7


Ы. Алтынсарин 'Әке мен бала'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Әке мен бала"


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Ы.Алтынсариннің өмірбаяны туралы түсінік

беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ауыз-екі сөйлеу

қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: "Әке мен бала" әңгімесі арқылы оқушыларды

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілік құралдары: Ы.Алтынсарин портреті, "Әке мен бала

"әңгімесіне арналған мазмұнды сурет,

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. Ауыз-екі әдіс: пікір алысу, диалог

2. Практикалық әдіс: ауызша-жазбаша жаттығу жұмыстары, кластер, тест жұмысы

3. Негізгі әдіс: шығармашылық


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест жұмысы арқылы)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Жаңа сабақты бекіту

V. Өтілген сабақты қорытындылау

VІ. Бағалау


І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздер ме оқушылар?

- Қазір біз бір-бірден мақал-мәтел айтып алайық сосын сабағымызға кірісеміз.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест жұмысы)

- Ал, оқушылар біз осы уақытқа дейін ауыз әдебиеті үлгілерін оқып келдік. Оған нелер жатады кім айтады?

-жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, аңыздар, ертегілер, тұрмыс-салт жырлары жатады.

- Дұрыс айтасыңдар

- Бүгін бізде жаңа тақырып Ы.Алтынсарин "Әке мен бала" әңгімесі, сабағымыздың мақсаты: Ы.Алтынсарин шығармаларымен танысу "Әке мен бала" әңгімесінің негізгі идеясын ашу болып табылады.

-Ал қазір біз өткен материалды қорытындылап алу үшін тест жұмысын жүргізіп лайық.


Ауыз әдебиетін қайталауға арналған тест сұрақтар

1. Ауыз әдебиеті үлгілеріне қайсысы жатпайды?

а. мақал-мәтелдер б. жұмбақ в. жаңылтпаштар с. ертегі

д. Абайдың өлеңдері

2. Ешкі атасын қалай атайды?

а. шопан ата б. шек-шек ата в. зеңгі баба с. ойсыл қара д. қамбар ата

3. Түйе баласын не деп сүйеді?

а. торпағым б. құлыным в. лағым с. боташым д. қоңырым

4. Қойды қалай шақырады?

а. пұшайт-пұпайт б. шөре-шөре в. әуке-әуке с. көс-көс д. құрау-құрау

5. Ертеде адамның ақыл-ойын немен сынайтын болған?

а. жұмбақпен б. мақал-мәтелмен в. жаңылтпашпен с. ертегімен д. тұрмыс-салт жырларымен

6. Қазақ ертегілері неше түрге бөлінеді?

а. 2 б. 3 в. 6 с. 5 д. 4

7. Түлкінің мінезі қандай?

а. айлакер б. қарапайым в. сүйкімді с. сенімсіз д. әлсіз



Кілті:

1д 2б 3с 4а 5а 6б 7а

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


Ы.Алтынсарин 1841ж Қостанай облысы, Затабол кентінде туған. Оның әкесі ерте қайтыс болған. Ыбырайды атасы Балғожа би тәрбиелейді. Ы.Алтынсарин Қостанай Торғай жерлерінде қазақ балаларына арнап мектептер ашты. 1889ж науқастан қайтыс болды. Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала","Қыпшақ Сейтқұл","Жазғытұры", "Өзен", «Кел, балалар оқылық». Біз бүгін Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» деген шығармасына тоқталамыз.

Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері:

  1. Мәтінді оқу

  2. Рөлге бөліп оқу

  3. Мәтінге жоспар құру

  4. Мәтіндегі мақалды табу

Сөздікпен жұмыс:

Таға - подкова, жылқы малының тұяғына тағылады.

Ескі таға - старая подкова

Ала жүр - захвати собой

Иіліп алды - наклонился и взял

Ұста - кузнец

Шие - вишня

Баласына қарамай - не обрашя внимания на сына

Аяңдап жүрді - шли медленно, не спеша

Аузына салды - положил в рот

Жерге түсті - упал на землю

Еріну - поленится

Азға қанағат ету - довольствоватьсямалым

Көптен құр қаласың - останишься ни с чем


Мәтіндегі мақалдың мағынасын ашу

Азға қанағат етпесең

Көптен құр қаласың


ІV. Жаңа сабақты бекіту:


Мәтінге жоспар құру және әңгімелеу

  1. Әке мен баланың егіннен қайтуы

  2. Әкесінің жолда аттың тағасын тауып алуы

  3. Тағаны ұсталарға сатуы

  4. Үш тиынға шие сатып алуы

  5. Шиені баласына бермеуі

  6. Әкесінің баласына айтқан ақылы


V. Сабақты қорытындылау:

Ал, балалар қазір мына тағаны сатып, шиелерді орнына қойуымыз керек. Ойынымыз «Шиені сатып ал» деп аталады. Мына түсіп қалған шиелерді орнына қою үшін, шиенің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап берсек болды.


Шиенің сыртындағы сұрақтар:

  1. Ы.Алтынсарин қай жылы туды?

  2. Ыбырайдың атасы кім болған?

  3. Ы.Алтынсарин қайда туған?

  4. Бүгін біз Ыбырайдың қандай шығармасымен таныстық?

  5. Әңгімесінің тақырыбы не туралы?

  6. Еңбек туралы мақал-мәтел айтып бер?


Сабаққа белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал