- Учителю
- План урока на тему Have you been to central Asia?
План урока на тему Have you been to central Asia?
Сабақтың тақырыбы: «Жирен жаман әдеттен»
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкенді
сыйлауға, көмектесе үйрете отырып, жақсы қасиеттерді бойына
сіңіріп, жаман әдеттен жирен, сезіну, түсініктерін дамыту.
Әдептілік жайлы өмірде көптеген іс - әрекеттерді зерттеп бізге
мағлұмат бере алатын әдептану саласы туралы білу.
Сабақтың түрі: Пікірталас.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жағдайдан шығу, тірек сызбасы арқылы
жинақтау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Абай ата портреті, буклет, үнтаспа, нақыл
сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы "Жирен жаман әдеттен ". Кәзіргі таңда жас өспірімдердің арасынан жаман әдетке бейім жастар молынан кездеседі. Жалпы оқушылар жаман әдеттерге біз нені жатқызамыз? Жаман және жақсы әдеттерді атап көрсете аласындар ма?
Бүгінгі біздің ашық сабағымыз жарыс түрінде өтпек. Ең алдымен оқушылар үш топқа бөлінуі тиіс. Әр топ өзінің тобына ат қояды. Ал жарысты бастайық.
1-тур: Бірінші ойынымызлдың аты " Ойлан да тап ". Әр топтан бір-бір оқушыдан тақтаға шығып, ілінулі тұрған карточкалардан бір данадан алуы тиіс. Бұл карточкаларда жақсы және жаман әдеттерге байланысты мақал - мәтелдер берілген алайда олар толық емес. Оқушылардың міндеті берілген мақал-мәтелдерді аяқтау. Дұрыс аяқтаған оқушының тобына 10 баллдан беріледі.
-
Жақсыдан үйрен...
-
Екі жақсы қосылса өлгенінше дос болар. ..
-
Әдепті бала - арлы бала...
-
Алыстан алты жасар бала келсе...
-
. Кішіден ізет...
-
Әдепті бала ата - анасын мақтатар...
-
Еңбектің наны тәтті...
-
Еңбек етсең...
-
Жалқаудың...
-
Жалқау жатып ішер...
2-тур: Келесі ойынымыз "Сен білесің бе?" деп аталады. Тақтада 10 және 5 баллдық сұрақтар әзірленген. Мен әр топқа таңдаулары бойынша сол сұрақтарды оқимын. Дұрыс тапқат жағдайда балл сол топтың қоржынына түседі.
3-тур: Үшінші ойынымыз "Кім жылдам" деп аталады. Барлық топқа ортақ бір әріп аталады сол әріпке бір минуттың ішінде әр топ барынша тез әрі көп зат есімдер жазуы тиіс. Мысалы: (Ж) жұлдыз, жемпір,жіп, жиде, жакет, жүзім... т.б
Қорытындылау: Әр топтың жарыс барысында жинаған баллдарын есептеп жеңімпазды анықтаймыз.
Қорытынды сөз: Бүгінгі сабағымыздың мақсаты адам оқушыларға әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіріп, оның шырмауынан құтылуды үйрету, қоғамдағы ең жақсы адам - әдепті адам, әдепті адамдар - қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі екенін ұғындыру. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болады.