7


  • Учителю
  • Конспекты по английскому языку на тему 'Degrees of comparison of adjectives' (7 класс)

Конспекты по английскому языку на тему 'Degrees of comparison of adjectives' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: ағылшын тілі

Сынып:7

Тақырыбы:

Degrees of comparison of adjectives

Мақсаты:

Салыстырмалы шырайдың және күшейтпелі шырайдың жасалуы, оның өнімді жұрнақтары мен бір разрядтан екіншісіне ауысуын үйрену.

Күтілетін нәтиже

А) Ережені түсініп, талдайды. Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайларын айта алады.

В) Салыстырмалы және күшейтпелі шырайлар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты ажырата алады.

С)Сөйлем құру барысында шырайларды дұрыс пайдалана алады.


Керекті жабдықтар

Ю.Б.Голицынский Английский язык для школьников КАРО2004. Картинки,фото, компьютер, ресурстар, маркер, флипчарт, смайликтер, стикерлер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

І.Оқушылармен амандасу. Сергіту сәті.

Сын есімнің түрлерін атап, оқушыларды топқа бөлу.

Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,


Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді.

Доппен жалғау арқылы сұрақтарға жауап беру.

Тұсаукесер

ІІІ.Жаңа тақырып.

(1-2 минут)

Оқушыларға сөйлемдердің мағынасы арқылы жаңа тақырыпқа көшу.

Сөйлемді ауызша аудару арқылы жалғасын табу.

Негізгі бөлім



Автобус аялдамасы



Fill in the table(orally)

АКТмен жұмыс

Showdown

Постермен жұмыс.

Бағдаршам




ІҮ.Әр топқа әр түрлі бір-бір ұғым беріледі, 2 минут ішінде әр топ өзінің берілген ұғымына анықтама мен сипаттама береді. 2 минуттан кейін топтар орындарын ауыстырып, барған тобындағы ұғымға қосымша сипаттама немесе түсініктеме жазады.

Ү. Өздік жұмыс:

Сыныптастарыңыз үшін 5 сұрақ жазыңыз (әрбір карточкаға бір сұрақ жазып, жауаптарын артында көрсетесіздер).

Басқа топпен карточкаларды алмасыңыз.

4 адамнан тұрады топтар :

·көшбасшы сіздің топқа берілген сұрақты оқиды.

Топтың қатысушылары жауаптарын қағазға жазып, үлкен саусағын жоғары көрсетеді, ол олардың дайын екендігін білдіреді.

·Көшбасшы белгі бергенде, барлығы жауабын ашады. Топтағы түсініспеушілікті талқылаңыз (егер де келісімге келмесеңіздер, онда сыныптың қалғандарына өтініш білдіру қажет).

Мұғалім тапсырманың орындалу барысын түсіндіреді.

ҮІ.Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланамын.

Мысалы:

·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.


Осылайша әр топ басқа топтардың тапсырмаларын орындап, өзінің орнына қайтып келеді. Өзінің тапсырмасына басқа топтардың жазған сипаттамаларын оқып, соның негізінде өздеріне берілген ұғымның анықтамасы мен сипаттамасын жазады.



Оқушы берілген сөзді үш шырайға қойып табу.



Ноутбуктен сын есімге қатысты сөздерді сөзжұмбақтан шешу.

Оқушылар 5сұрақ жазу керек, басқа топпен карточкаларын ауыстырады.

Топтың қатысушылары жауаптарын қағазға жазып, үлкен саусағын жоғары көрсетеді, ол олардың дайын екендігін білдіреді.



Оқушылар тақырып бойынша алған мәліметтерін флипчартқа суреттеу арқылы түсіре отырып, топпен әңгіме жасайды.

Қорытынды



Үйге тапсырма

ҮІІ.Сұрақтары бар қорап

ҮІІІ.Exercise124,125,126 p99


Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады. Оқушылар дәптерлеріне жазып келеді, келесі сабақта 3топқа бөліп талқылаймыз.

Кері байланыс

(оқушылар рефлексиясы)

ІX.Бүгін мен не үйрендім?

Маған не ұнады / ұнамады?

Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің ...



Бүгінгі сабағымда қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Бұл сөзіме дәлел ретінде оқушыларымның сабаққа белсене араласып, сабақ барысында қойылған сұрақтар мен тапсырмаларды орындап отырғанын айтар едім. Кіріспе бөлімінде оқушылармен амандасқаннан кейін, топқа бөлемін. Үй тапсырмасы доппен сұрақ қойып, жауап беру арқылы тексерілді. Тұсаукесер бөлімінде оқушылар сөйлемдердің мағынасына аударма жасау арқылы, жаңа тақырыпты ашады. Автобус аялдамасы әдісі арқылы тақырыпты бөліп оқып, талдады. Бір-біріне түсіндірді. Жаңа сабақты талдап мағыналы сұрақтар, бір-біріне деңгейі жоғары сұрақтар қойып үйреніп келеді. Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының тегістей сабаққа қатысуына көмектесті. Төмен оқитын оқушыларым да жауап беруге талпынып, ізденеді, топтағы оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнайды. Критерий арқылы бағалаудың тиімділігін ұқтым. Себебі, оқушыларым өз бағаларын өздері бағалау парақтарына жазып, әділ бағалады. Бір-бірінің деңгейін, жинаған ұпайларын айтып отырды. Оқушылар сын есім туралы толық мәлімет алуға флипчарт қорғаудың маңызы зор болды. Сабақ соңы пікірталасқа ұласып, әр бала өз ойларын ортаға салды. Осы әдістерді қолдану барысында байқағаным, сынып оқушылары бір-бірінен қалмауға тырысады, топ мүшелері бір-бірін алға сүйрейді, көмектеседі, сыныпта ынтымақтастық орнайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал