7


  • Учителю
  • Конспект открытого урока по казахскому языку на тему: 'Отбасы'

Конспект открытого урока по казахскому языку на тему: 'Отбасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары: «Отбасы»


Мақсаты: Отбасы мүшелері жайлы түсініктерін ортаға салу. Ата, әже, әке, ана, аға, іні, апа, сіңілі, қарындас сөздерін қазақ тілінде түсініп айта білулерін бекіту. Көркем сөз арқылы сөздік қорларын байытып, сөйлемді дұрыс құрастыра білулерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін, әңгімелеп айта білулерін дамыту. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқоршы бола білуге тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер: Сөздік, корнекілік, ойын, практикалық (тапсырма)


Көрнекіліктер:Ғажайып алаң, доп, суреттер.


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң қонақтар,

Сәлеметсіз бе ұстаздар!

(Балалар шаттық шеңберіне тұрып, амандасады).

Сабақтың барысы: Балалар, бүгінгі біздің сабақ ерекше болады. Себебі, бізге көптеген қонақтар келіп отыр.

-Балалар, біз қай қалада тұрамыз?

-Біз Ақтау қаласында турамыз.

-Балалар бүгін біз «Ғажайып ауылға» саяхатқа барамыз. «Ғажайып ауылға» баруға дайынбыз ба?

-(Балалар «иә» деп жауап береді).

-«Ғажайып ауылға» бару үшін көптеген бекеттерден өтеміз. Сол бекеттерден өту үшін, сіздер әр түрлі тапсырмаларды орындаларыңыз керек. Қане, балалар олай болса, бекетке пойызбен жол тартайық! (Пойыз әні жіберіледі)


1 Бекет. І тапсырма-Өлең: «Ана тілім, қазақ тілім»

Балалар «Ана тілім, қазақ тілім» атты өлеңді жатқа айтады.


Ана тілім, қазақ тілім

Сөйле ана тілінде,

Қазақ тілім, ана тілім.

Бабалардың дана тілі,

Алып күш бар үнінде.


Қ-сы:

Туған елім, ана тілім,

Алтын арай таңындай.

Ана тілім, дара тілім,

Бойымдағы қанымдай.


Сүйем ата - анамды,

Олар маған тәлім берді.

Ана тілім әнін берді,

Нұрландырып санамды.


Қ-сы:

Туған елім, ана тілім,

Алтын арай таңындай.

Ана тілім, дара тілім,

Бойымдағы қанымдай.


Жырла ана тілінде,

Асқар алып тауларында.

Балғын бақша бауларында,

Бұлағындай, гүліндей.


Қ-сы:

Туған елім, ана тілім,

Алтын арай таңындай.

Ана тілім, дара тілім,

Бойымдағы қанымдай.

2 Бекет. ІІ тапсырма- «Отбасы» туралы суретке қарап әңгімелеу.

Франсузова Лиза «Отбасы» жайлы әңгімелеп береді.

-Мынау кім?-деп сураймын

-Мынау - ата.

-Ата туралы тақпақ айта қойшы.


Ата

Ата-үлкен кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз. (Лиза)


Мынау - әже. Әже туралы тақпақ.


Әже

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені,

Өте жақсы көреді.(Аделия)


Мынау -ана.Ана туралы тақпақ.


Ана

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.(Милана)


Мынау - ата. Ата туралы тақпақ.


Менің атам

Аппақ күміс сақалды

Жақсы көрем атамды.

Шахматтан ол бүгін

Менен тағы «мат» алды.(Ариша)


Мынау - мен. Өзін туралы тақпақ.


Мен

Атам не айтса көнетін,

Апам көңіл бөлетін.

Мен-осы үйдің кенжесі,

Бәрі жақсы көретін.(Алия)


Бұлар бәрі кімдер?

Бұлар бәрі отбасы. Отбасы жайлы тақпақ айтшы.


Отбасы

Мой отец родной - әке,

Мама милая - ана,

Моя бабушка - әже,

Добрый дедушка - ата.

Мы живем одной семьей.

Дружим все - и стар, и млад.

И в семье моей большой

Каждый этой дружбе рад. (Алима)

3 Бекет. ІІІ тапсырма - ойын: «Әкең мен анаңның аты - жөні кім?»

Ойынның шарты: Балалар допты бір-біріне беріп, анасының,әкесінің аты-жөнін айтып береді.


4 Бекет. ҮІ тапсырма - «Жұмбақтар»


а) Өзі үлкен кәріміз,

Ардақтаймыз бәріміз. (Ата)


ә) Айналайын дегені,

Жанға рахат береді.

Көңіліңді түсініп,

Ертек айтып береді.

Ол кім балалар? (Әже)


б) Сөйлемейді күледі,

Төрт аяқтап жүреді. (Бөпе)


5 Бекет. Ү тапсырма-«Сергіту сәті»

Балалар сергіту сәтін жасайды

Атам келеді жай жүріп,

Әжем келеді жай еріп.

Жүгіріп бардым оларға,

Көмек бердім қолынан демеп.


6 Бекет. ҮІ тапсырма-«Мақал-мәтелдер»

Балалар отбасы жайлы мақал-мәтелдер айтады.


Ата-бәйтерек,

Бала жапырақ.(Данил)


Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.( )


Бала-адамның бауыр еті.(Арина)


Ата-балаға сыншы.(Лиза.Е)


7 Бекет. ҮІІ тапсырма - «Қимылды ойын» «Алма теру»

Ойынның шарты: Өсіп тұрған алма ағашынан алманы себетке жинайды.


Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін алманың.

Анамызға сыйлайық. (Хормен)


«Ғажайып ауыл»

Балалар «Ғажайып ауылға» келіп жетеді. Онда ата,аже,әке,ана отырады. Амандасып, дастарханға жайғасады. Әжесі дастархандағы тәтті тағамдардың не екенін балалардан сұрайды. Әңгіме дүкен құрады. Себетпен акелген алмаларын апасына береді. Анасы рахметін айтады.


8 Бекет. Тапсырма- « Өлең». «Бәрі мені сүйеді»

Әжем-күнім дейді,

Анам-гүлім дейді.

Атам-жыр әнім дейді,

Әкем-ұланым дейді.


Қ-сы:

Қылығы бар тым тәтті,

Сен баласың қымбатты.

Бар жақсыны үйеді,

Бәрі-бәрі сені сүйеді.


Мықты қылсын көзіңмен,

Риза болып сөзіңнен.

Жаным қағып жүремін,

Сүйетінін білемін.


Ағам-әнім дейді,

Әкем-сәнім дейді.

Жездем-көркемім дейді,

Жеңгем-тентегім дейді.


Қ-сы:

Қылығы бар тым тәтті,

Сен баласың қымбатты.

Бар жақсыны үйеді,

Бәрі-бәрі сені сүйеді.


Мықты қылсын көзіңмен,

Риза болып сөзіңнен.

Жаным қағып жүремін,

Сүйетінін білемін.


Бәрі, сені сүйеді!

Балалар ата, әжесіне арнап өлең айтып береді.


Сабақты қорытындылау: Балалар өздерінің істеген жұмыстарын бағалайды.


Модель арқылы: ойшыл, батыл, ұйымшыл, қамқоршы, зерттеуші, үйлесімді.


Осымен, бүгінгі «Отбасы» тақырыбындағы ашық сабағымыз аяқталды.

Ата

Ата-үлкен кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз.


Әже

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені,

Өте жақсы көреді.


Ана

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.


Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.


Менің атам

Аппақ күміс сақалды

Жақсы көрем атамды.

Шахматтан ол бүгін

Менен тағы «мат» алды.


Отбасы

Мой отец родной - әке,

Мама милая - ана,

Моя бабушка - әже,

Добрый дедушка - ата.

Мы живем одной семьей.

Дружим все - и стар, и млад.

И в семье моей большой

Каждый этой дружбе рад.

Мен

Атам не айтса көнетін,

Апам көңіл бөлетін.

Мен-осы үйдің кенжесі,

Бәрі жақсы көретін.

Ата-бәйтерек,

Бала жапырақ.

Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.

Бала-адамның бауыр еті.

Ата-балаға сыншы.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал