- Учителю
- Урок 'Таза бұлақ' (8 сынып)
Урок 'Таза бұлақ' (8 сынып)
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы :Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»
Сабақтын мақсаты: 1)білімділік: Ы.Алтынсаринның әңгімелерінің мазмұнын меңгерту, тақырыбын және мазмұнын жан-жақты ашу
2)дамытушылық :оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлесу мәдениетін,сын тұрғысынан ойлауды дамыту
3)тәрбиелік:Оқушыларды еңбекке,адалдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі:дамыта оқыту,баяндау,іздендіру,екі түрлі түсіндірмелу
күнделігі,5 жол өлең стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі:бұлақ көрінісі(слайд),Алтынсарин портреті,сызба-
кесте,үнтаспа,интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,орыс тілі.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі:амандасу,оқушыларға жақсы ті-
лек айту
2 Тіл дамыту жұмысы
3 Қайталау-білім анасы. (өткен тақырыпты қайталау,кластер арқылы
Ы.Алтынсарин туралы әңгімелеу)
-Балалар жаңа атаған Ыбрай атаның өлеңдерінен қайсысын жатқа білесіңдер?(Балалар жаттаған «Кел, балалар,оқылық», «Өзен» өлендерін жатқа айтады.)
Қазақ балалар әдебиетінің атасы,ағартушы,педагог
Торғайда
Ырғызда
аудармашы
Жаңа сабақ:Қызығушылықты ояту(Үн таспадан бұлақ сыбдыры естіледі)
- Ненің дауысы естіледі?
- Ал енді 5 жол өлең стратегиясы бойынша бұлақ деген сөзді талдап көрейік.
1 зат есім бұлақ
2 сын есім
3 етістік
4 сөйлем
5 синоним
-Қалай ойлайсыңдар Самар ауылында бұлақ барма?
-Оның пайдасы неде?
-Бүгін сабақта біз Ыбырайдың» Таза бұлақ» атты жаңа әңгімесін оқып танысамыз,мазмұнын жан-жақты ашып,пікірлерінді айтасыңдар.
Мәтінмен жұмыс : 1) мәтінді мәнерлеп оқу
2) сөздік жұмысы тақтада
Саудагер -купец
жолаушы-путник
ғибрат-совет
мұрат-цель
мағына-значение
тынбай қызмет қыл-трудись неустанно
міндет-обязанность
(Сөздермен сөз тіркес,сөйлем құрастыру)
3) мәтінді рөлге бөліп оқыту ,аудару
4) мәтін бойынша жоспар құрастыру
5) тапсырмалар: А)2 түрлі түсіндірме күнделігі бойынша жұмыстанып өз ойларын қазіргі өмірмен байланыстырып пікірлерін айтады
Өзіңіз таңдаған үзінді,цитатаны оқу
Үзіндіге байланысты өзіңіздің пікіріңіз.
Неге таңдадыңыз? Себебі?
Саудагер:
«Сен де тынбай қызмет қыл,еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма,сөйтсең,ақырында сен де зорайып,мұратыңа жетесің,дегені ме деп білемін»,-деді
Молда айтты:
Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығынды ешкімге міндет етпе
Жігіт айтты:
-Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тұрып :шөп-шалам түсіп,лай-қоқым болса,бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді,бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады
Ә) мәтіннен нақыл сөздерді тауып,дәптерлеріне жазу
Сен де адам
Біреуге жақсылық
Көңілінді
6) Түсінгендерін тексеру кезені сұрақтарға жауап беру
7) Қорытынды кезең
Балалар,шыңындада судың қасиеті зор.Су да табиғаттың бір бөлшегі,бекер айтылмаған сусыз өмір жоқ.Су-тіршілік көзі.Әсіресе Самар ауылының манайындағы өзендер мен көлдерді,бұлақтарды таза сақтауға тырысып лай-қоқым болса ерінбей тазалап,әрқашан да жақсылық жасайық.
Мен сендердің бұлақтын суындай мөлдір,тап-таза,болып өскендерінді тілеймін
8)Оқушылардың білімдерін бағалау
9) Үйге тапсырма: деңгейлік тапсырмалар.
3 дең. Рольге бөліп оқыту
2 дең. Мәтінді мазмұндау
1 дең. Шығарма жазу «Мұратқа жету үшін не істеу керек?»