7


Қазақ әдебиеті 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Қазақ әдебиеті

Сынып: 11

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли мен Тұманбай Молдағалиев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қадыр Мырза Әли мен Тұманбай Молдағалиев арасындағы байланысты түсіндіру.

Дамытушылық: Өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу, мәнерлеп оқу қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Ақын өлеңдері арқылы патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, сөздік.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа назарларын аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» әңгімесі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (1935 жылы туған) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.[1]

Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды

Тұманбай Молдағалиев (20.03.1935 жылы туған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозында дүниеге келді - 10.10.2011, Алматы қаласы) - қазақтың біртуар ақыны. 2011 жылы қазанның 10 күні Тұманбай Молдағалиев дүниеден озды.

1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.

1970-1973 жылдары "Пионер" журналында жұмыс іетеді.

1970-1973 жылдары "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды.

1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар жөне жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын" альманағының бас редакторы.

Тұманбай Молдағалиевтің түңғыш өлеңі "Украина қызына" 1954 жылы жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері" 1957 жылы жарық көрді.

Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. "Кәмила" (1960). "Көктем таңы" (1961), "Алатау қызы" (1963), "Ферюза туралы жыр" (1964), "Зулайды күндер" (1965), "Жүрегім менің сапарда" (1966) т. б. жинақтары шықты.

1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968). "Ескерткіш" (1969), "Шақырады жаз мені" (1970), "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.

Оның "Қош, көктем" атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), "Хаттар" атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді.

Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я - сын Семиречья" (1962), "Первая встреча" (1968), "Новая тетрадь" (1969</) атты өлеңдер жинақтары шықты.

Қадыр Мырза Әли мен Тұманбай Молдағалиев 1992 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік (бірінші) Әнұранының сөзін жазған болатын.

ІV. Қорытынды кезең.

V. Үйге тапсырмасын беру.

Қосымша мәлімет қарастыру.

VІ. Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал