7


  • Учителю
  • Сыныптар арасында сайыс Үштілдік заман талабы

Сыныптар арасында сайыс Үштілдік заман талабы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





























ҮШТІЛДІК

ЗАМАН ТАЛАБЫ





8-сыныптар арасында сайыс

















</<br>




































Мақсаттары:

Білімділік : қазақ, ағылшын, орыс тілдерін маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру, алған білім деңгейлерін байқау;

Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, мақал мәтелдерді пайдалана білуге үйрету;

Тәрбиелік: оқушылардың ана тілін біліп өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Өзге елдің тілін , мәдениетін, әдебиетін білетін дара тұлға даярлау;

ӨНЕР АЛДЫ - ҚЫЗЫЛ ТІЛ.

ЗНАЙ СЕМЬ ЯЗЫКОВ

KNOW 7 LANGUAGES



1-жүргізуші:

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде «Тілдерге» арналған шара жалғасуда. Бүгінгі оқушылар арасында өтетін «ҮШТІЛДІК ЗАМАН ТАЛАБЫ» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Қазақ, орыс, ағылшын, тілдері жайында сайысымызды бастаймыз.

Оқушылар мұны жақсы ұғайық- қазақ, орыс, ағылшын тілдері құрметтеуге лайық! КӨП ТІЛ БІЛУ- ӨТЕ ҚАЖЕТ БҮГІНДЕ!

Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін білім сайысының жеңімпазын анықтау үшін 5 кезеңнен тұратын ойынымызды көріп тамашалайсыздар.



«Тіл білгірі» сайысымыз басталды,

Білгірлерді , қарсы алайық!





Еліміз көп ұлтты болғандықтан еліміздің әр тұрғыны үш тілді бірдей меңгеретіні анық. Сайысымызды бастамас бұрын тіл құдіретін қастерлей білетін оқушыларымызды шақырамыз.

Ойынымыздың бірінші туры - «Бәйге». Мұнда қазақ, орыс ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Белгі картасын бірінші көтерген оқушы жауап береді, жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі көтерген ойыншы жауап беруге болады.

1 тур«Бәйге» Сұрақтар:

1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

Жауабы: Түркі тілдер тобына

2. 1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

3. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

4. Қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы кім?

Жауабы: А.Құнанбаев

5. Лексикалық қарама-қарсылықты сөз қалай аталады?

Жауабы: Антоним

6. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл?

Жауабы: Ағылшын тілі

2 тур"Полиглот" Мақал - мәтелдерді жалғастыру

( Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)

1.Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)

2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)

3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late)

4. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)

5. Чистота залог …….. (здоровье, денсаулық,health)

7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )

8. Дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend)

Әділ қазылар алқасы сайыскерлеріңізге тиісті ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.

3 тур Ойынымыздың келесі туры «Ғажайып жетілік» Бұл жетілікте қазақ, орыс, ағылшын тілі мен әдебиетінен, қазақстан тарихынан сұрақтар беріледі.

  1. қазақ тілі

Қазақ тілінде қанша септік бар? (7)

2. Қазақ әдебиеті

Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)

3. Орыс тілі

В человеке одно, а у вороны вдвое, в лисе не встретится. А в огороде трое (буква О)

4. Орыс әдебиеті

Назовите автора и произведение, откуда взяты эти строки:

Москва!

Как много в этом звуке

Для сердца русского слилось!

Как много в нем отозвалось…. (А.С.Пушкин «Евгений Онегин»)

6. Ағылшын әдебиеті

«Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісінің авторы кім? ( Льюис Кэролл)

7. Чарльз ханзадасы қандай титулға ие болған? (Уэльс ханзадасы. Шотландия ханзадасы. Англия ханзадасы)

Әділ қазылар 3 турдың бағасын бергенше музыкалық сәлем жолдаймыз.

4 тур - «Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр »

Сайыскерлер қазақ тілінде жаңылтпаштар оқиды.

1.Екеуінің жасы шамалас ,

Бірінің шашы қара шаш ,

Бірінің шашы - ақ шаш аралас.



2.Атам : «Балама ат аламын », - дейді.

Апам :«Балама ала мата аламын», дейді .

Атасы ат ала ма ?

Аапасы ала мата ала ма?



3.Арқада алты арқар бар ,

Қырқада қырық арқар бар .

Қырық арқарда қарт арқар бар ,

Алты арқарда марқа арқар бар .



5тур «Жорға» Бұл турға ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі оқушы қатысады Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 1сұраққа жауап беру керек.

(14 сұрақ)

1-сайыскерге сұрақ:

1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)

2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)

3. «Рождество» қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)

4. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

5. Как называются устойчивые сочетание слов? (Фразеологизмы)

7. Қазақ халқының алғашқы ағартушы педагогы кім? (Ы.Алтынсарин)

2-сайыскерге сұрақ:

1. Қазақ әліппесінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)

2. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез - на отрез)

3. Ағылшын тілінде қанша септік бар? (2)

4. Абай Құнанбайұлының шын аты (Ибраһим)

5. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н» (Несомненно)

7. Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады? ( -лар ,-лер,- дар ,-дер,-тар ,-тер жалғауын жалғайды)



Сайыс қатысушылармен бірге Қ. Мырзалиевтің «Ана тілің - арың бұл» атты өлеңін жатқа айтумен аяқталады.

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!







Ойын жеңімпазы анықталып, сайыскерлер марапатталады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал