қарындасқа қаршадай
Гүлдің шоғын берейік,
Қуанғанын көрейік.
4 бала:
Қолына алып күлімдеп,
Көктем сыйы бұл гүл деп,
Гүлдендірсін үй ішін,
Жұтсын жұпар иісін.
Би: «Наурыз»
Жүргізуші: Балалар, халық түсінігі бойынша Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр ата аралайды. Бұл түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр ата адамдарға дәулет арытып, бақ қондыратын ақсақал кейпінде көзге көрінуі мүмкін. Қыдыр ата даланы кезе жүріп, назары жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді. Ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Ендеше Қыдыр атаның батасын алайық.
(залға Қыдыр ата кіреді.)
Қыдыр ата:
Армысыңдар, халайық!
Армысыңдар, балалар!
Сендерге арнап көктемде
Қызғалдақты өсірдім,
Қырдан алып ортаға
Еселедім, көшірдім.
Белгісі болсын көктемнің,
Берекесін берсін өткеннің.
Наурыз тойға сыйлық ап
Сендерге бүгін жеткенмін.
Қыдыр ата қызғалтақ гүлдерді сыйлайды.
Жүргізуші: Қыдыр ата үлкен рахмет сыйлығыңызға, енді бізбен бірге мереке тойлауға қалыңыз.
Қыдыр ата: Ия әрине.
Жүргізуші: ән «Достық»
(залға Сақ құлақ кіреді.)
Саққұлақ: жерде жатып ішім пісіп кетті, мына жақта Наурыз мерекесін тойлап жатқандарыңды естіп қалдым. Сендермен бірге тойлауға келіп едім, бірақ құр келмедім, өзімен бірге ойын ала келдім. Келіңдер «Дыбысынан тап» ойынын ойнайық.
Саққұлақ: Тамаша! Сендер мен сияқты саққұлақ екенсіңдер, жарайсыңдар!
Жүргізуші: Балалар, Наурыз атауы бізге ежелгі парсы тілінен келген. Наурыз күні күн мен түн теңеседі. Бұл - жазғытұрғы теңесу. Баяғыда қазақ күнтізбесі бойынша Наурыздың алғашқы күні Жаңа жылдың басы деп біліп, Ұлыстың ұлы күні деп аталған.
1 бала: Наурыз - жыл басы, көктем мейрамы. Шығыс елінің бүкіл халықтық мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мерекесінде Наурыз көже дайындалады, дастарқан жайылады.
2 бала: «Наурыз той»
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді,
Наурыз той салтымыз.
«Көгерсін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Жүргізуші: Дұрыс, тамаша.
«Наурыз» әні орындалады.
(залға Таусоғар кіреді)
Таусоғар: Ал мына жақта Наурыз мерекесін тойлап жатқандарыңды менде естіп қалдым. Сендермен бірге тойлауға келіп едім, бірақ менде құр келмедім, өзіммен бірге ойын ала келдім. Келіңдер «Арқан тартыс» ойынын ойнайық!
Таусоғар: Балалар мен сияқты күштерің көп екен, жарайсыңдар.
Жүргізуші: Балалар, Наурыз мерекесінде Наурыз көже әзірленеді. Наурыз көже аса қасиетті ас болып саналады. Ақ (сүт, айран), қызыл (қысқы соғым ет), дән (бидай, тары, күріш, бұршақ), көк (пияз, сарымсақ, сәбіз), т.б. қосылған. Наурыз көже 7 түрлі дәмнен дайындалады.
-
Тұз.
-
Су.
-
Ақ (құрт, айран)
-
Ет (соғымнан қалған)
-
Кеспе.
-
Бидай (келіге түйілген)
-
Күріш не тары.
3 бала: «Наурыз көже»
Ашық болсын қос қабақ
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Ішілетін, жейтіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
4 бала:
Арпа, бидай, тары бар,
Айран, малта тағы бар.
Ошақта шоқ әлі көп,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
(залға Желаяқ кіріп келеді)
Желаяқ: О, балалар, ұстаңдар мені, аяғыма тасты байлаңдар, әбден шаршадым, көмектесіңдер маған.
(балалар Желаяқты тоқтатады.)
Желаяқ: Мен жүгіргенді жақсы көремін және жылдам жүгіремін. Ал сендер ше?
Жүргізуші: Біз де жүгіріп ойнағанды жақсы көреміз. Ал кәне бәріміз орнымыздан тұрып «Кім тез жүгіреді» ойынын ойнайық.
Желаяқ: Жарайсыңдар балалар, жақсы жүгіреді екенсіңдер, бәрекелді.
Жүргізуші: Би «Наурыз».
Саққұлақ, Таусоғар, Желаяқ: Балалар билерің, әндерің, тақпақтарларың бәрі тамаша бізге қатты ұнады, ал енді біз басқа да балалар мерекені қалай тойлап жатқанын көріп келейік, ал кетерден алдын Қыдыр ата батаңызды берсеңіз.
Қыдыр ата: Ия әрине, рахмет балалар! Бүгінгі мерекеге, сендерге батамды берейін.
Ұлыс оң болсын!
Ақ дегенің мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Қадамын басқан оң болсын,
Жамандықтан қашыңдар,
Жақсылыққа басыңдар!
Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Рахмет сіздерге, сау болыңыздар!
Құрметті қонақтар осымен біздің мерекеміз аяқталды. Келіп, тамашалағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.