- Учителю
- Открытый урок на тему 'Гүлдене бер, менің Қазақстаным!'
Открытый урок на тему 'Гүлдене бер, менің Қазақстаным!'
«№ 12 Жалпы білім беретін мектеп»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кітапхана
Гүлдене бер,
менің Қазақстаным!
Танымдық сайыс
3-ші сынып оқушылары
Жауапты: кітапханашы Шаяхметова С . Б.
Сынып жетекшісі Бликова С.З.
Семей қаласы 2015ж
Сайыстың мақсаты : Қазақстан Республикасы жайында,мағлұмат беру.Қазақстан
Республикасының рәміздері туралы білімдерін көтеру.
Көрнекілігі: Слайд,мақал-мәтелдер,кітап көрме «Тәуелсіздік-ел тірегі»,Рәміздер.
Кітапханашының сөзі - Қош келдіңіздер,құрметті Ұстаздар және оқушылар!
Тәуелсіздік 20 жасқа толған күн -
Мерекесі қазағымның ең ұлы
Мемлекетім дербестігін алған күн
Бәрінен де ардақ тұтар ел мұны.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан респубуликасы өз тәуелсіздігін алды. Биыл
Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды
Слайд . Қазақстан Республикасының рәміздеріне зейін қою.
Сұрақ-жауап сайысы :
1.Қазақстан Респубкикасының Елтаңбасында не бейнеленген? (шаңырақ,жұлдыз,пырақтар,
Қазақстан.)
2.Қазақстан Республикасының Туында не бейнеленген ,Тудың түсі қандай ? (көк түс,күн ,
Қыран құс, ұлтық ою.)
3 . Қазақстан Республикасының Ән ұранын кім жазған ?(Н.Ә. Назарбаев,Ж .Нәжмеденов.
әнін жазған Ш.Қалдыаяқов.
Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтей,қадірлей білейік.
Аленді өзіміздің отанымыз туралы қандай тақпақтар білесің?
1 оқушы.Қазақстан даласы,
Керемет қой,қарашы.
Нұрсұлтандай Елбасы,
Осы жердің баласы.
2 оқушы.Қазақстан атауы,
Мәңгі айтар ұраным.
Ашық аспан төрінде
Қалықтасын қыраны.
3 оқушы.Даңқы артсын Отанымның,
Көп болайық баталы ұлың.
Қыран болып, қанат жайып,
Мекендейтін қазақ шыңын.
4 оқушы.Жап-жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы.
Ақ басты тауы бар
Ақындар ағасы-
Кешкілік қарашы,
Шамдарын санашы
Қызылды -жасылды
Алматы қаласы.
5 оқушы.Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
6 оқушы.Мағыналы ,сымбатты
Бар осындай белгіміз.
Маған,саған қымбатты
Елтаңбасы ол-еліміз.
Ал енді балалар өзіміз Астанамыз жас қала, жаңа қала.Астана Қазақстанның жүрегі.
Сабақ арасында қойылатын сұрақтар.
I Қазақстанның астанасы қалай аталады?( Астана)
II Астана қаласының бұрынғы аттары қалай аталады?
1.Орынбор
2.Қызылорда.
3.Алматы.
4.Астана.
Мақал-мәтелдер сайысы.
1 .Отан оттан да ыстық.
2. Отанды сүйіу отбасынан басталады.
3.Отансыз адам -ормансыз бұл-бұл.
4.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
5Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Көрмемен таныстыру «Тәуелсіздік -ел тірегі»
Қортынды сөз. Біз отанымызды сүйеміз. Ана тілімізді,құрметтеп қастерлейік