7


  • Учителю
  • 2 Сынып 'Жазғы және қысқы киімдер'

2 Сынып 'Жазғы және қысқы киімдер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 5сынып

Сабақтың тақырыбы: Жазғы және қысқы киімдер.

Сабақтың мақсаты:

а)білімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың сапалы білім алуын қадағалау.Пән бойынша жан-жақты білім беру.

б)дамытушылығы: Сызба және сурет бойынша сұраққа дұрыс жауап беруге дағдыландыру.Сөздік қорын байыту.

в)тәрбиелігі: Оқушыларды сапалы білім алуға тапсырмалар арқылы бағыттап,саналы түрде білім алуына жағдай жасау,әдептілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,тақырып,доп,киімдер,сөзжұмбақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топпен жұмыс

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, сурет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық. Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, жақсы тілектер айту, оқушыларды екі топқа бөлу.

1-топ «Жаз мезгілі»

2-топ «Қыс мезгілі»

Слайд суреттер бойынша мезгілдерді көрсету. Блум жүйесі бойынша сабақ 4 кезеңнен тұрады.

І.Білемін кезеңі

1.Үй тапсырмасын сұрау.

2. «Зымыран» сұрақтарына жауап беру. /Сөздікпен жұмыс/

ІІ.Зерттей аламын кезеңі

1.Жаңа сөздікпен жұмыс. Сөздерді мұғалім оқиды,оқушылар қайталайды. Ойын арқылы сөздікті пысықтау. Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып,допты екі топқа кезек лақтырады,оқушы допты қағып алып сөздің қазақшасын айтып,допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады.Көп сөз меңгереген топ алғыр атанады.

Мұғалімнің түсіндіруі. Киім атауларымен жұмыс жүргізу.Тыңдалым әрекетін оқылым әрекетімен ұштастыру.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге баса көңіл бөлу.Тапсырмалармен жұмыс

2. «Сән үлгісі» байқауынан жарыс.Оқушыларды сөйлесім әрекетіне жетелеу.

Жазғы сәндік киімдер-« Жаз» тобы

Қысқы сәндік киімдер-« Қыс» тобы

ІІІ. «Білгім келеді» кезеңі.

1. «Бинго» ойыны.Бинго құтысынан шариктерді алу арқылы 2топ оқушылары сұрақтарға жауап беруі керек.

Сұрақтар. -Қыста күн қандай болады?

-Қыста біз қалай киінеміз?

-Жазда күн қандай болады?

- Біз жазда қалай киінеміз?

-Қыста басқа не кию керек?

-Жазда аяққа не кию керек?

2. «Кім тапқыр?» ойыны.Мұғалім сұрағын оқушылар сурет салу арқылы жауап береді.

І-топ.-Қыста қолға не кию керек? /қолғап-варежки/

ІІ-топ.-Жазда үстімізге не киеміз? /көйлек- платье/

Дәптермен жұмыс. 5-тапсырма

Саша не киді? деген сұраққа сөйлемдерді толықтырып жаздыру.

Саша басына қалпақ, қолына қолғап,аяғына етік киді.Саша жылы тон киді.

ІҮ «Білдім» кезеңі. Қисынды ойлау қабілетіне құралған сөзжұмбақты 2 топқа шешкізу.

К

Ө

Й

Л

Е

К

К

И

Е

М

І

Н

Е

Т

І

К

К

И

І

М

Д

О

П

Ж

Е

Й

Д

Е

Ш

А

Р

Ф

1.Платье

2.Одеваю

3.Сапоги

4.Одежда

5.Мячь

6. Рубашка

7. Шарф

Сабақ барысында фишкалар тарату арқылы қай топ көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.Оқушыларды мадақтау.

Ү.Сабақты бекіту.

ҮІ.Қорытындылау.

ҮІ.Үй тапсырмасы: Өзіңнің жазғы және қысқы киімдерін туралы жазып келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал