- Учителю
- Күрделі сөздер, тұрақты тіркес, сөз тіркесі сабағы және презентация
Күрделі сөздер, тұрақты тіркес, сөз тіркесі сабағы және презентация
Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер , тұрақты тіркес, сөз тіркесі
Сабақтың мақсаты: Тіліміздегі тіркесті сөздерді түр-түрлеріне қарай ажыратып, ерекшелігіне ,
Мағынасына , атқаратын қызметіне ,жұмсалу қажеттігіне талдау, балалардың
сөз саптасына көңіл бөлу ,көркем сөйлеуге бейімдеу.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс
Пәнаралық байланыс :география ,тарих , музыка, әдебиет.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, плакаттар, суреттер,т.б.
Ұйымдастыру.
Оқушыларды топқа бөлу үшін топ басшыларын сайлатып, өз тобын жинақтату. Әр топ басшылары келесі топ мүшелеріне игі тілек білдіру. 2 минут
Өткен тақырыпты пысықтау, үй жұмысын тексеру. Ол үшін Мақалбай атайдың сұрақтарына мақалмен жауап іздеп, «Аукцион» оқыта үйрету ойыны ойналады. Бұл ойын балалардың ой жүйріктігін артттырып, өткен тақырыпты қайталауға , халық ауыз әдебиеті саласындағы білімдерін тексеруге мүмкіндік береді.Ойын шарты бойынша берілген сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беріп, тіркестерді атау, тіркес түрлеріне жіктеу. (ағаш балға қолданылады) 2 минут
-
Ер неше рет өледі? Қорқақ неше рет өледі? «Ер бір рет, қорқақ мың рет өледі» (бір рет өледі, мың рет өледі. Етістікті тіркес)
-
Қарғыстың ең жаманы не? «Өзің білме, білгеннің тілін алма» (білгеннің тілі- есімді, тілін алма - етістікті )
-
Неден не жаман? «Олақтан салақ жаман» ( Олақтан жаман - есімді)
-
Қыз ненің гүлі? Гүл ненің гүлі? «Қыз өссе елдің гүлі, гүл өссе жердің гүлі»
(елдің гүлі, жердің гүлі - есімді тіркес)
-
Қандай бала сүйкімді? «Өнерлі бала сүйкімді» ( өнерлі бала - есімді)
-
Тауық түс көре ме? «Тауықтың түсіне тары кірер» (тауықтың түсі - есімді,түсіне кірер - ет.)
5 минут
Сонымен сөз тіркесі дегеніміз не екен? Балалар, енді бүгінгі сабаққа келейік. Біздің тілімізде сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер мен тіркестер барын білеміз. Яғни олар да тіркесу арқылы жасалады. Олар тұрақты тіркестер , күрделі сөздер және сөз тіркесі . Дәптерлеріңе тақырыпты жазып қойыңдар .
Тұрақты тіркестерді (фразеологизмдер) біз білеміз , сөз тіркесін өткен сабақта өткенбіз, ал күрделі сөздерге ең кемі екі сөзден тұрғанымен бір ғана мағына беріп, бір сұраққа жауап беретін сөздер жататынын білеміз, әрі үнемі сөйлем талдау, тіркестерге талдау кезінде кездестіріп жүрміз. Кітап бойынша бір рет қарап шығамыз , белгілеріне көңіл аударамыз. Ендеше әр топқа тапсырма беремін. Ол үшін « Сиқырлы гүлдер» ойынын ойнаймыз. Әр топ тапсырмасы өз атына сәйкес келеді. Демек, бір топ тек сөз тіркесіне байланысты , келесі топ тұрақты тіркеске, соңғы топ күрделі сөзге байланысты тапсырмалар орындайды. Соңында сол тақырыпты қорғап, жауап береді. Әр топқа бестен сиқырлы гүл таратылады. Соңында гүлді екіге бөлсе, өз жауаптарын тексеріп, гүлдің сиқырлығына көз жеткізеді. 1 минут
10 минут
Сабақты бекіту үшін «Синквейн» яғни ұйқасты болуы шарт емес бес шумақ өлең құрау.
Мәселен:
Сөз тіркесі (сол тақырыпқа қатысты зат есім)
Толық мағыналы, есімді, етістікті, (екі сөзден тұратын сын есім)
Байланысады, қызмет атқарады, жауап береді,..(үш етістік тақырыпты ашатын)
Толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуы (жүйелі ой білдіретін фраза)
Мағына ( бірінші зат есімді ассоцациялайтын қорытынды)
(Синквейн - 5 шумақты ұйқассыз өлең арқылы жаңа сабақты бекітіп, соңында ережесімен қорыту, белгілерін атау). 7 минут
Кітаппен жұмыс. Жаттығулар жасайық. Үш топқа үш түрлі тапсырмасы бар жұмыс беріледі.Тақтада орындау әр топтан бір адам (35, 36 ,37- жаттығулар) 5 минут
Ой сергіту сәті. «Менің қасиеттерім» 8 минут
« Тұлғаны танып біл» атты балалардың жан-жақтылығын тексеру үшін шығармашылық жұмыс. Бұл үшін әр топқа жекелеген біреуіне бейнефильм , біреуіне белгілі ақын - жазушыларымыздың суреті, бір топқа домбыраның суретін беремін. Плакаттар, ойларын жазуға түрлі парақшалар, қарындаштар, т.б. беріледі. Әр топ постер (өз тақырыбын) қорғайды. Тақырыптарын қорғау кезінде ,әрине ,тұрақты тіркестер, күрделі сөздер, сөз тіркестерін қолдану, кіргізулері , атап өтулері керек. Қорғау кезінде семантикалық карта құрса, өлең шығарып қосса, сурет салып оны ашу арқылы ойларын жеткізіп, тапсырманы орындаса болады.
Сабақты қорыту. Тестпен жұмыс білімдерін нығайта түсу үшін. 5 минут Бағалау. Үй тапсырмасы. «Екі жұлдыз , бір тілек» Балалар, қай жерде жүрмейік, қайда бармайық, қай жерде білім алмайық , қай білім нәрімен сусындамайық біз үшін қасиетті төрт нәрсе бар екен. Ол не? ( Тақтаға қарайық )
Әр адамның өз анасынан басқа
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы , айбыны,
Туған дәстүр, салт -санасы - тірегі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да. ( М.Шаханов)