7


  • Учителю
  • Конспект урока по казахскому языку 'Кәсіпкерлік' 8 класс

Конспект урока по казахскому языку 'Кәсіпкерлік' 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сыныбы :8 «б»

Тақырыбы: «Шағын, орта және үлкен кәсіпкерлік»

Сабақтың міндеттері:

А. Оқушыларды еңбекті сүюге, іскерлікке, жауапкершілікке бейімдеу;

Ә. Кәсіпкерлік туралы алған білімдерін дамыту, сауатты сөйлеп, өз ойын еркін айта білу дағдыларын дамыту;

Б. Сөйлем мүшелерінен , жай сөйлем түрлерінен алған білімдерін толықтыру, пысықтау;


Сабақтың түрі: аралас сабақ;

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, блиц-турнир, ой тастау, топпен жұмыс, грамматикалық жаттығулар орындау;

Көрнекіліктері: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, сөздері, «Қазақстан-2030» даму стратегиясы кітабы, грамматикалық тірек сызбалар, үлестірмелі карточкалар, мақалдар;

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, экономика


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а. Оқушылармен сәлемдесіп, назарларын сабаққа аудару;

ә. Кезекшімен сұхбат

б. Тіл жаттықтыру: күнделіктерің жазылып жатыр ма? Қандай әсерлеріңді жазып жатырсыңдар? /оқушылардың шығармашылық жұмыстары туралы сұақ-жауап/


  1. Үй тапсырмасын тексеру:

-тексеру : 5.1.6 тапсырманы оқушыларды дәптерлерінен жазған жауаптарын жеке-жеке оқытып, тексеру

- 5.1.7. тапсырманы 1-деңгей оқушыларынан сұрау;

Жақсы, балалар, енді осы өткен тақырыпарымызды пысықтайық:


  1. Өткен тақырыптарды пысықтау: блиц - турнир өткізу:

  • Сөйлем деген не?

  • Айтылу мақсаты мен интонациясына қарай сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?

  • Сөйлем мүшелерін атаңдар

  • Тұрлаулы мүшелерді атаңдар

  • Тұрлаусыз мүшелерді атаңдар

  • Бастауыштың сұрақтары қандай?

  • Баяндауыштың сұрақтары қандай?

  • Анықтауыштың сұрақтары қандай?

  • Еліміз қандай экономикаға бет бұрды?

  • «Қазақстан -2030» даму стратегиясының авторы кім?

  • «Свобода слова» тіркесін аударыңдар

  • Ұзақ сөзінің антонимі

  • «Предприниматель» қазақша қалай болады?

Сонымен, балалар, біз нарықтық экономикаға көштік деп айттық. Сол нарықты жүргізетін адамдарды кімдер деп атайды?

Дұрыс, кәсіпкерлер деп атайды. Cұрақ: Кәсіпкер адам қандай болу керек? Ойланып, өз ойларыңды айтыңдар. Ең негізгі жауапты алу.

Кәсіпкер адам - бәсекеге қабілетті адам. Дұрыс, кәсіпкерлікпен бәсекеге қабілетті адамдар ғана шұғылдана алады екен. Ал, жақсы кәсіпкер болу үшін, ең алдымен , білімді болу керек. /Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне тоқталу/


  1. Жаңа сабаққа кіріспе: а.Сонымен, бүгінгі тақырыбымыз: «Шағын, орта және үлкен кәсіпкерлік» деп аталады.

Ә. Сабағымыздың мақсаты: берілген мәтінді оқып, талдау арқылы кәсіпкерліктің түрлерімен, олардың мақсатымен танысу. Грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы сөйлем мүшелерінен, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен алған білімдеріңді толықтыру.


  1. Жаңа сабақ кезеңі:

а. Сөздік жұмысын жүргізу: оқу, сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру:

-кәсіпкерлік,

- ірі;

- қаржы


Ә. Мәтінмен жұмыс:

- оқу, 3-деңгей - бірінші абзац

1- деңгей - екінші абзац

2- деңгей- үшінші абзац

Б. Мәтінге қатысты сұрақ-жауап жүргізу

В. Мәтінді мазмұндау: 1-дейгейдегй оқушылар мазмұндайды.

Жақсы, мәтін бойынша сұрақ бар ма?


  1. Мәтінге қатысты грамматикалық жаттығулар орындау:

/Дәптермен жұмыс/

тапсырмалар деңгейлік болып келеді, әр деңгейге 3 тапсырмадан беріледі.

Тапсырмаларды орындауға 7-8 минут беріледі, топ басшылары тексереді.

Тақтаға бір оқушы шығып, сөйлем талдайды.


  1. Жаңа сабақты жан-жақты пысықтау:

а. тест сұрақтарына жауап алу,

ә. Бекіту: іскер болу үшін еңбекті сүю керек, еріншектік пен бизнес, кәсіпкерлік деген ұғымдар бір-біріне қарама -қайшы ұғымдар екенін білесіңдер. Еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер? Жақсы, жалпы сабақ бойынша сұрақтарың бар ма ?


  1. Үйге тапсырма беру:


А.мәтіннен зат есім+ етістік, сын есім + зат есім тұлғадағы тіркестерді жазып келу;

Ә.5.2.1. , 5.2.2. тапсырмалар



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал