7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему 'Мектеп кітапханасы' (6 класс)

Урок по казахскому языку на тему 'Мектеп кітапханасы' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бұл сабақ 6 сыныпта қазақ тілінен "Мектеп кітапханасы" тақырыбында өткізілді. Білімділік: оқушылардың кітапхана туралы алған білімдерін практика жүзінде қолдана білуге ықпал ету, дұрыс сөйлеуге , сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтуге ықпал
предварительный просмотр материала

Байсаматова Жулдыз Мырзабековна

6 сынып Қазақ тілі "А" -12.03.14

Сабақтың тақырыбы: (27-сабақ) Мектеп кітапханасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың кітапхана туралы алған білімдерін практика жүзінде қолдана білуге ықпал ету, дұрыс сөйлеуге , сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтуге ықпал ету;

Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,шығармашылықтарын арттыру, ой- өрісін дамытуға ықпал ету, ұжымдық жұмыс істеу дағдысын дамыту;.

Тәрбиелік: Оқушыларды мектеп туралы сөйлеуге, мектебін құрметтеуге үйрету.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, еліктеу, жұппен, топпен жұмыс, "Кубизм" әдісі, лексикалық ойындар

Көрнекілік: сызба, оқулық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу

ә) сыныпты түгендеу.

"Не ортақ?" ойынын ойнау. Оқушылар көршісімен не ортақ екенін тез тауып айтулары керек..

ІІ. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау.

Сабағымыздың мақсаты: "Мектеп кітапханасы туралы сөйлеуге, сөз бен сөздердің байланысу түрлерін ажыратып, сөз тіркестерін, сөйлемтер құрай алуға үйрету.

ІІІ. Тіл дамыту.

- Осы жылдың қай мезгілі?

- Көктем айлары қандай?

- Көктем мезгілі қандай болды?

- Көктемде қандай мерекелер бар?

- Көктемде құстар не істейді?

- Көктемде адамдар қалай киінеді?

ІҮ. Өткен сабақты еске түсіру, үй жұмысын тексеру.

Мақалдардың жалғасын айту:

1) Өмір - үлкен (мектеп)

2) Мектеп - кеме, білім - (теңіз)

3) Білім - алтын (қазына)

4) Ұстаздан оқушы озар

5) Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.

6) Күш - білімде, білім - кітапта. Ал кітап қайда болады? Кітапханада. Біздің бүгінгі тақырыбымыз "Мектеп кітапханасы"

ІҮ .Жаңа сабақ.

Жаңа сөздермен танысу:

Шығарма - произведение

Көбінесе - в основном

Өлеңдер жинағы - сборник стихов

Ұлттық кітапхана - Национальная библиотека

Кітапханашы - библиотекарь

Мейірімді - доброжелательный

А) жаңа сөздерді тыңдау, қайталау;

Б) жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру;

В) жаңа сөздерді дәптерге жазу.

1. Оқылым 1-т. Мәтінді керекті сөздерді қойып оқып шығу.

Мектеп кітапханасы

Мен №34 мектепте оқимын. Мектеп Дүйсенов көшесінде орналасқан. Мектеп үш қабатты. Бірінші қабатында кітапхана бар. Кітапхана үлкен, кең жарық. Терезелері аулаға қараған. Кітапханашы - өне мейірімді адам. Мектеп оқушылары оны өте жақсы көреді. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдердің ақын-жазушыларының шығармалары, журналдары, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен көбінесе қазақ халқының ақындарының шығармаларын оқуға аламын.

2. Айтылым. Сурет бойынша жұмыс. Тақтада "Мектеп кітапханасы", "Толстой атындағы кітапхана", "Балалар кітапханасы" тақырыбына сурет ілінеді. Сол бойынша сөйлемдер құрастып, өздерінің ойларын тақтада айту.

"Кубик" ойынын ойнау. Сөз тіркестерінен кубиктін сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру.

Мысалы, үш қабат - мектепте үш қабат бар.

Менің әжем - менің әжем мейірімді адам.

Екінші кубикпен ойнау.

Зат есім - зат есім тіркесі бойынша: Асанның күшігі, Алинаның кітабы.

Сын есім - зат есім тіркесі бойыша: Қызық кітап, әдемі көйлек.

Сан есім - зат есім тіркесі бойынша: үш кітап, алты оқушы

Есімдік - зат есім тіркесі бойынша: менің кітабым, сенің күшігің

Зат есім - етістік тіркесі бойынша: қалаға бару, дүкенге бару.

3. Жазылым. Грамматиканы еске түсіру.

Ашық рай

Бұйрық рай

Шартты рай

Қалау рай

Іс-қимылдың
қай шақта екенін білдіру

Іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді

Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.

Қалау, тілекті білдіреді.

Үш шақтың жасалу жолдары

Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы

Етістік +(-са,-се) +жіктік жалғау арқылы.

Етістік + (-ғы,-гі,-қы,-кі) + тәуелді жалғау / кел етістігі

Тапсырмалар:

"Оқу" сөзін өткен шақта қойып жіктеңдер.

"Білу" сөзін шартты райға қойып жіктеңдер.

"Жазу" сөзін қалау райда жіктеңдер

"Қарлы кесек" ойынын жазбаша ойнату:

Кітап - әдемі айна - әдемі айна алды - Алина әдемі айна алды - Алина әдемі айна сатып алды.

Кітап - қызық кітап - қызық кітап көп - Қызық кітап дүкенде көп - Ол көп қызық кітапты дүкеннен көрді.

Сызғыш - қызыл қалам - қызыл қалам берді - қызыл қаламды Айжанға берді - Мұғалім қызық қаламды Айжанға берді.

Ү. Сабақты сұрақтар арқылы бекіту.

Жұмбақтарды шешу

1) 42 аты бар,

Танысыңдар - айтыңдар. (алфавит)

2) Бір қарыс таяқ алдым,

Алдым да, жұмысқа салдым. (қалам)

3) Қаласы бар, үйі жоқ,

Өзені бар, суы жоқ

Орманы бар, бүрі жоқ

Бақшасы бар, гүлі жоқ (карта, глобус)


Сабақта қандай тақырып болды?

Қандай жұмыстар болды?

Кім қалай жұмыс істеді?

Біз сабақта не білдік?

Не білгіміз келеді?



ҮІ. Үй жұмысын беру. Сөздер, мәтінді мазмұндау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал